Дұрыс тамақтану – денсаулық
кепілі
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс
тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ
құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс
тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына,
жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның
әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын
тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек.
Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып,
артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін
сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет
қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм
10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып
кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі
шарттары:
1.
Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май)
болуы тиіс.
2.
Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы
тиіс.
4.
Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5.
Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы
керек.
Тамақтану тәртібі
Тамақтану
тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,
сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау
деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі
принциптер енеді.
Бірінші,
тамақтану барысында тәуліктік кесте
белгілеу.
Екінші,
тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде
үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші,
тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын,
оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок,
майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай
алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық
болмайды.
Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде
сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады,
ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады.Осындай
ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын
қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына ,
ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе,
организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде
болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін
сақтағаны маңызды , ал мектептін немесе
КТМ-нің жоғары сыныптарындағы (қурстарындағы)
сабақтарда оларға қойылатын талаптар
жеткілікті жоғары.
Белгілі бір сағаттарда
ғана тамақ ішу маңызды. Бұл жағдайда
ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни
тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан
сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады,
тамақты жақсы қорытуға жағдай
жасалады.
Тамақ ішудің жекелеген
уақыттарды мектептегі сабақтың басталуына,
олардың ұзақтығына, мектеп пен үй
арасындағы жолға кететін уақытқа байланысты
біршама ауысуы мүмкін . Дегенменде бұл
айырмашылық 30-40 минуттен аспауы
керек.
Мектеп ыстық тамақтың міндетті
түрде берілу қажеттілігін атап өткен жөн.
Жоғары сынып оқушылары мектепте 5-6 сағаттан,
егер үйірме, секцияларға және т.б. қатысуға қалатын болса, кейде
одан да көп уақыт болады. Сөйтіп, ертеңгілік
тамақ пен түскі астың арасындағы үзіліс 7
сағатқа, тіпті одан да көпке созылып
кетуі мүмкін.Бутерброд, бәліш, тәтті тағамдар
ыстық асқа деген ағзаның қажеттілігін өтей
алмайды, құрғақтай тамақ жеу де зиянды.
Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану
оқушының үлгерімі мен жұмыс
қабілеттілігінің артуына жәрдемдеседі. Мектептегі
тамақтың сауықтыру әсері тәрбиелеуге мәнмен
үйлестіріледі – болашақ өмірде режим сақтау
әдетін баянды етеді.
Қазіргі
мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын
асханалар бар. Оқушылар санына байланысты тамақ
не сол жерде дайындалады не коғамдық
тамақтандыру орындарынан әкелініп, мектеп асханасында
ысытылады. Өзге бір маңызды талап – көлемі және
калориялығы бойынша қабылдауға тамақты
дұрыс бөлу.
Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын;
түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас
калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей
болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда
ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында
қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады,
май жиналуына себепші болады.Кейде үйықтар
алдында бір стакан айран ішкен пайдалы . Бұл
ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны
жөн.
Дұрыс құрастырылған тамақтану
рационының құрамында сұйықтың жеткілікті
көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі
ауырлық түскенде, жорық күндері ,жазда
сүйық-сусынның қажеттілігі артады , өйткені
тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет
етуі көбейеді. Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу
керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге
де сусындарды шектелген көлемде қабылдау
керек.
Жоғарғы
сынып оқушысынының тамақтану тәртібін
нақты көз алдымызға елестетіп көрелік. Күн
жеткілікті тығыз және калориялы ыстық
таңертеңгілік астан басталады. Бұл дайындауы онша
қиын емес сосиска, жұмыртқа, омлет, ботка, сүт қатылған шәй
немесе кофе, какао, бутерброд болуы
керек.
Екінші таңертеңгілік асты оқушылар
мектептегі үшінші сабақтан кейін, яғни таңертеңгі
бірінші астан кейін 3-3,5 сағат өткеннен
кейін қабылдайды . Бұл ас ет не балығы бар,
гарнирлі ыстық ас және шәй. Түскі асқа салат немесе
венегрет, сорпа, ет не балығы бар гарнирлі екінші тамақ,
компот немесе кисель ұсынылады. Кешкі тамакка сүзбе,сүт,айран,
жеміс-жидек тағамдары желінеді. Кешкі асқа
шөлдетіндей тамақ даярлауға
болмайды.
Балалар
мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып,
дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен
сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс
ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде
метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды
әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті
төмендейді.
Балалардың
тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады.
Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін,
әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет
болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана
қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму,
қалыптасу процесіне қажет.