Материалдар / Дулат Исабеков "Әпке" драмасы

Дулат Исабеков "Әпке" драмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. (Т/Ж2) 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу. (Т/Ж3) Көрсетілген оқу мақсатына құрылған қысқа мерзімді жоспар
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасы. Бауырмалдық



Бөлім:

3-бөлім: Махаббат және абырой

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. (Т/Ж2)

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу. (Т/Ж3)





Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Драманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. Автордың кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерін ажырата алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Көркем шығарманың идеясын ашуда өз ойын еркін жеткізе алады. Үзінділер қолдану арқылы кейіпкерлерге жан-жақты талдау жасайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Шығармашылық жұмыс барысында тақырыпқа сәйкес қосымша мәліметтер келтіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығу-шылықты ояту


7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

«Ыстық алақан» әдісі. Оқушылар көршісінің алақанына өз алақанын тигізе отырып, бір сөзбен жылы лебізін айтады.

2. Топқа бірігу. Қағаз қиындылары арқылы бірігеді. Оқушылар қима қағаздарындағы туыстық атаулар арқылы топтасады.

1. Әпке 2. Іні 3. Сіңілі

3. Үй тапсырмасымен жұмыс.

«Түйінді тоғыз сөйлем» әдісі.

Д.Исабековтің «Әпке» драмасы туралы әр топ 3 сөйлемнен айтады.

ҚБ: Мадақтау сөздері

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин


(Ұ) Бейнеролик көру.

Автордың «Әпке» драмасын жазудағы мақсаты туралы бейнематериал көрсетіледі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Бейнематериал бойынша өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

1) Автордың “Әпке” драмасын жазуға қандай оқиға түрткі болды?

2) Автордың өмір жолы мен драмадағы оқиғаларда қандай сәйкестік кездеседі?

Өз ойларымен бөліседі.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


https://www.youtube.com/watch?v=YYOAyut0xDQ



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.


(ТЖ) «Ой күмбезі» әдісі.

Оқушыларды 3 топқа біріктіре отырып, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу мақсатында 3 топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.


1-топ: «Талқылау» әдісі негізінде берілген кесте бойынша шығарманың тақырыбы, идеясы, жанры мен тәрбиелік мәніне талдау жасайды.

2-топ: Блум таксономиясы бойынша басты кейіпкерге талдау жүргізеді.

3-топ: «321» әдісі бойынша талдау

Шығарма бойынша 3 факт;

Авторға қоятын 2 сұрақ;

Қызығушылық танытқан 1 нәрсе.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі


- Мен түсіндім

- Кейбір тұстарды түсінбедім

- Түсінген жоқпын

Интер-белсенді тақта.

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы.

Кестелер






8 мин





(ЖЖ) «Бірлескен жазылым» әдісі.


Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді. Автордың кейіпкерлерді сомдаудағы мінездеулеріне сипаттама береді.

Оқушылар жұптаса отырып, көркем шығармадан берілген үзінді арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды.

Шығармадан үзінді

Кейіпкерлер

Іс-әрекеттері

Өзіндік баға










ҚБ: «Көршіңді бағала» жұптық бағалауы. Оқушылар жұпта бір-бірінің жұмысын дескрипторға сай бағалайды.

Дескриптор:

Барлығы-3 балл.

-Бірігіп жұмыс жасайды;

-Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдайды;

-Өзіндік баға береді.

Оқулық, жұмыс дәптері


Қима қағаздары




5 мин

ТЖ. «Графикалық диктант» әдісі

Шығарманың мазмұны бойынша «Иә» не «Жоқ» деп жауап беретін 7 сұрақ беріледі.

Иә – 30,

Жоқ – 10 көрсеткіші.


Білім алушылар берілген сұрақ бойынша топта төменде берілген сұрақтарды талдай отырып, белгілеу парағын толтырады

1)Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. (Иә)

2)Бауырлары әпкесін анасындай ардақтамады (Жоқ)

3)Драмада бақыт туралы сөзталас болмады. (Жоқ)

4) Драмада кейіпкер сөздері екпін мен сезімге құрылған (Иә)

5)Қабен Қамажайдың алдын таңдау қойды (Жоқ)

6) Жастардың бейбастық әрекеттеріне Қамажай ашуланды (Жоқ)

7)Автордың нағыз шеберлігін танытқан кейіпкері – Нәзила (Иә)

Қ Б. «Қол соғу»

3 рет – жақсы.

2 рет – орташа. 1 рет – төмен.

Белгілеу парағы






7 мин

(Ж) «Оқиғаға негізделген жазу» әдісі.

Оқушыларға сабақ барысындағы ақпараттарды қолдана отырып, шығарманың мазмұнын қорытындылау мақсатында шағын мақала жазу тапсырмасы беріледі.

Шығармадағы ұлттық құндылықтарды әпке бейнесінен аша отырып «Әпке бауырмалдығы» тақырыбында шығарманың мазмұнына сәйкес шағын мақала жазады.

ҚБ: «Үздік қалам» әдісі арқылы бағалау.


Кері байланыс: Мақала жазуда қиындықтар туындады ма? Неліктен?

Жұмыс дәптері


Қорытын-дылау

3 мин.


Рефлексия.


«Рефлексиялық шеңбер» әдісі.

Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.





Үйге тапсырма:

«Әке-шешесін жоқтатпай, бауырларын мәпелеп баққан әпке еңбегі ақталды ма?» сұрағына жауап бере отырып, әдеби эссе жазады.

Жеке жұмыс:

Оқушылар шеңберде тұрып мұғалім қойған сұрақ бойынша сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

-Сабақ барысында көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Сабақ аяқталғандағы көңіл күйіңіз қандай? Неліктен?

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай электронды журналға 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын қойып бағалайды.















1-топ тапсырмасы:

Тақырыбы:

Ықтимал жауап: Ата-анасынан ерте айырылған жетімдер тағдыры

Шығарманың жанры:

Ықтимал жауап: «Әпке» - драма жанрында жазылған шығарма. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері, сөздері екпін мен сезімге құрылған.

Идеясы:

Ықтимал жауап: Шығарма отбасы татулығы, бауырмалдық, қамқорлық, махаббат секілді адами қасиеттерді дәріптейді

Шығарманың тәрбиелік мәні:

Ықтимал жауап: Шығарма оқырмандарын үлкенді құрметтеуге, отбасындағы татулыққа, бауырмалдыққа, ұл-қыздарымызды жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелейді.



2-топ тапсырмасы: Блум таксономиясы бойынша басты кейіпкерге талдау жүргізу

Білу

Әпке дегеніміз кім?


Түсіну

Әпке нені арман еткенін шығарманың идеясына сәйкес түсіндір


Қолдану

Бүгінгінің әпкелері қандай?


Талдау

Шығармадағы әпке бейнесіне талдау жаса


Жинақтау

Әпкенің отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері туралы тұжырым жаса.


Бағалау

Бауырлар үшін әпкенің орны...




3-топ: «321» әдісі бойынша талдау





Шығарма бойынша

3 факт

1.


2.


3.



Авторға қоятын

2 сұрақ

1.


2.


Қызығушылық танытқан 1 нәрсе

1.













1-топ тапсырмасы:

Тақырыбы:


Шығарманың жанры:


Идеясы:


Шығарманың тәрбиелік мәні:











2-топ тапсырмасы: Блум таксономиясы бойынша басты кейіпкерге талдау жүргізу

Білу

Әпке дегеніміз кім?




Түсіну

Әпке нені арман еткенін шығарманың идеясына сәйкес түсіндір


Қолдану

Бүгінгінің әпкелері қандай?




Талдау

Шығармадағы әпке бейнесіне талдау жаса




Жинақтау

Әпкенің отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері туралы тұжырым жаса.


Бағалау

Бауырлар үшін әпкенің орны...








3-топ: «321» әдісі бойынша талдау







Шығарма бойынша 3 факт

1.



2.



3.





Авторға қоятын 2 сұрақ

1.



2.




Қызығушылық танытқан

1 нәрсе

1.







Белгілеу парағы

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі