Материалдар / "Егемен елдің - еңсесі биік" атты ашық сабағын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Егемен елдің - еңсесі биік" атты ашық сабағын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбында ашық сабақ өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
879
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Егемен елдің – еңсесі биік

Тұлпар шапса, тұяғы талатын, сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ елімізді ата-бабамыз сырт жаулардан қорғап, шекараны белгілеп кетті. Ата-бабамыздың арман-мұраты ұрпақтарының еш елге жалтақтамай, еркін, бейбіт елде өмір сүруі болды емес пе? Сол мақсат бүгінгі күндері орындалып, Қазақ елі тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқан жайы бар. Бұл әрине, Алла тағаланың, екіншіден, айтулы саналы азаматтар еңбегінің жемісі мен жеңісі екені баршамызға белгілі. Осы жайында филология ғылымдарының докторы, академик Ақселеу Сейдімбектің мазмұнды ойына бір ойысайық: «Ұлы Абай айтатын «толық адам», М.Әуезов айтатын «кемел адам», түптеп келгенде, халықтың дәстүрлі талғам-түсінігінің бүгінгі өмірімізбен сабақтасып жатқанын зерделетсе керек.

Туған жер. Тәуелсіздік. Тыныштық. Не деген бақыт десеңші! Осы бақыттың барлығына ие болған мына бізден бақытты адам бар ма екен, сірә?! Бізге бостандық пен еркіндік сыйлаған ата-бабаларымыз ел болашағы мен ұрпақ тыныштығы үшін қаншама сынақтан өтті. Ата-бабамыздың басынан кешкен тар жол тайғақ кешуі бекер болған жоқ. Қазір біз басқа елдермен терезесі теңескен, өз шекарасы, рәміздері мен мемлекеттік тілі бар тәуелсіз елміз! Осы тәуелсіздікті аңсап, егемендігіміз үшін күрескен бабаларымызға алғысымыз шексіз.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды.

Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш-жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Асынған бес қаруын айлап шешпеген еліміз төрт жүздей шабуылды басынан кешірген екен. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық тәлім-тәрбиемен ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіре білмеген болса, мәдениетсіз болып көрінеді. Балалардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту отбасыдан басталып, бала – бақша және мектептердегі жүргізілетін іс-шаралар барысында бойына сіңіреді.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Отанымыздың болашақ дамуына үлес қосатын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз – адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең сезімі. Ұлтжандылыққа баули отырып, қоғамның азаматтық санасын ұштау, әр адамның өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін біліп жүруіне, туған жердің, өскен елдің қадір-қасиетін үнемі сезініп, оны аялай білуге ынталандырамыз. Сол мақсатты ұстана отырып, Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай ZOOM платформасы арқылы тыңдаушылардың қатысуымен «Егеменді елдің – еңсесі биік», «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Тіл-Тәуелсіздік тірегі" атты челленджіне орталығымыздың тыңдаушылары белсене қатысты.

Қорыта айтқанда, жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік».


Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.С.Махметова


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!