Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні сынып сағаты

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Жаркент қаласындағы орта мектеп» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова З.С

Сынып: 9 Б 03 .02 .2025 ж

Сабақ тақырыбы

4 ақпан – «Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 20-САБАҚ 9- сыныптар: «Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға интернетті жауапкершілікпен және қауіпсіз пайдалану туралы білім беру. Интернеттің пайдасы мен зиянын түсіндіру.

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушылардың интернетке кіру кезінде қауіпті ойындар ойнамау туралы, интернеттің ішіне толығымен кіріп кетпеуді, интернет алайақтарына алданып қалмауларын жеткізу.

Дәйексөз

Жасампаздық – бәрімізге өнеге!

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды «Бір қадам алға, бір қадам артқа» әдісі арқылы , тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жүргіздім.

Оқушылар екі қатарға тұрды.Кезек -кезекпен кішкентай қорапшадағы допшаларды алады. Шыққан ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Әр қойылған сұраққа жауап беру арқылы бір қадам алдыға жүріп отырды. Ал егер сұраққа дұрыс жауап бере алмаса артқа қарай бір қадам жүрді. «Нағыз әлем - бұл қауіпсіз әлем!» екенін түсіндіру мақсатында бүгінгі сабақты бастаймыз.


  1. Сенің досың интернеттен ойын ойнап отыр, ол саған ол ойынның өте қызық екенін айтып қызықтырды. Сені бірге ойнауға шақырды не істер едің?

  2. Интернет арқылы ақша табудың жолын тикток арқылы өте жақсы мағлұмат беріп жатыр, ал сен сол кезде ақшадан қатты қиналып жүр едің. Сенің іс әрекетің қандай болмақ?

  3. Интернеттің пайдасының көп екенін білесің, бірақ зиян деп айтып жатады оған қалай жауап берер едің?

  4. Қазіргі таңда жасанжы интеллектінің неше түрлері бар.Сен соның бірін пайдаланып жасанды интеллектімен сұрақ қойып ,жауап ала бастадың. Бір кезде саған берген жауаптары сенің жүйкеңе тие бастады. Сен не істер едің?

  5. Сенің мегаб бітіп қалды, үйге келсең үйде вай-фай жоқ, қасыңдағы ағаң саған интернет таратып бермей қойды. Саған қатты керек болып тұр сенің іс әрекетің?

  6. Күніне қанша уақыт интернет қарайсың, сен өзіңе есеп беріп көрдіңба

  7. Интернеттен күніне 50 000 табатын бір жұмыс шығып тұр. Бірақ сен сабаққа баруың керек не істер едің?




Сабақтың ортасы

(10 минут)




























15 мин













Ой қозғау (5 минут

Миға шабуыл

Мұғалім: Оқушыларға

Оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, басқалардың денсаулығына зиян келтіруге жол бермеу туралы, Интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік туралы ақпарат берілді. Келеңсіз және оқыс жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін көмек түрлері, қайда баруға болатыны туралы мағлұмат берілді. 

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.



Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.



Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына роликті көре отырып таңдайық.


https://youtu.be/9-2FDWjemLY?si=eumKrgZ6sDjEjnns



Енді сіздерге осы бейнебаян төңірігінде, бейнебаянды талқылау үшін сұрақтар қойғым келіп тұр, ойланып жауап берсеңіздер.

Не байқадыңыз осы бейнебаяннан?

Не ұқтыңыз?

Компьютер сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Компьютер алдында қанша уақыт жұмыс ітеуге болады?

Білім алуымызға компьютердің және интернеттің қаншалықты көмегі бар?

Интернетпен жұмыс істегенде қандай ережені сақтаған жөн?

Компьютерге қандай ойын дискілерін пайдаланған жөн?

Өздеріңіз қандай сайт қолданасыз?

Сізге флешкамен құжат әкелді, оны көшіру үшін бірінші не істеу керек?

Интернет өмірімізге қажет па?

Әлеуметтік желі дегеніміз не?

Қандай әлеуметтік желіні білеміз?

Әлеуметтік желіні қолданасың ба?



Топтық жұмыс



Оқушыларға постер тарқатылады. Оқушылар қауіпсіз интернет туралы өз ойларынан сурет салып, постерлерін қорғап шығады.



І топ. Интернеттің пайдасы. Ұялы телефоның пайдасы



ІІ топ. Интернеттің зияны. Ұялы телефонның зияны









  1. Әрбір бала өмір сүруге құқылы.

  2. Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге бақытты өмір сүруге құқылы.

  3. Әрбір бала өз ойын айтуға құқылы

  4. Өз таңдаған нәрсесін айтуға, спортпен шұғылдануға құқылы

  5. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы

  6. Ата- анасын сыйлауға құқылы

  7. Білім алуға құқылы

Мұғалім: ендеше балалар біз Интернетті өз уақытымен пайдалы жеріне ғана пайдалансақ зиян келтірмейді. Пайдасын іске асырып үйренейік. Зиянды жақтарын ажыратып, өз мүмкіндігімізге ғана пайдалана білейік.


Сабақтың соңы 5 минут


Қорытынды

Осының барлығын қорытып, ой тұжырымдар болсақ, дамыған заманның білімді адамы саналы түрде өзін бақылай білсе, бәрі де орнымен болады. Пайдалы екенін растаймын, зиян шекпеу шараларын ойластыруға болады деп ойлаймын. Ғарышты бағындыратын ұрпақ үшін бұл шешімі табылмас мәселе бола қоймайды. Болашаққа ұмтылған білімді жан үшін алынбайтын қамал жоқ.




Тексерілді.......................

























«Жаркент қаласының орта мектебі»

комунналдық мемлекеттік мекемесі













««Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»


9 «Б» сынып сағаты







Сынып жетекшісі З.С.Оспанова









2024-2025 оқу жылы
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі