Егер де мен мектеп директоры болсам...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егер де мен мектеп директоры болсам...

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушыларға да, мұғалімдерге де көмегі тиеді. Бұл материалды шығарма ретінде де, мақала ретінде де қолдануға болады. Бұл шығармадағы ой өз болашағымыздағы мектепті қалай елестетеміз сол туралы. Бұл шығарма толық қиялдан алынған,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егерде мен мектеп директоры болсам...

Тәуелсіздік алғалы бері елімізде әлемнің небір дамыған мемлекеттерімен қатарлас деңгейде болу үшін, көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алу үшін, білім саласының алатын орны ерекше. Білімді жастарды тәрбиелеу үшін, елімізде білім беру жүйесін заманауи технологиялармен қамтамасыз етіп, ұлттық яғни қазақ мектептерінің санын, сапасын аттыру қажет. Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей, мектеп- білім алдындағы үлкен кеме сияқты. Ал, директор кеменің ішіндегі басқарушы капитан- менеджер сияқты. Оқушылардың қаншалықты білімді болып шығатынына директордың ықпалы зор. Директор оқушылар мен оқытушылардың мектеп ішіндегі білімдерін жоғарылатуға жағдай жасайды. Мектептің іші- сыртына, директор мен оқытушыларына қарап, оқушылардың қаншалықты білімді болатынын білуге болады деп есептеймін. Біраз жылдар өткен соң, қазақстанның мектептері электронды оқыту жүйесіне көшетініне кәміл сенімдімін. Электронды оқыту жүйесімен толық қамтылған, ең алғашқы мектеп менің мектебім болады. Сол мектептің дамуына байланысты алға қойған жоспарларым көп. Егерде мен мектеп директоры болсам, онда мен 2028 жылы 1 қыркүйектен бастап, Астана қаласындағы "№7 қазақ тіліндегі электрондық гимназиясы " мектебінің директоры болар едім.

Менің мектебімнің ерекшелігі:

1. Мектебімнің ғимараты киіз үй формасында арнайы шебер қазақ архитекторының дизайнымен салынған, 5 қабатты, 3000 оқушыға арналады. Мектеп бойынша 3 күзетші, екі қабатты 3 автобусы болады.

2.Оқушылар болашақтағы мамандығы бойынша мектепте тәжірбие өтеді. Яғни, мұғалім болғысы келсе, мұғалімді бақылайды, журналист мектеп жаңалығын жазады, офицер мектеп тәртібін қадағалайды тағыда басқа мамандықтар бойынша тәжірбие жинақтайды.

3. Менің мектебімде жоғары білімді мұғалімдер, оқушыларға өте қатты ұрыспайтын және де жан-жақты, көркем құралдарды көп қолдана білетін мұғалімдер жұмыс істейді.

4. Әр сыныптарда интрактивті тақта және әр оқушының партасында ноутбук беріледі. Баға қойылатын журнал электронді түрде болмақ және оқушылардың алған бағасын ата-аналарының электрондық поштасына жібереміз.

5. Мектепке 1 сынып оқушылары 6 жастан қабылданады. 12- жылдық білім беріледі. Бастауыш сынып 5- жылдық болады. 9-12 сынып оқушылары әр сабақты 60 минуттан, ал бастауыш пен 6-8 сынып 45 минуттан оқиды.

6. Әр оқушыларда сыныптары бойынша өздерінің жеке шкафтары болады. Барлық оқушыға бірдей формалар, әрине бастауыш сыныпқа жеке, 6-9 сынып аралығындағы оқушыларға басқа, 10-12 сыныптарға жеке форма, мұғалімдерде де біріңғай қазақы оюлармен безендірілген формалар болады.

7. Менің кабинетімнің жанында арыздар мен өтініштер жазатын қорап бар. Оны тек мен ғана аша аламын. Себебі, оның кілті тек менде болады.

8. Мұғалімдерге арналған жеке жедел саты болады. Жедел сатының жанына күзетші қойылады, себебі оқушыларға жедел сатымен жүруге болмайды.

9. Мектепте тыңдамайтын, тентек, сабақ мүлдем оқымайтын балаларға арналған бөлме ашамын. Сол бөлмеге тентек оқушыны және оның қасына сол оқушының қорқатын мұғалімін отырғызамын. Егер мұғалім ол баланың мінезін жақсы жаққа ынталандырса, үкімет оның жалақысына ақша қосады.

10. Мектеп ішінде үлкен спортзал, сыртында үлкен спорт қалашығы , бассейн және тренажор зал орналасады. Спорт қалашығында әр қаладан келген оқушылар менің мектебімнің оқушыларымен сайысады. Оқушылар хоккей, футбол, гольф, волейбол, баскетбол ойындары ойналады, сонымен қатар қазақ дәстүрін қалыптастырып ұлықтау үшін, міндетті түрде ұлттық ойындарынан сайыстар өткізіледі. Оқушылардың спортпен шұғылдануына баса көңіл аударамын. Дене шынықтыру сабағынан кейін 45 минут үзіліс беріледі.Ол үзіліс уақытында жуынатын бөлмеде жуынуға болады.

11.Оқушылардың сабақ үлгерімдерін рейтинг бойынша білуге болады, яғни ол дегеніміз қоғамдық іс-шараға, олимпиадалық сайыстарға, сабақ үлгерімін балдар бойынша қосып, сынып бойынша нешінші орында тұрғанын анықтайды. Сосын әр сыныптың рейтингі бойынша бірінші, екінші, үшінші орында тұрған оқушыларды суреттерімен бірге мектеп қабырғасына іліп коямын.

12. Үлкен кітапханада оқушылылар ұйықтауға , жатып оқуға болады. Кітап қоятын сөрелер бір-бірінен алшақ емес орналасады және оқитын, жазатын зал жеке болмақ.

13. Енді оқушылардың тамақтануына келетін болсақ, асханада әр оқушы өздеріне ұнаған тағамдарын өз еріктерімен тандай алады. Тек мектеп ішінде де, сыртында да асханадан басқа жерде тамақ жеуге болмайды. Зиянды тамақтар мысалға: фасфуттар, адам ағзасына ауыр тиетін , майлы, қуырылған тағамдарды мектеп ішінде жеуге тыйым салынады.

14. Конференция залында мұғалімдер жиналысы ұйымдастырылады және өте жақсы оқитын немесе басқа мемлекеттерге сайысқа барып, жүлделі оралған оқушылармен директор яғни, мен өзім дөңгелек үстелде кездесу ұйымдастырамын.

15. Екінші аяқкиім барлық оқушыларда бірдей ақ-қара түсті болады. Қыздарда кішкене ғана өкшелі ақ түсті, ал ұлдарда қара түсті кішкене оюлармен өрнектелген кеды болады. Екінші аяқкиімді мектебімнің ішіндегі кіреберістегі кішкентай шкафтарға қояды. Есігін жауып, кілттері өздерінде болады.

16. Мектеп ішінде әр түрлі үйірмелер және оған арналған арнайы жеке залдар болмақ. Би залында заманға сай және қазақы билерге бишілер дайындық жүргізеді.Сонымен қатар дизайн, қолөнер залы, дыбыс жазатын студия тағы да басқа үйірме залдары жеке болады.

Мектебімнің өз тәртіптері, өз талаптары болады. Мен ең танымал, білімді мектеп директоры боламын. Осы жоспарларымның орындалуына қазақ елі жұмылған жұдырықтай бір ауыздан келісіп, көмек қолын созады деген үміттемін. Егерде осы жоспарларым орындалса , онда менің мектебім Қазақстан мемлекетіндегі ең бірінші жан-жақты қамтылған мектептердің бірі болады. Сондай-ақ мектебімнің түлектері болашақта, осы Қазақстанның дамуына ат салысып, үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Белгілі педагог Ян Коменскийдің насихаттауында, «мектеп- балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс» деген көзқарасты насихаттады. Сол сияқты менің мектебімде адамгершілік шеберханасы болуы үшін, бар жігерімді салып, қолымнан келгенін аянбаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
4268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі