Материалдар / ЕББҚ оқушыларына арналған дүниежүзі тарихынан тақырыптық тапсырмалар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕББҚ оқушыларына арналған дүниежүзі тарихынан тақырыптық тапсырмалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
инклюзивті білім беруде қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі, өз-өзіне сенімді болу, құрдастарымен қарым-қатынаста болу, толыққанды білім алу қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру, мүгедек емес балалардың қайрымдылық және түсінушілік қасиеттерін тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз сапалы білім бере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға күш-қуат беріп, рухани әлемдерін кеңейтіп, өмірге деген көзқарастарын жақсарту болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2024
194
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ № 4 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» ШЖҚ МКК









ЕББҚ оқушыларына арналған дүниежүзі тарихынан тақырыптық тапсырмалар жинағы

Жұмыс дәптері (7 сынып оқушыларына арналады)













Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімдері: Ергешбаева З.Х, Дүйсенбекова С.Ш

























Астана қаласы, 2024 жыл









Мазмұны

1. Мазмұны.....................................................................................................2

2. Түсінік хат .................................................................................................3-4

3. Тапсырмалар мазмұны.............................................................................5-7

4. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар...........................................................8-9

Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................148











































Оқу пәнінің 7 сыныптардағы базалық білім мазмұны

1.Жаңа заман дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері :

VII ғасырдың ортасындағы Батыс және Шығыс елдерінде қандай өзгерістер орын алуы

2.Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің ролін сипаттау

3. Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

Өнеркәсіп төңкерісінің себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

4. Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды

тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония); еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру

5. Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне айналды.

6. XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.1.1.3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);

7. XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);

8. Ағартушылық идеяларының таралуы

қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау; Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

9. Ағартушылық идеяларының таралуы

қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау; Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

10. Француз бұржуазиялықреволюциясының көрінісі

1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?

.11. 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?

Тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

12. Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды

13. Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?

тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында); Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

14. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау

15. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру

16. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Танзимат саясаты Осман империясын кү Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

17. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз?

18. Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

19. Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау

20. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

3.2.1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;

7.1.2.1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

21. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;

22. Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

23. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану

24. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

25. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;

26. Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?

Еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау

27. Америка Құрама Штаттарының күшеюі

XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау

28. . Америка Құрама Штаттарының күшеюі Трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау.

29. Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді

АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

30. Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді

Қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау;

31. Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен

өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

32.Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен т

арихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану

33. Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?

тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

34. Ғылыми ойдың дамуы

1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми













Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Тақырыптар атауы



Сағат саны

Мерзімі

есукерту

1

Жаңа заман дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері :

1



2

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

1



3

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

1



4

Ағылшындарсаудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды

1



5

Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды

1



6

XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

1



7

XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

1



8-9

Ағартушылық идеяларының таралуы

2



10

Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі

1



11

1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?

1



12

Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды

1



13

Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?

1



14-16

XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

2



17

XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

1



18-19

Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

2



20-21

Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

2



22

Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады

1



23

XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

1



24-25

XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

2



26

Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?

1



27-28

Америка Құрама Штаттарының күшеюі

2



29-30

Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді

2



31

Суретшілер мен жазушылардың көзқарасыменХХ ғасырдағы өзгерістерге шолу

1



32

Ғылыми ойдың дамуы


1



33

Қайталау

1



34

Қорытынды қайталау






ТҮСІНІК ХАТ

 «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».    

                                                                              (В. А. Сухомлинский)

 Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтікэкономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазіргі тңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары. Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы; тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы; балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы; тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт; әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек.Ерекше білім беруді қажет ететін балалар түрлі жағдайға байланысты болады. Кейбір балалар есіту қабілеті төмен, кейбіреуі көру қабілеті төмен, енді бірінің дене құрылысында мүкістігі болуы мүмкін.Дегенмен алдымызда отырған мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша көңіл бөліп, олардың білімдерін бағалау баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі күнде инклюзивті оқыту біріктірілген  оқушы дені сау балалар сыныбында отырғандықтан,өткізілген әр тақырыпқа байланысты ерекше тапсырманы қажет етеді. Сондықтан әр пән мұғалімі балалардың ерекшелігіне қарай тиімді, жеңіл тапсырмалар беріп бағалауы қажет. Ұсынылып отырған жұмыс дәптерінде дүниежүзі тарихы пәні бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушының өзіндік ойлау қабілеттерімен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін әдіс тәсілдер жеңіл, түсінікті тапсырмалар берілген. Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.


Өзектілігі: инклюзивті білім беруде қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі, өз-өзіне сенімді болу, құрдастарымен қарым-қатынаста болу, толыққанды білім  алу қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру, мүгедек емес балалардың қайрымдылық және түсінушілік қасиеттерін   тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз сапалы білім бере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға күш-қуат беріп, рухани әлемдерін кеңейтіп, өмірге деген көзқарастарын жақсарту болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.



Міндеттері:

1. Оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

2. Тапсырмалар арқылы тарихи терминологияларды меңгерту;

3.Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деге қызығушылығын арттыру

4. Оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

   Күтілетін нәтиже:

 

1. Психофизиологиялық  мүмкіндігі дамиды.

2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.

3. Әлеуметтік – адамгершілік  қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады..

4.Өмірге құштарлығы артады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!