Материалдар / Дүниетану пәнінде кейс әдісін қолдану арқылы оқушыларға табиғат құбылыстарын түсіндіру жолдары

Дүниетану пәнінде кейс әдісін қолдану арқылы оқушыларға табиғат құбылыстарын түсіндіру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына арналған кейс әдісін қолданудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты қарастырылады. Кейс әдісі — оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту тәсілі ретінде сипатталады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Бастауыш сынып оқушыларына Кейс әдістерін қолдану


Аңдатпа


Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына арналған кейс әдісін қолданудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты қарастырылады. Кейс әдісі — оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту тәсілі ретінде сипатталады. Мақалада кейс-технологияның негізгі ерекшеліктері мен құрамдас бөліктері, сондай-ақ оны оқу процесіне енгізу жолдары кеңінен сипатталған. Автор кейс әдісі арқылы оқушылардың проблемалық жағдаяттарда шешім қабылдау, ойлану, сараптау және қорытынды жасау қабілеттерінің қалыптасатынын дәлелдейді.

Бастауыш сынып оқушыларының даму факторлары, соның ішінде ақпаратты қабылдау, есте сақтау, және эвристикалық ойлауды қолдану мүмкіндіктері ғылыми зерттеулер негізінде талданған. Индуктивті және дедуктивті пайымдау түрлерінің оқу барысындағы рөлі, оларды дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар мысал ретінде келтірілген. Сонымен қатар, мақалада оқытудың ерекше тәсілдеріне қатысты түрлі ғалымдардың пікірлері мен тарихи-педагогикалық көзқарастары қамтылған.

Мақала барысында оқушылардың оқу процесіне белсенді араласуы, танымдық қызығушылығы мен мотивациясы арта түсетіні атап көрсетілген. Кейс әдісінің көмегімен оқушылар тек білім алып қана қоймай, нақты өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. Осылайша, кейс әдісі бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына, оқу сапасының артуына, және білімнің өмірмен байланысуына ықпал ететін маңызды құрал ретінде қарастырылады.

Аннотация

В данной статье всесторонне рассматриваются теоретические и практические основы применения кейс-метода для учащихся начальных классов. Кейс-метод представлен как эффективный способ обучения, направленный на развитие познавательных, логических и творческих способностей учащихся. В статье подробно описываются особенности и составные элементы кейс-технологии, а также пути ее внедрения в учебный процесс. Автор доказывает, что использование кейсов способствует формированию у школьников навыков принятия решений, анализа и обобщения в проблемных ситуациях.

Факторы развития младших школьников, включая восприятие информации, запоминание и применение эвристического мышления, анализируются на основе научных исследований. Приводятся примеры упражнений и заданий, направленных на развитие индуктивного и дедуктивного рассуждения. Также рассматриваются педагогические взгляды и мнения ученых, касающиеся нестандартных методов обучения.

Отмечается, что использование кейс-метода способствует активному вовлечению учащихся в учебный процесс, повышает их познавательную мотивацию и интерес к обучению. Благодаря кейсам ученики не только получают знания, но и учатся применять их в реальных жизненных ситуациях. Таким образом, кейс-метод рассматривается как важный инструмент, способствующий всестороннему развитию младших школьников, улучшению качества обучения и укреплению связи образования с жизнью.

Annation

This article provides a comprehensive overview of the theoretical and practical foundations of using the case method in teaching primary school students. The case method is presented as an effective instructional approach aimed at developing students’ cognitive, logical, and creative abilities. The article outlines the key features and components of case-based learning and discusses how it can be effectively integrated into the educational process. The author demonstrates that using case scenarios helps students develop problem-solving, analytical, and reasoning skills.

Developmental factors in primary school students—such as information perception, memory retention, and heuristic thinking—are analyzed based on scientific research. The article includes examples of exercises and tasks designed to foster inductive and deductive reasoning. In addition, it presents perspectives from various educators and scholars regarding innovative teaching methods.

It is emphasized that the case method increases student engagement, enhances motivation, and stimulates interest in learning. Through working with case studies, students not only gain knowledge but also learn how to apply it in real-life contexts. Thus, the case method is considered a valuable tool for supporting the holistic development of young learners, improving educational quality, and strengthening the link between schooling and life experience.


 

    1. Кейс әдісіне анықтама


Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқаулар.

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдар.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады.

1. Кейс құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ. кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

2. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

3. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады.

4. Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

5. Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

«d-элементтері» тақырыбы бойынша кейс - технологияға мысал келтірейік.


    1. Бастауыш сынып оқушысының даму факторлары


Катона жүргізген зерттеулер, мәтінді немесе цифрлы жаттаумен салыстырғанда, оқыту ережелерінің тиімдірек екенін анықтады. Зерттеулердің бірінде зерттеушілерге сандар тізбегін мысалы, 816449362516941 жаттауға тапсырма береді. Кейбір білім алушылар сандарды жай ғана жаттап алса, кейбірі оларды қандай да бір белгілер арқылы жаттаған мысалы, «квадрат сандар жайлы ойла».  Жай жаттағандармен салыстырғанда, қандай да бір ережеге сүйенгендердің нәтижесі жоғары болған.

Жай жаттаумен салыстырғанда, ережелер білім алу мен есте сақтау үшін жақсы көмектеседі. Олар затты қарапайым тілмен сипаттайтындықтан, көп ақыл-ой жүктемесін қажет етпейді. Ережелер материалды ұйымдастыруға да көмектеседі. Біз ақпаратты еске түсіру үшін алдымен ережені еске түсіріп, сосын ғана оларды нақтылаймыз.

педагогикадан басқа салалар бұл әдісті басқаша Эвристика деп атайды

 

Проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі — эвристика, яғни шешім қабылдауға арналған ережелерді ең басты ереже қолдану арқылы проблеманы шешуге арналған жалпы әдістер. Полианның проблеманы шешуге қатысатын менталды әрекеттерінің тізімі мынадай:

 

- Проблеманы түсіну.

- Жоспар құру.

- Жоспарды іске асыру.

- Қайта қарау.

 

Проблеманы түсіну негізінен «Не белгісіз?» және «Қандай деректер бар?» деген сұрақтарды қоюды қамтиды. Ол үшін мәселе мен берілген ақпаратты қамтитын диаграмма сызу керек. Біз жоспар құру кезінде өзімізге белгілі деректер мен белгісіздер арасында байланыс орнатуға тырысамыз. Проблеманы бірнеше ұсақ мақсатқа бөлу және осы сияқты басқа мәселелерді қалай шешкенімізді еске түсіру де өте пайдалы. Проблеманы қайта қарастыру да қажет болады. Жоспарды іске асыру кезінде оны қажетті деңгейде іске асыруға көмектесетін әр қадамды жан-жақты қарастырған жөн. Қайта қарау шешімді тексеру дегенді білдіреді: шығарылған шешім дұрыс па? Дұрыс шешім қабылдаудың басқа жолдары бар ма?

 

Брэнсфорд пен Штайн (1984) осыған ұқсас Мінсіз (IDEAL) деп аталатын эвристиканы құрастырды:

 

- Проблеманы анықта.

- Анықталған проблеманы сипатта.

- Ықтимал тәсілдерді қарастыр.

- Тәсілдерді қолданып көр.

- Қайта қарап, әрекеттерінің нәтижесін бағала.

 

Контент таныс емес болса, жалпы эвристиканың пайдасы ерекше болады. Таныс салада олардың тиімділігі төмен, өйткені оқушылар мұндай жағдайда аталмыш салаға қатысты нақты білімдерін қолданады.

Жалпылама білім беруде эвристиканың өзіндік ерекшелігі бар:  олар оқушылардың мәселелерді жүйелі түрде шешуіне көмектеседі. Эвристикалық тәсіл кей жағдайларда банальды болуы мүмкін, бірақ оның икемділігі әр тәсілдің қалай іске асырылуына байланысты. Көптеген оқушылар қолданатын проблеманы шешуге арналған тәсілдерге қарағанда, эвристика жүйелі және дұрыс шешім шығаруға бастайды деп есептейді.

 


2.1 Кейс әдістеріне ұсынылған практика


 Оқушылар проблеманы толық түсіну үшін сұрақ қоя алуы керек. Мұғалім бастауыш сынып оқушыларына пішініне қарап анықтау үшін заттар беруі мүмкін. Оқушылардың проблеманы анықтап, нақтылауына көмек көрсету үшін мұғалім төмендегідей сұрақтар қоя алады:

 

- Сендерге қандай тапсырма берілді?

- Қолдарында қандай зат бар?

- Пішіннің қандай түрлерін білесіңдер?

- Заттардың түсі бөлек болса, пішінге әсер ете ме?

- Заттардың бірі үлкен, бірі кішкене болса, не болады?

- Кейбір заттар жұмсақ, кейбірі қатты болса, не болады?

- Қолдарындағы заттармен не істейміз деп ойлайсыңдар?

 

Оқушылар қандай ақпаратты қолданатынын және қалай қолданатынын түсіндіреді. Проблеманы шешу кезінде оқушыларға қолдау көрсетіп, мұғалім олардың қандай ақпарат маңызды екенін анықтауға көмектесетін сұрақтар қоя алады.

Индуктивті пайымдау деп жалпы ережелердің, қағидалардың және концептілердің негізінде қорытынды жасау процесі аталады. Бұл пайымдау үлгі мен оған қатысты инференция ережелерін анықтауды талап етеді. Адамдар белгілі бір заттардың арасынан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқап, жаңа тәжірибеге сай оларды тексере алатын жалпы ережелерге жеткенде индуктивті түрде пайымдай бастайды. Тиімділігі жоғары болған жағдайда адамдар жалпы ережелерді қолдана береді, ал қарама-қайшылыққа тап келгенде олардан бас тартады.

 

Индуктивті пайымдауды бағалау үшін қолданылатын тапсырмаларға жіктеу, концептіні және аналогиялық проблемаларды жатқызуға болады. Мысалы, балалар жапырақты жинағаннан кейін, түрлі ағаштан алынған жапырақтардың сабағы, тамыры, көлемі және пішіні туралы жалпы қағидаға келуі мүмкін.

 

Дедуктивті пайымдау инференция ережелерін мәселенің шартты үлгісіне қолдану арқылы "нақты бір логикалық шешім бар ма, жоқ па?" деген мәселені тексеруге бағытталады. Адамдар дедуктивті пайымдауда сүйенген жағдайда, олар жалпы концептіден (алғышарт) нақты қорытындыға жету арқылы қорытындының жалпы концепт негізінде орын алып отырғанын анықтайды. Алғышарт дұрыс болса және қорытынды алғышарт негізінде жасалса, дедукция жарамды деп есептеледі.

 

Силлогизм екі алғышарттан және барлығы, ешқайсысы немесе кейбірі сияқты сөздерден тұратын қорытындыдан құралады. Мысалы:

 

Силлогизмдерден мысал келтірейік:

- Кенннің сыныбындағы барлық балалар математиканы жақсы меңгерген.

- Математиканы жақсы білетіндердің бәрі университетке оқуға түседі.

- (Олай болса) Кенннің сыныбындағы барлық балалар университетке оқуға түседі.

Бағалау проблеманы шешудің адекваттылығын анықтауға арналған өлшемді қамтиды. Бағалау кезінде оқушылар:

"Проблеманы шешу үшін қолданылатын деректер жеткілікті ме?";

"Маған басқа ақпарат керек пе?";

"Менің қорытындым фактілерге, пікірлерге немесе дәлелді болжамдарға сүйене ме?" -

деген сұрақтарға жауап беруге тиіс. Багалау кезінде енді не болатынын да шешу қажет, яғни білім алушылар жасаған талдауларын дұрыс деп есептей отырып, болашақ оқиғаларға қатысты тұжырымдар жасауға тиіс.

 

Дедуктивті пайымдау логикадан басқа контенттің де әсер етуі мүмкін. Уейсон (1966) зерттеуінде қатысушылардың алдына төрт карточка қойылады (4, В, 2, 3 деп жазылған). Оларға әр карточканың бір жағында әріп, екінші жағында сан бар деп ұсынылады. Одан кейін келесі шартты срежені оқып береді: «Егер карточканың бір жағында А болса, екінші жағында 2 болуы керек». Қатысушылардың міндеті — кез келген карточканы алып, ережені тексеру. Көптеген қатысушылар А карточкасын таңдаса, кейбірі 2 санын көрсеткен, ал аз ғана бөлігі 3 саны жазылған карточканы таңдаған. Алайда, карточканың екінші жағында А болуы қажет екенін тексеру үшін, олар 3 жазылған карточканы көрсетуі керек еді. Контенті күнделікті генерализациямен алмастырған кезде, әріп = шаш бояуы, сан = көздің түсі, 4 = жирен шаш, 2 = шегір көз деп алған жағдайда көпшілік дұрыс таңдау жасаған . Бұл нәтижелер пайымдау кезінде генерализацияға аса мән бермеу керек екенін, керісінше, білім алушылар түрлі контентпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажеттігін көрсетеді.



2.2 Оқыту мен білім алудың ерекше тәсілдері туралы пікір қалдырған ғалымдар


Аталмыш оқыту кеше ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский, және келтірілген дәйексөздер мен олардың авторлары:

 

- Зина Олиридің ойынша: оқу таяқ секілді. Білім алғанда туған проблема таяқтың бір шеті болса, сол проблеманы шешу таяқтың екінші ұшы болып саналады.

 

- Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз - ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз - оны іздеп табуды үйретеді».

 

- Уоллас (1921) проблеманы шешу жолдарын қарастырып, төмендегідей төрт үлгіні алға тартты:

 

- Дайындық: мәселе жайлы білу және оның ықтимал шешімі болуы мүмкін ақпаратты жинауға қажет уақыт;

- Електен өткізу: мәселе туралы ойланған уақыт. Бұған проблеманы аз уақытқа болса да ысыра тұруды жатқызамыз;

- Шабыт: ықтимал жауап кенет санада орын алатын кезең;

- Тексеру: жауаптың дұрыстығын немесе терістігін тексеріп көру уақыты.

 

- Хели мен Сун (2010) талдау мен шабыт кезеңдерінің бұдан нақтырақ, процеске бағытталған тұжырымдарын алға тартты. Яғни талдау –  ойлау деңгейін жақсартып, сыни қабілеттің артуына көп септігін тигізеді.

 

- Гештальт психологтары адамдар білімінің көпшілігі мағыналы және түйсіктің өзгеріп тұруы арқылы көрініс табады деген пікір білдірді. Білім алушылар көбінесе проблеманы шешу жолдарын егжей-тегжейлі зерттеп алады. Олар мәселе шешілгенге дейін бұл жолдардың барлығын тексеріп көреді. Ал шешім кенет, ойламаған жағдайда орын алуы мүмкін. Проблеманы шешуге талпынған адамдардың көпшілігі мұндай жағдайды бастан өткергендерін айтады. 




Қорытынды

Айтылғандай, проблеманы шешу стратегияларын да жалпы және нақты деп бөлеміз. Жалпы стратегиялар контентіне қарамастан, бірнеше салада қатар қолданылуы мүмкін. Нақты стратегиялар нақты бір салада қолданылады. Мысалы, күрделі проблеманы ұсақ мәселелерге (ұсақ мақсатты талдау) бөлу, курстық жұмыс жазу, негізгі пәнді таңдау және қайда тұратынын анықтау сияқты мәселелерге қатысты қолданылатын жалпы стратегиялар. Алайда зертханалық үлгілерді анықтауға арналған тестілер нақты салаға жатады. Никовский мектебінің мұғалімдері қатысқан кәсіби жетілдіру курсы жалпы және нақты стратегиялардың екеуін де қамтыды. Шешімі нақты емес мәселелер кезінде жалпы стратегияларды қолданған жөн. Жалпы тиімді стратегияларға құрастыру мен тестілеуді, тәсіл мен мақсатты талдауды, аналогиялық пайымдауды және ойталқыны жатқызамыз. Бастапқы үшеуі жайында осы бөлімде айтамыз. Ойталқы туралы осы тарауда кейінірек сөз болады. Контент нақты болған жағдайда салалық тәсілдерге қарағанда, аталмыш жалпы тәсілдер көп көмектесе қоймайды. Қорытындылау кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.


 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Григг Расселл «Бастауыш мектеп мұғалімі», «Ұлттық аударма бюросы» 2020 ж 472 бет

2. Дейл Х. Шунк «Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі», «Ұлттық аударма бюросы» 2019 ж 592 бет

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D0%B9%D1%81_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%96



https://vk.com/wall-135534527_130


21 Мамыр 2025
83
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі