Доспамбет жырау сабақ жоспары 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Доспамбет жырау сабақ жоспары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Доспамбет жырау сабақ жоспары 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Күні:13 .12.17

Сынып: 9 «Б»

Мектеп: «№2 орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Зейнелхан М

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Доспамбет жырау

Осы мақсатқа жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік беру,

өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге жетелеу. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныту.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

а)Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алу;
ә)Ақынның жырларында көбірек айтылатын туған жері туралы деректер іздеп,табу;

б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін тыңдауға дағдылану

Тілдік мақсат

Мәтін ішіндегі сын есімдерді табу, мағынасына қарай түрлерін анықтау

Алдыңғы оқу

Шалкиіз жырау

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, суреттер, бейнебаян.

Әдіс-тәсілдер

АКТ,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут



Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ. Асан қайғы (ХІҮ-ХҮғ)

2-топ. Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр)

3-топ. Шалкиіз жырау (1465-1560)


1.Ойшақыру.
Интербелсенді тақтадан Б. Тілеухановтың орындауында Доспамбеттің «Айнала бұлақ басы Тең» толғауы тыңдатылды. Қобыз сарыны жыршының зор, әсерлі дауысымен үндескенде оқушыларды тарих қойнауына саяхатқа бастап кеткендей күйге бөлендік.

Сыныпты 3 топқабөлдік.
1)«Ізденгіштер»,
2)«Зерттеушілер»
3)«Сарапшылар»


слайд

Сабақтың ортасы

25минут




.
1).«Доспамбет-жырау,қолбасшы,батыр»
2).«Азаулының Ыстамбулдан несі кем?»
3).«Айдаметке оқ тиді
ІІ..«Рухы өр, мазмұны терең жырларының өзіндік ерекшелігі. »
IIІ.Талдау-табыс кілті

ІҮ:.Салыстыру.
III.Бекітукезеңі.
IV.Үйгетапсырма.
V.Бағалау парағын үлестіру
.

«Ізденгіштер». 1. «Доспамбет - жырау, қолбасшы, батыр»,
Доспамбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты.
1588 жылдың 25-ші шілдесімен таң¬баланған құжатта Доспамбетті “Доспамбет ата” деп хаттаған. Демек, ол сол кезде 60 пен 70 арасындағы ақсақал жастағы адам болған. Жыраудың 1591 жылғы Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520-1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады.
Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Өзі туған Азау қаласын «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?!» деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Және Азау қаласының аты ақын шығармаларында жиі кездеседі.


2
.«Зерттеушілер«АзаулыныңЫстамбулдан несі кем?»
Азаулы қаласының аты өз еңбегін жаңаша жыл қайыруымыздың І-ші ғасырында жазған Страбонда кездеседі. Азик деп хаттаған. Скандинавия жарты аралының жұрты христиандық дәуірге дейінгі құдайын Один деп атаған. “Эдда” дастанының мәтініне жүгінген Н. М. Карамзин: “Эдда аңыздары бойынша скандинавиялық мұсылман Один Азгард қаласының түлегі” дейді
Грек тарихына қатысты деректерден білетініміз: Азақтың Киммерлік Боспор атанғаны, ал Азов теңізінің Меотида делінгені. Меотида саздағында ежелгі заманнан нәсілі алан азық тайпасы орыс жылнамаларындағы касогтармен (қасахтармен) аралас бірге тұрған. Сөйтіп, бұл теңіз жағалауындағы қолтық Азау теңізі, ал ондағы генуялық ежелгі қала Азаулы атанған.
Қара теңіз жағалауын монғолдар меншіктеген кезде Азаулы өзіне кеп құятын Тана өзенінің атымен Тана аталды. Ол Алтын Орданың “оң қанатының” астанасы болды. Византия, Генуя, Венеция саудагерлері Алтын Ордамен осы Тана арқылы сауда жасады.
1462 жылы Махмет паша Константинопольді алып, Византияны күйретті. Кешікпей оның Қара теңіздің терістік жағалауларындағы отары Очаков, Қафа, Тана, Ақерменді өзіне қаратты. Осы кезден бас¬тап Тана қайтадан Азаулы атанып, Тақыт елі, Ноғайлы, Терістік, Кавказ, Мәскеумен сауда-саттық қаласына айналды. Азаулыда түріктің әскері (наместнигі) отырды. Мәскеу князьдігі Азаулыда елшілік және сауда-саттық өкілеттігін ұстатады.
Доспамбет жырау осы Азаулының не сол тараптағы көшпелі тайпаның түлегі. Жыраудың:
Айнала ұлақ, басы Тең,
Азаулының Ыстамбұлдан несі кем.
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ,
Би ұлынан несі кем.
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем – деген жолдарында біраз деректік мәлімет бар (Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 32-б. ). Ол Азаулының ағасы. Қырым тарапында қала, ұлыс, ру басшыларын “аға” деп ұлықтаған. Доспамбет өзін хан нәсіліне де, би нәсіліне де жатқызбайды, Аймадет қауымынан екенін мақтанышпен атайды. Аймадет – Дешті Қыпшақ пен Ноғайлыда кездеспей¬тін ру. Толғаудың “Айнала бұлақ, басы Тең” деуі бекер емес. Тең, Тан, Тана, Дөң, Дон – бәрі бір өзен. Азау теңізіне құятын осы өзеннің бойында туып өскен жыраудың Азаулыны Ыстамбұлмен шендестіре сөйлеуінде мән жоқ емес. Азаулы түрік патшасына бағынышты қала еді. Доспамбеттің Стамбулда болуы да ғажап емес.
Жыраудың “Тоғай, тоғай, тоғай су” толғауындағы:
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кетсем өкінбен, – (Сонда. 34-б. ) деген жолдар ойға қалдырады.
«Сарапшылар» 3. «Айдаметке оқ тиді
Айдаметке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан..., немесе
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ, ...
деген өлең жолдарынан Аймадет сөзін жиі байқаймыз. Сондай-ақ, Доспамбет жырларында үш жерде өз кіндігінен болған ұлдарының аты аталады:
Білмеймін мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін.
(Сонда. 32-б.)
Қосақай, Қосай, ер Досайдың анасы
Хан қызындай сұлтанның. ...
(Сонда, 33-б.)
Есақай, Қосай екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай,
Жылап шықса не айтарсыз? –өлең жолдарында оның ұрпақтары туралы да айтылып кетеді

Жыраудың:
Айнала бұлақ, басы Тең,
Азаулының Ыстамбұлдан несі кем.
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ,
Би ұлынан несі кем.
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем – деген жолдарында біраз деректік мәлімет бар (Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 32-б. ). Ол Азаулының ағасы. Қырым тарапында қала, ұлыс, ру басшыларын “аға” деп ұлықтаған.
Доспамбет өзін хан нәсіліне де, би нәсіліне де жатқызбайды, Аймадет қауымынан екенін мақтанышпен атайды. Аймадет – Дешті Қыпшақ пен Ноғайлы да кездеспейтін ру.

ІІ Оқушы зерттеулері
«Ізденгіштер» . «Рухы өр, мазмұны терең жырларының өзіндік ерекшелігі. »
Доспамбет жыраудың ақындық мұрасы бізге толық жеткен жоқ. Халық ауыз әдебиетінде, жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әр түрлі әдеби жинақтарға енген. Кеңес өкіметі кезінде табылған толғаулары М. Мағауин жинап, құрастырған «Алдаспанда» (1971жылы)жарияланды.
Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге болады. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл, нақышты. Бұқар жырау мен Махамбеттің шығармашылығында Доспамбет әсері айқын байқалады. Оның азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.

«Зерттеушілер» .«Рухы өр, мазмұны терең жырларының өзіндік ерекшелігі. »
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы тең», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.


«Сарапшылар» . «Рухы өр, мазмұны терең жырларының өзіндік ерекшелігі».

Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Доспамбет өлеңдерінен аллитерация, ассонанс, анафора, эпифоралар теріп алу.
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көз түзедім, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Қалаға қабылан жаулар кіргей ме?
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме?

IIІ.Талдау-табыс кілті (әр топ оқушылары Доспанбет өлеңдерінен аллитерация, ассонас, анафора, риторикалық сұрақ табу)


Өлеңнен үзінді

Аллитерация

Ассонанс

Анафора

Риторикалық сұрау








Бейнебаян


Сабақтың соңы

8 минут

Кері байланыс


Маған ұнады

Маған түсініксіз болды

Ұсыныс





III. Бекіту кезеңі.
Ер Доспамбет бейнесін топтастыру арқылы шығару.
1. «Азаудың ер Доспамбет ағасы»
2. «дулыға киген» Доспамбет,
3. «туған айдай нұрланған» Доспамбет,
4. «топ бастаған» Доспамбет,
5. «тоғай қонған» Доспамбет,
6. «ару сүйген» Доспамбет
Үйге тапсырма:Доспамбет толғауын жаттау



Рефлексия

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?Бүгін оқушылар

не білді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2018
2217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі