жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЕХРО-2017 көремесі
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы Исатай Әбдікәрімов атындағы
№168 жалпы орта мектептің
Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі:
Ыдырысов Ербол
“EXPO-2017” көрмесі
“ EXPO-2017” көрмесін өткізубақытына ие болған жас қаламыз- Астананың көрме өткізуге қол жеткізуі арқылы Қазақстан әлем алдында бір биік тұрғыдан көріне білді. Көрме бүкіләлемдік қоғамдастықтың және оның тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады.
Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс берудің қорытындысы Парижде өтіп жатқан EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. 161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы EXPO-2017 көрмесі өтетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.
2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өткелі отырған халықаралық көрмеге әлемнің 100 мемлекеті мен 10 ірі халықаралық ұйымы қатысады деп болжанып отыр. Шетелден шамамен 3-5 миллион адам келеді деп күтілуде. Олардың келгені бізге жақсы. Көрмеге адам көп келген сайын, соғұрлым пайда мол болмақ. Сарапшылардың айтуынша, елімізге келген әрбір адам 130 АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі екен. Сонда жалпы кіріс шамамен 520-910 миллион доллар көлемін құрамақ. Яғни, көрме ұйымдастыруға кеткен қаражатты қайтарып немесе артығымен өндіріп алуға мүмкіндік бар. Ол үшін, әрине, көрмеге жан-жақты дайындалып, көпшілік қызығушылық танытатындай жағдай жасалуы керек. Халықаралық көрмелерді өткізген елдердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, олардың кейбірі ЭКСПО-ның арқасында байып кетсе, енді бірі тек шығынын қайтарумен шектелген. Арасында «күйіп кеткендері» де бар. Ең алғашқы ЭКСПО 1851 жылы Англияда өткен. Көрме алаңына дүние жүзінің өнеркәсіптік жұмыстары қойылды. Мұндағы естен кетпес ерекше оқиға – шыны мен болаттан жасалған алып Хрусталь сарайының (өкінішке қарай, 1936 жылы болған қызыл жалында бұл ғимараттың түгі қалмай өртеніп кеткен) тұрғызылуы болды. Көрмеге жиналған 6 миллионға жуық адам ұйымдастырушыларға қомақты кіріс әкелді. Жиналған қаражат Альбертополь музейін салуға жұмсалды. Ал бүгінгі заманда халықаралық көрмеден пайдаға кенелген елдердің көш басында Қытай тұр. 2010 жылы Шанхайда «Үздік қала – үздік өмір» тақырыбымен өткен ірі шараға 190 ел қатысып, 73 миллионнан астам адам келген. Ұйымдастырушылардың тапқан табысы 12 миллиард долларды құраған. Орта бизнестің кірісі 20 пайызға ұлғайған. Бір Шанхайдың (25 млн. тұрғыны бар) мұндай бас айналдырарлық табысқа қол жеткізуі түсінікті де. Алайда бұған қытайлардың пысықтығы да себеп болғаны анық. Олар күн сайын 100-ге жуық мәдени ойын-сауық шараларын өткізіп үлгерген. Көрме өткен 5 айдың ішінде барлығы 20 мыңнан астам шара ұйымдастырылған екен. Жарнамасы да жақсы болған шараларға, билеттің қымбаттығына қарамастан, күніне 1 миллионнан астам адам келіп тұрған. ЭКСПО-ны өткізуге дәл Қытайдай үлкен жер телімін бөлген мемлекет те әзірше табылмай тұр.
Әлемдік көрмені өткізу тізгінін 1998 жылы Португалия қолына алды. Астанасы Лиссабонда өткізілген «Мұхит – болашақтың мұрасы» көрмесіне 11 миллионнан астам адам қатысып, әлемнің 155 елі мен түрлі ұйымдар өз жетістіктерін ұсынған. Ондаған миллион адамды күтіп алып, орналастыруға жан-жақты дайындықпен келген португалдар Еуропадағы ең үлкен көпір Васко да Гамманы салды. Барлық саладағы шаруалар ұсақ-түйегіне дейін түгенделді. Көрмені өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында жаңа лиссабондық метро желісі іске қосылды. Пойыз, автобус, такси көліктері жаңартылып, түр-пішіні де, қызмет көрсету сапасы да жоғары деңгейге сай келді. Жолаушылар көліктерін күтіп алып, шығарып салатын ірі терминалдар салынып, нысандар бастан-аяқ заманауи құрылғылармен жабдықталды. Көрме кезінде швейцар сағатын өндіретін «Swatch» кәсіпорны тұсауын кесіп, олардың арнайы чип орналастырған қолсағаты көрмеге кіру билеті қызметін атқарды.
1998 жылдың 1 қазаны күнгі түнді Португалия жұрты әлі күнге дейін мақтанышпен еске алады. Бұл – көрменің соңғы күні болатын. ЭКСПО-ға жиналған миллиондаған жұртшылық демін ішіне тартып, көк аспанды көктей өтіп шашыраған, сол кезде ешбір шаһарда болмаған ең ұзақ, ең үлкен отшашуды тамашалады.
Халықаралық көрме Португалияны байлыққа кенелтіп қана қоймай, абыройын асқақтатты дейді сарапшылар. Бүгінде көрме өткізілген жер Лиссабонның ЭКСПО деп аталатын жаңа ауданына айналған. Онда 28 мыңнан астам адам тұрады. Жалпы, ЭКСПО көрмесін өткізген мемлекеттердің көпшілігі пайдаға кенелмесек те, шығарған шығынымызды өтесек болды деп есептейді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, халықаралық көрмені өткізу кезінде жұмсалған қаражатын қайтармақ түгілі, шығынға батқан елді де кездестіруге болады. 2000 жылы ЭКСПО-ны өткізу құқығына ие болған Германияның Ганновер қаласын әлі күнге дейін жұртшылық аяушылықпен еске алады. «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің қалыптасуы» тақырыбын таңдаған немістер ойда жоқта 1,2 млрд. еуроға «күйіп кеткен». Көрмеге келеді деп күтілген 40 миллион халықтың тек 18 миллионы ғана келген.
Ганновердің шығынға бату себептері туралы сарапшылар әртүрлі жорамалдар айтады. Біреулері көрмеге арналған орын дұрыс таңдалмаған дейді. Қонақтарды күтіп алу, орналастыру, қызмет көрсету жағынан да немістер осалдық танытқан болуы керек. Бұл пікірдің жаны бар. Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, Германия кейбір шаруаларға немкетті қарағанын аңғаруға болады. Мысалы, көрменің алғашқы күні осы шараға арнайы келген мәртебелі меймандардың бірі павильондарға көтерілу кезінде лифтіге қамалып қалған. Ақыры ол, шахта арқылы жаяу көтерілуге мәжбүр болыпты. «Бір айналдырғанды шыр айналдырады» дегендей, дәл сол күні бағдарламаның басты қазығы болған – 20 сағаттық қойылымда негізгі рөлде ойнауға тиіс актер оқыстан құлап, белін сындырып алған. Бұл спектакльге немістер бір жыл бойы дайындалған екен. Бәрінен бұрын алғашқы бірнеше аптада көрмеге келушілердің аздығы ұйымдастырушылар үшін күтпеген жайт болды. Тығырыққа тірелген немістер көрмеге кіру билетінің құнын төмендетіп, автотұрақтарға көлікті тегін қоюға мүмкіндік жасаған. Содан кейін ғана көрме алаңы аздап жандана бастапты. Бірақ бұл да мәселені түгелімен шеше алған жоқ. Ганновер шығынға батқанның үстіне бата берді. Бұл туралы кейін Германияның сол кездегі қаржы министрі Хайнрих Аллер былай деп еске алады. «Біз көрмеге 40 миллионнан астам адам келеді деп ағат ойлаппыз. Сол кездегі экономикалық ахуалды да ескеруіміз керек еді. Тым болмаса, жұмсалған қаражатты да қайтара алмадық. Біз билет сатудан түскен қаржы арқылы пайдаға кенелмекші болдық. Бірақ билет бағасын тым қымбаттатып жібергенімізді кейін түсіндік. Бұл басты кемшілігіміздің бірі болды».
Ганноверде өткен халықаралық көрменің сәтсіздігінен кейін келесі көрме тізгінін қолына алуға тиіс Франция оны өткізуден бас тартқан деседі.
«Болашақтың энергиясы» – өзекті тақырып
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге бел байлау арқылыеліміз күллі әлем алдында үлкен жауапкершілік алып отыр. Саяси салмағы зор шараға Астана жан-жақты дайындықпен келуі керек. ЭКСПО-ны өткізу елордаға қай жағынан да тиімді болмақ. Ең бірінші, мемлекеттік маңызды жобаларға инвестицияны көптеп тартуға мүмкіндік бар. Бас шаһардың бітім-болмысы жаңаша түрленіп, инфрақұрылымдары жаңғырады. Жолдары мен көшелері жөнделеді. Қонақ үйлер мен көркем ғимараттар көбейеді. Көрмені өткізген мемлекеттердің тәжірибесінде болмысы ерекше ғимарат тұрғызу тәжірибесі бар. Мысалы, ЭКСПО қарсаңында Англияда тұрғызылған Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы, Португалиядағы Васко да Гамма көпірін атап өтуге болады. Біздің елде де айшықты нысандар бой көтереді. Соның бірі – 88 қабатты «Абу-Даби Плаза» көп салалы кешені іске қосылмақ.
2017 жылға қарай елімізде бұрын-соңды болмаған жеңіл рельсті жүрдек трамвайлар желісі де тұсауын кеспек. Астана қаласының әкімі халықаралық шараға дейін 50 балабақша мен 30 мектеп салынатынын айтты. Алдағы уақытта іске қосылатын 15 денсаулық сақтау нысаны тағы бар. Демек, көрме экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да халыққа пайдалы екені сөзсіз.
Ал Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі табысты бола ма, жоқ па? Бұған біржақты жауап беру қиын. Ең бастысы, бұған дейін көрме өткізген елдерден сабақ алып, артықшылығынан үйренуге тиіспіз. Осы орайда 2015 жылы көрме тізгінін қолға алғалы отырған Италияның тәжірибесін қалт жібермеу керек. Олар азық-түлік мәселесін басты нысанасына алған. Бүкіләлемдік шараға дайындық жұмыстарына ел үкіметі 13,2 миллиард еуро бөлген. Көрме қарсаңында Ехро Village тұрғын үй қалашығын, бір мезгілде 24 мыңдай көрермен сыятын Италия сарайын, басқа да көптеген нысандар салып жатыр. Италиялықтар ЭКСПО-ға 29 миллион адам келеді деп күтіп отыр. Әрине, Астананы санғасырлық тарихы бар байырғы Миланмен салыстыруға келмес. Дегенмен де, табысқа қол жеткізу жолында бәрінің де тәжірибесін зерделеп көруге болады.
Елордада өтетін ЭКСПО жетістігі мол болатынына сеніміміз үлкен. Мұндай оптимистік көзқарас білдіруімізге бірден-бір себеп –Қазақстан таңдаған тақырыптың өзектілігі. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Көмір, мұнай, табиғи газ секілді бұрыннан пайдаланып келген энергия көздері түптің түбінде түгесілетіні анық. Сондықтан әлем елдері энергияны үнемдеу, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көше бастады. Қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар. Осы саладағы тәжірибелер кім-кімнің де қызығушылығын тудырары сөзсіз. Қазақ елі «Болашақтың энергиясы» тақырыбын көтеру арқылы күллі адамзатты алаңдатып отырған мәселені дөп басты. Сондықтан жаһандық энергетикалық проблемалардың түйінін шешуге бағытталған халықаралық көрмеге дүние жүзінің көптеген елдері үн қосарына сеніміміз кәміл.Қысқасы, ЭКСПО-2017 Елбасы атап өткендей, тарихымыздың тағы бір алтын парағы болғалы тұр. Көрмеге қатысты шаралардың 90 пайыздан астамы биылға жоспарланып отыр. Ал оны өткізуге қанша қаражат бөлінетінін Үкімет осы жылдың аяғына дейін нақтылайтын болады. Әзірше белгілісі, бюджеттен көрмені өткізу орнын әзірлеуге және инфрақұрылымдар мен коммуникация жүйелері құрылысына бюджеттен 250 миллион еуро бөлінбек.
Көрме қалашығы Назарбаев университетіне қарама-қарсы, жолдың ар жақ бетінде бой көтеріп, кейін бұл нысандар оқу ордасының кластері қатарына енгізілмек.
“ EXPO-2017” көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. Бәсі биікбәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекер емес.Алдымен елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болғанын, екіншіден, таңдаудың біздің елдің пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіретін және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түсетінін айтып, Елбасы Қазақстан халқын жеңіспен құттықтады. Бұл біздің елімізді дүниежүзі жақсы танитындығын және біздің Астанамыздың осындай ауқымды шараны өткізе алатынына сенім білдірілгендігін көрсетті. Әрине, мұндай сенімнен шығу оңай емес екендігі баршамызға белгілі. Елбасының айтқанындай, енді Астанада жаңа құрылыстар салынып, инвестиция тартылады, тамаша орталық жасалады. Елімізге 100-ден астам мемлекеттің өкілдері ат басын тіреп, осы көрмеде өздерінің павильондарын құрады.Бүгінгі күндегі маңызды тақырып - “ болашақтың энергиясы”. Бұл әдемі нысан – жаңа елордамыздың ең үздік бренді болады. Бұл- біздің мүмкіндігімізді көрсететін бүкіл қазақстан үшін, барша Қазақстандықтар үшін жақсы оқиға, -деді Нұрсұлтан назарбаев.
Астанадағы “ EXPO-2017” көрмесі 3 айға -2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ."EXPO-2017" көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
"Көрмеге қатысатын елдер саны басты мәселе емес, бұл ретте, келушілер саны жағынан рекордтық көрсеткіш орнатуды мақсат тұтпаймыз. Біз павильондардың сапасы тиісті деңгейде болуына басты назар аударамыз. Көрмеге келушілердің көңілі толмай қайтқанын қаламаймыз. Сапа бұл - ең басты талап. Әрине, көрмеге қатысатын елдер саны неғұрлым көп болса, бұл Қазақстаннаың халықаралық қатынастарына соғұрлым мол үлес қосатын болады", - деді В.Лоссерталес.
ХКБ бас хатшысы, Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі тақырыбының өзектілігіне де тоқталды. "Үшінші мәселе, болашақтың энергиясы тақырыбы көптеген елдер үшін маңызды болып табылады. Осы мәселелерді ескерсек, БҰҰ-ға мүше 192 ел қатысуы тиіс. Егер де 191 ел қатысатын болса, Сіздер болжамның дұрыс болмағаны туралы айтар едіңіздер. Сондықтан біз бұған ұмтылып отырған жоқпыз. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады деп ойлаймыз", - деп түйіндеді ол.
“ EXPO-2017” көрмені өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Елорданың және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады. Ең алдымен халыққа қызмет көрсету , қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол.Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға , ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға , Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырланедыруға мүмкіндік береді. “ EXPO-2017” көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық , ғылыми және мәдени жетістіктерін қөрсетеді. олар жаhандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді.Бұл Астананың үлкен мүмкіндіктерін мойындау. Осының барлығы біздің еліміздің халықаралық арендаға үлкен беделін, Елбасымыздың беделін көрсетеді,- деді мемлекеттік хатшы мұхтар Құл- Мұхаммед. Көп жылғы тарихы бар “ EXPO-2017” көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді , сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын ,дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. осы ретте мемлекет басшысы парижде жүрген отандық жуналистерге өткізген брифинг барысында Астананың соншама ауқымды іс-шараны өткізетін қала ретінде әлемдік танымдылыққа ие болуы қазақстан үшін үлкен құрмет пен қуаныш екенін атады.Дүниежүзілік көрме Қазақстанның атын шартарапқа танытып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 103 мемлекеттің қазақты қолдап, дауыс беруі, елдің 20 жылда жеткен жетістіктеріне берілген баға, десті барша жұрт.
«Ортаазиялық тарихи-мәдени өзара сәйкестілік». Осындай атаумен жылда өтетін халықаралық семинар биыл да өз жалғасын тапты. Бұл қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, яғни, бауырлас елдердің Алматыда алтыншы мәрте басқосуы. Семинар осы аталған әр мемлекеттің ортақ шаңырағы болуы керек, дегенді көздейді. Яғни, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек.
Астанадағы “ EXPO-2017” көрмесі Қазақстан Республикасы елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады.
Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне,жаңашаланып дамуына сеніміміз мол.
Пайдаланған әдебиеттер: 1.Егемен Қазақстан газеті
2.Қазақстан әйелдері журналы
3. Ғаламтор жаңалықтары.
4. Тарихи өлке тану.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген