Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді
Бөлім |
3.3 Гидросфера |
||||||||||||||||
Педагогтың аты-жөні |
Атамбаева С.К. |
||||||||||||||||
Күні |
30.11.2021 |
||||||||||||||||
Сынып |
7 «а» |
Қатысушылар саны Қатыспағандар саны |
|||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы |
||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
7.3.3.3 -Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды |
||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Дүниежүзілік мұхиттар туралы біледі. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін анықтайды. Мұхиттардың бөліктерінің географиялық жағдайын түсінеді. |
||||||||||||||||
Бағалау критерииі |
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын материктерге қатысты орналасуын жоспар бойынша сипаттай алады; Картаны қолдана отырып, кескін картаға дүниежүзі бөліктерін сыза алады, мұхиттарды сипаттай алады. |
||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу |
||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы |
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сабаққа жақсы көңіл-күй тілеу, бірлесіп жұмыс жасауға шақыру. Берілген суреттердің мәнін ашады.
II. Алдыңғы білім: Тақтадағы жасырын сұрақтар Гидросфера деген не? Құрамдас бөліктерін ата Су айналымы деген не? Жер шарында неше мұхит бар және олар қандай мұхиттар? Дүниежүзілік мұхитты алғаш болып жүзіп өткен саяхатшы кім? Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайын қалай сипаттайсың? Дүниежүзілік мұхиттың бөліктеріне не жатады? Таныс емес сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақтан табасыңдар. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру |
Сұрақтарға жауап береді |
ҚБ ауызша мадақтау |
АКТ құрылғысы Слайд |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы |
III. Жаңа сабақтың таныстырылымы
1.Мұхиттардың географиялық жағдайын сипаттау. Мұхит бөліктеріне түсінік беру. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен (178,6 млн км2) әрі ең терең мұхит. Тынық мұхитта бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Атлант мұхиты 92 млн км2 Ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы 8742 м. Үнді мұхиты оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл – ең жылы мұхит. Ең терең жері Ява шұңғымасы 7729 м Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ең терең жері Гренланд теңізінде 5527 м 2. Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта теңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады?). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т. б. теңіздер жатады. Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды. Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы. №1 жұптық тапсырма. Берілген картада мұхиттың қандай бөліктері көрсетілген? Ол қай мұхиттың бөліктері? Оларды картадан тауып көрсетіңіз 1-қатар оқушыларына тапсырма: картада қандай шығанақтар бейнеленген?
2-қатар оқушыларына тапсырма: картада қандай ішкі теңіздер бейнеленген?
3-қатар тапсырмасы: картада қандай бұғаздар бейнеленген?
Дескриптор: -оқушылар картада берілген мұхит бөліктерін атайды; -оларды картадан көрсетеді. №2 тапсырма. Жеке тапсырма: -терминдерге анықтама бер; -терминнің түсіндірмесіндегі түйінді сөзді белгіле -терминнің түсіндірмесін 3 сөзге дейін қысқарт -терминдер арасындағы байланысты анықта
№3-тапсырма топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс. Кесте толтыру. Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға (көлемі, географиялық орны, ерекшелігі, теңіздері, бұғаздары, шығанақтары, қандай құрлықтарды шайып жатқатына) сипаттама береді. Жоспар: мұхит аты – шекарасы - көлемі – ең терең жері – теңіздері – бұғаздары – шығанақтары – Дескриптор: -мұхитпен шекаралас материктерді анықтайды -мұхиттың көлемін анықтайды; -мұхиттың ең терең жерін анықтайды; -мұхитт теңіздерін анықтайды; -мұхит бұғаздарын анықтайды; -мұхит шығанақтарын анықтайды. |
Бейне үзінді көреді Картадан мұхиттар мен мұхит бөліктерінің орнын анықтайды |
ҚБ таяқшамен бағалау Жасыл-өте жақсы Көк-жақсы Қызыл-орташа ҚБ мұғалімнің ауызша бағалауы «жарайсың», «керемет» «әлі де дайындаламыз» ҚБ смайлик арқылы |
https://youtu.be/lvA71KoeMv4 слайд Слайдар Дж физ.картасы |
|||||||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
|
|||||||||||||
Үйге тапсырма |
мәтінді пайдаланып кескін картаға мұхиттар мен олардың бөліктерін белгілеу
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын
сақтау |
|
Саралау: Оқушылардың тақырыпты теориялық тұрғыда жеңіл меңгеруі үшін және негізгі ойды толық түсінуін қолдау мақсатында мына тәсілдерді пайдаландым: 1.Бейнебаян көру , оқулықпен жұмыстану арқылы «Дереккөздер » арқылы сараладым. 2. Веендиограммасы, бинго әдісі арқылы қарқындылын сараладым. 3. «1минуттық әңгіме» арқылы әңгіме-диологқа түседі. |
Сабақ өң бойында оқушыларды алға жетелеу мақсатымда, мадақтап, қолдап отырдым. Оларды дескриптор бойынша, смайликтер, «толық ай, жарты ай, жаңа ай», от шашу әдістерін пайданаландым. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||
|
|||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |