Материалдар / «Дыбыстар патшалығы»

«Дыбыстар патшалығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ойлан тап» Мақсаты: Сөздегі «Ө» дыбысын танып,оның ерекшелігімен танысу. Артикуляциялық аппаратын, ұсақ қол қимылдарын, зейінін дамыту.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Вариативтік бөлік.

«Дыбыстар патшалығы»

Тақырыбы: «Ойлан тап»

Мақсаты: Сөздегі «Ө» дыбысын танып,оның ерекшелігімен танысу. Артикуляциялық аппаратын, ұсақ қол қимылдарын, зейінін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: 4К моделі , Ашық сұрақтар,Бала үні,Топтастыру,Бақылау,Саралау, «Миға шабуыл», «Мен қандаймын»әдісі, кері байланыс «Алма ағашы» әдісі, «От шашу» әдісі, ойын түрлері.

Ресурстары: Акт,ойын ресурстары.

«Мен қандаймын» әдісі.

Мақсаты: Балалар өздерінің қандай екенін, өз ойларын ашық ,нақты айтады.

(барлық бала өздерінің қандай екенін айтып шығады).

Бала үні.

Айтылым.

Тыңдалым.

Сыни ойлау.

Коммуникативтілік.

Жылулық шеңбері.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

«Миға шабуыл» әдісі.

Жұмбақ жасыру.

Кел,балалар, ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Үйін тордан салады,

Жемін аулап алады.

-Ол не? (өрмекші)

-Өрмекші не ол? – Ол жәндік

-Өрмекші сөзін бәріміз қайталайықшы.

-Қай дыбыстан басталып тұр.

-Ө дыбысынан.

-Онда бәріміз Ө дыбысын айтып көрейік.

-Ө-ө-ө

-Қалай айтылып тұр. Созылып па, әлде тез айтылып тұрма?

-Созылып айтылып тұр.

-Олай болса Ө дыбысы қандай дыбысқа жатады?

-Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

-Қызыл түспен

-Өрмекші сөзін буынға бөлейікші

-Өр-мек-ші

- Неше буын бар?

-3 буын бар.

-Ө- дыбысы қай буында естіліп тұр?

-1- ші буында.

Артикуляция.

– жіңішке, еріндік,ашық,дауысты дыбысты таңбалайтын әріп.

Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ос-ос-ос

Тігіп алдым қос,

Екіге екіні қос.

Өс- өс –өс

Алып берші төс,

Ұқыпты болып өс.

- Мен сендердің қаншалықты «Ө» дыбысын білетіндеріңді көргім келеді.

Құрылымдалған ойын : «Ойлан тап».

Экран арқылы көрсетіледі.

Мақсаты: «Ө» дыбысынан басталатын суреттерді ажырата білуге үйренеді. Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Шарты: Берілген суреттер ішінен «Ө» дыбысы кездесетін суреттерді сызба арқылы қосу.

Құрылымдалған ойын : «Әріпті тізбекте» (балалар жеке жұмыс жасайды)

Мақсаты: Ұсақ қол қимылдары дамиды. Әріпті атап,сөз құрайды,буынға бөледі.

Шарты: Текшеге бауды өткізу арқылы әріпті жазады.Сол әріпке байланысты сөз құрап,буынға бөледі.

Бала үні.

Ашық сұрақтар.

Сыни ойлау.

Айтылым.

Тыңдалым.

Бақылау.

Саралау.

Креативтілік.

Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы

Өрмелеген өрмекші

Өнеріңді көрсетші

Қалай, қайтіп тоқыдың?

Мынау ғажап өрмекті.

(балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды)

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Маймылды тамақтандыр»

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттері артады.Өткен әріптерді бекітеді.

Сыни ойлау, тікелей және құрылымдалған бақылау,өнім арқылы саралау.

Рефлексия.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Бір әріпке,бес жауап».

Мақсаты : Айтылым, тыңдалым және сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Шарты: «Ө» дыбысынан басталатын сөздермен сұраққа жауап береді.

Қаланың аты- Өскемен.

Жәндік- өрмекші.

Жемістің аты- өрік

Қатені жойғыш құрал- өшіргіш.

Автобустың жүретін жолы- көше

Бала үні.

Ашық сұрақтар.

Креативтілік.

Коммуникативтілік.

Құрылымдалған және жанама бақылау.

Мазмұнды саралау.

Қорытынды.

Бағалау.

Мадақтау.

-Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлықтарың оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

«Алма ағашы» әдісі арқылы балалар өздерін бағалайды.

Тәрбиешінің бағалауы: «Көңілді смайликтер»

«От шашу» әдісі арқылы оқу қызметін бағалау.

Күтілетін нәтиже: «Ө» дыбысын танып, оның ерекшеліктерін атап, сөздегі орнын анықтай алады, зейінін, ойлауын, сөздік қорын жетілдіреді.

ЖИ арқылы жасау
17 Тамыз 2021
1062
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі