жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
EDCAFE AI КӨМЕГІМЕН САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
«EDCAFE AI КӨМЕГІМЕН САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ»
Жаңабекқызы Аяулым
Жасанды интеллект (ЖИ) - бұл адам интеллектіне еліктеуге қабілетті жүйелерді дамытумен айналысатын информатика саласы. Мұндай жүйелер оқи алады, деректерді талдай алады, шешім қабылдай алады және ақыл-ой әрекетін қажет ететін тапсырмаларды орындай алады. Жасанды интеллект машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу және компьютерлік көру технологияларын қамтиды. Ол медицина, қаржы, автомобиль және киберқауіпсіздік сияқты әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады[1].
Жасанды интеллект білім беру саласында үлкен рөл атқарады, бұл оқытуды жекелендіруге, процестерді автоматтандыруға және білім сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Оның дамуы оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. ЖИ оқушының білім деңгейін талдайды және оның қарқыны мен қажеттіліктеріне бейімделген жеке тапсырмаларды ұсынады. Қазіргі таңда білім беру саласында қолданыстағы жасанды интеллекттер көп. Олар: MagicSchool.ai, Corner.ai, EduEase.ai, Curipod, Gamma, TinyTap, Duolingo, TeacherMatic, School.ai, Edcafe AI және т.б
Сабақты жоспарлау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейіне тікелей әсер ететін мұғалім қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Сабақ жоспары мұғалімге уақытты, ресурстарды, материалдарды және оқыту әдістерін оңтайлы пайдалануға көмектеседі. Сабақ мектеп оқушыларын оқытудың негізгі формасы болып табылады. Сабаққа дайындалу мұғалімнің күнделікті шешетін міндеті оның нәтижелі болу үшін педагогтың кәсіби стандартында берілген әрекеттеріне сәйкес болуы қажет[2].
Сабақты тиімді жоспарлауда көмекші құрал бола алатын жасанды интеллекттің бірі - «Edcafe AI» [3]. Edcafe AI - бұл мұғалімдерге арналған жасанды интеллектке негізделген құралдардың қуатты жиынтығы. Осының арқасында мұғалімдер оқушылармен педагогикалық қарым - қатынасқа көбірек уақыт бөле алады және қағазбастылық азайяды. [2]. Edcafe AI көмегімен сабақты тиімді жоспарлауды 2-сынып «Цифрлық сауаттылық» пәнінің «Компьютердің құрылғылары» тақырыбына қарастырайық. Ол үшін:
Edcafe AI ресми сайтына кіріп, электрондық поштаңызды пайдаланып тіркеліңіз (сурет 1).
1-сурет. Тіркелу беті
Кіргеннен кейін сіз платформаның негізгі басқару тақтасына өтесіз (сурет 2).
2-сурет. Негізгі басқару тақтасы
«Жаңа жасау» батырмасын басу арқылы өзіңізге қажетті құралды таңдай аласыз (сурет 3).
3-сурет. Мәзірден таңдау
Сабақ жоспары: тақырыпты енгізіңіз, білім беру стандарттарын көрсетіңіз және мақсаттары, қажетті материалдары және сабақты өткізудің қадамдық процедурасы бар құрылымдық сабақ жоспарын алыңыз (сурет 4).
4-сурет. Сабақ жоспары
Презентация: тақырыпты көрсетіңіз және қол жетімді шаблондардың бірін таңдаңыз. Edcafe AI сәйкес мазмұны мен суреттері бар слайдтарды автоматты түрде жасайды (сурет 5).
5-сурет. Презентация
Оқу ресурстары: Edcafe AI берілген тақырып бойынша мақалаларды, презентацияларды, бейнелерді және жұмыс парақтарын жылдам таба алады, бұл ресурстарды іздеуге уақытты үнемдейді (сурет 6).
6-сурет. Оқу ресурстары
Edcafe AI сөздік қорын толықтыру және ақпаратты есте сақтау үшін интерактивті карталар жиынтығын жасауға мүмкіндік береді (сурет 7).
7-сурет. Карталар жиынтығы
Edcafe AI-дегі сөздік картасы-бұл жаңа сөздер мен олардың мағыналарын есте сақтауға көмектесетін оқу картасы. Картада сөздіктің суреті, аудиосы, анықтамасы, мысалы, синонимі, аудармасы көрсетіледі (сурет 8).
8-сурет. Сөздік картасы
Кескін генерациясы: жүйе берілген сипаттама бойынша көрнекі материалдарды жасай алады, бұл оқу материалын суреттеуге көмектеседі (сурет 9).
9-сурет. Кескін генерациясы
Edcafe AI мәтінді сөйлетуге мүмкіндік береді, яғни мәтіндік материалдарды жасанды интеллект арқылы дауыстап оқытады (сурет 10).
10-сурет. ЖИ сөйлеуі
Edcafe AI оқушылармен өзара әрекеттесе алатын, олардың сұрақтарына жауап бере алатын және материалды игеруге көмектесетін чатботтарды жасауға мүмкіндік береді (сурет 11).
11-сурет. Чат-бот
Еdcafe AI мұғалімдерге сабақты бекітуге арналған тест сұрақтарын құрып бере алады. Ол үшін тақырып пен сұрақтар санын таңдау жеткілікті (сурет 12).
12-сурет. Тест
Edcafe AI студенттердің белсенділігін арттыруға және материалды түсінуді жақсартуға көмектесетін YouTube бейнелеріне негізделген интерактивті викториналар жасауға мүмкіндік береді (сурет 13).
13- сурет. YouTube бейнелеріне негізделген интерактивті викторина
Барлық жасалған ресурстар Edcafe AI кітапханасында сақталады. Жылдам қол жетімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, материалдарды қалталар бойынша ұйымдастыруға болады.
Нәтижесінде сабақ жоспарын әзірлеу, презентациялар жасау, тесттер құру, интерактивті оқу материалдарын дайындау, мәтінді оқыту, сөздік картасы, карталар жиынтығы, ЖИ кескіні, қолданушы чат-бот мүмкіндіктері арқылы сабақ жоспары және дидактикалық материалдары әзірленді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бостром Н. Искусственный интеллект. Этапы. Угрозы. Стратегии: пер. с англ. С. Филина. — М.: Манн, Иванов и Фербер, 2016. — 96 б.
Шошақ М. Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі:Оқу құралы.-Алматы: Эпиграф, 2019.-220б
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген