Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Эйдетика – мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамыту әдісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Эйдетика – мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамыту әдісі»
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Эйдетика – мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамыту әдісі»


Балаға қандай да бір бейтаныс бес сөз үйретіңіз –

ол ұзақ және босқа азаптанатын болады, бірақ осындай

жиырма сөзді суретпен байланыстырсаңыз, ол оларды

жаз бойына меңгеріп шығады”

К.Д.Ушинский


Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қоғамдағы әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіші – балалардың интеллектуалдық даму деңгейі болып табылады, өйткені, еліміздің маңызды резерві оның рухани дамуымен, ғылым мен мәдениеттің жай-күйімен сипатталады. Сондықтан бүгінгі ғылымда интеллект мәселесі ерекше орын алып отыр. Жылдар өткен сайын балалардың дамуына жоғары талаптар қойылып келеді: оларға берілетін білім көлемі үздіксіз артып келеді, ал педагогтер берілген білімнің механикалық тұрғыда емес, мағыналы, саналы түрде меңгерілуін қалайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар міндеттер арасында балаларды мектепке дайындау ерекше назарға алынып отыр. Ал мектептегі оқуға дайындықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі интеллектуалдық-танымдық қабілеттерді дамыту болып табылады. Тәжірибелерден байқағанымыздай, оқитын, санайтын, жазатын бала, оқу оқығанда логикалық ойлауға қатысты тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға тап болады. Сондықтан мектепке дейінгі жаста балалардың зейінін, ойлау, талдау, пайымдау және салыстыру, заттардың нақты белгілерін айқындау біліктілігін қалыптастырып,танымдық белсенділігін дамыту көзделеді.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық дамыту барысында педагогикалық ықпал жасау өте күрделі іс. Мектепке дейінгі балалық шақта балаға заттар, құбылыстаррекеттер арасындағы байланыстар мен қатынасты айқындау мен қолдануды талап ететін күрделі де, саналуан міндеттерді шешуге тура келеді.

Балалардың байқампаздық, танымдық қызығушылығы мен ойлау қабілетінің даму шамасына қарай оларға қоршаған әлемді қабылдату үшін біз көбінесе суреттерге, сызбаларға, моделдерге, мнемокестелерге және т.б. жүгінеміз. Бала өз алдына танымдық міндеттер қояды, қызықтырған құбылыстарды түсінуге тырысады, олар туралы өзінше әңгімелейді, ой түйеді.

Шығармашылық жұмысымда осы мәселелерді талдай отырып, балалардың интеллектісін дамытуда Эйдетика технологиясын қолдану мүмкіндігін қарастыруды жөн көрдім. Сол себепті шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Эйдетика – мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамыту әдісі» деп таңдап алдым.

Мектепке дейінгі білім беруде Эйдетика әдістемесі көрнекі сызбалар, мнемокестелер құру және оларды пайдалану арқылы қолданыс тапты. Осы технология қоршаған әлемдегі құбылыстар мен заттарды сипаттау алгоримтін көрнекі түрде ұсыну мақсатында құрылуы мүмкін.

Шығармашылық жұмысқа педагогика саласындағы К. Крупская, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, Л.А. Венгер, психология саласынан Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Р.С. Немов секілді зерттеушілердің теориялық және практикалық еңбектері негіз болды.

Шығармашылық жұмыс нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үрдісі.

Жұмыстың мақсаты: Эйдетика технологиясын қолдану арқылы балалардың интеллектуалдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту әдістемесін тәжірибеге енгізіп, тиімділігін айқындау.

Жұмыстың міндеті:

- Шығармашылық жұмыс тақырыбына сәйкес педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және талдау.

- мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерінің даму деңгейін айқындау.

- мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ойын-тапсырмалар кешенін дайындау

- Эйдетика технологиясын қолдану технологиясын іс-тәжірибемен негіздеу.

Жұмыстың болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалдық дамыту жолдарын сипатайтын түсініктерді меңгеру қамтамасыз етілсе; жаңа әдістеме балалардың жас ерекшелігі мен даму заңдылыұтарын ескерсе, онда Эйдетика әдістемесін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мүмкін болады.

Шығармашылық жұмыста қолданыс тапқан әдістер:

Теориялық (тақырыпқа сәйкес педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және талдау

Әлеуметтік-педагогикалық (бақылау, диагностика жүргізу);

Эксперименттік жұмыс – іс-тәжірибе

Жұмысты жүргізу орны: №30 «Жұмбақ» балабақшасы

Жұмыстың практикалық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалдық тұрғыда дамыту әдістемесін таңдаудың теориялық материалдарын енгізудің бірізділігін анықтау; мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Эйдетика әдістемесін дайындау және қолдану.

Шығармашылық жұмыстың жаңалығы мектепке дейінгі балаларды интеллектуалдық тұрғыда дамыту жұмыстарын таңдауға және қолдануға арналған ұғымдар тұжырымдалды; мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес Эйдетехника жіктелд, Эйдетика әдістемесі ұсынылады.

Интеллект дегеніміз не?

 Интеллект (лат intellectus-таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе,қазіргі  кезде оған барлық танымдық үдерістер  кіреді. Жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Интелект-адамның болмысты тануының  негізгі нысаны.
Интеллект-ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық  іс-әрекеті.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.

Интеллект функциялары:

оқуға деген қабілеттілік;    қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.

Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.

Интеллект даму кезеңдері туралы Ж.Пиаже теориясы

  1. Сенсемоторлы интеллект  0-2 жас.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен жасалған іс-әрекеттер. Баланың іс-әрекеті топтама құрайды.

  1. Операцияға   дейінгі интеллект 2-8 жас. Баланың тілі шығып,оның

жасаған іс-әрекетінің нәтижесі еріксіз ойлаумен байланысты. Бұл кезең 2 фазаға бөлінеді. Тіл шыққаннан бастап 1,5-4 жасқа дейін. Когнитивті құрылымдардың қалыптасуы. 4- 7 жасқа дейін

  1. Тиянақты операция кезеңі 8-12 жас. Байқау елестету топтамасы

интеллектуалды  операциялардың пайда болуымен сипатталады.
4. Формальды оперциялар кезеңі 12 жастан бастап логикалық операциялар топтамасы


Интеллектуалды дамыту ойындары


Интеллектуалдық дамыту ойындары балалардың түсіну және қабылдау қабілетін, ақыл-ойын дамытуға, түсінік-ұғымдарын қалыптастыруға, білімді терең меңгеруіне игі ықпал етеді.
Интеллектуалдық дамыту ойынының негізгі құрылымдық ерекшелігі – ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесінің қатаң сақталуы, педагогтың ойынды ұйымдастыруға даярлығы, баланың жас және жеке даму қабілеттерінің ескерілуі.
Ақыл-ойды тереңдетуге бағдарланған интеллектуалды ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді, қолданып көргенін, танып- білгенін есінде сақтайды. Нәтижесінде қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, тұрмыс пен қызмет түрлерін ажырата бастайды. Еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады.
Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ақыл-ойын дамытатын ойындарды меңгерген балалар логикалық ойлауының жоғарғы дәрежесімен, математикалық шешімдер қабылдай білуімен, талдау жасай алуымен ерекшеленеді. Пішіндер мен түстерді ажырата алуы, салыстыра білуі қабілеттері дамып, қабылдауы мен танымы кеңейеді.

Интеллектуалдық дамыту ойындарында балалар талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), жинақтау (бөліктері тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты ойлау тәсілдерін меңгереді.

Интеллектуалдық ойындардың  педагогикалық-психологиялық негіздері

Ойынның баланың интеллектуалдық дамуына ықпал ету мүмкіндігі педагогика ғылымы саласында жан-жақты қарастырылып, ойын әрекеті оқу әрекетінің жетекші формасына айналған. Ойын, ойыншық сөздері ой сөзімен тікелей байланысты, сөйтіп, ойнау біруақытта ойлаумен әрекеттеседі. Ойын – бұл қарым-қатынас, өмірлік тәжірибе жинақтау құралы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес” – дейді. Өйткені кез келген адам бала кезінен өмір әлеміне ойын арқылы кіріп, дүниені ойын әрекетімен тани бастайды. Қоршаған дүние туралы түсінік ойын арқылы қалыптасады. Л.Выготский: «Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады  – дейді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынмен өседі, оның жан-жақты дамуына тікелей ықпал етеді. Ол – баланың миын жаттықтыратын, әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.

Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз – қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!»- деп ескертеді. Ойнап отырған баланың назарын басқаға аудару оның ойын бөлгенің деп түсіну қажет. Бұл жөнінде ұлы педагог К.Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» – дейді. Ойын қызметін зерттеуші С. Тарасовтың пікірінше: «Ойын – бұл еркін және ерікті іс-әрекет. Бұйрық бойынша ойын, бұл ойынға жатпайды. Ойын – бұл күннделікті өмірде бір уақыт аралығында әрікті іс-әрекетпен айналысуға арналған, өзіндік бағыты бар әрекет».
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».

А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» – дейді.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» – деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» – дейді.
Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы
оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады.

Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады.
Сөйтіп ойын арқылы оқыту нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырылған дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-
Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Қорыта айтқанда, ойын баланың жасына, қабылдауына, түсінігіне қарай күрделене түрлене отырып, оның ақыл-ойын дамытатын мақсатқа бағдарланады. Нәтижесінде баланың есею кезеңінде өзімен бірге дамитын интеллектуалды ойындар жүйесі құрылады. Мұндай ойындар адамдардың өмір тәжірибесінде үлкен маңызға ие.
Ал бүгінгі заман талаптарынан туындаған, баланың интеллектісін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ойындар әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып әзірленіп, олардың бірыңғай талаптарға негізделген жүйесі құрылуда. Оларды баланың жасына сәйкес ақыл-ойын дамытатын интеллектуалды ойындар кешені деп атауға болады.
Интеллектуалдық дамыту ойыны – баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс-әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет. Мұндай ойындар барысында:
– әлеуметтік топта оның рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі;
– топтың, ұжымның, сондай-ақ баланың тұлғалық және жеке даму мүмкіндіктері қарастырылады.
Интеллектуалдық ойындардан күтілетін нәтижелер:

баланың ақыл – ойы дамиды;

сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады;

тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;

қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;

ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді;

еңбеккке тәрбиеленеді;

бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады;

әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады;

бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Осы күтілетін нәтижелер баланың жас ерекшелігіне сәйкес және жеке даму кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Сәйкесінше интелектуалдық дамыту ойындары баланың осы жүйе бойынша қабілетіне, қабылдауына қарай топталады, жинақталады, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленеді.
Қорыта айтқанда, аталған ойындар кешені баланың қиялын, бейнелі ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Құрбыларымен бірлесіп ойнауға, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді.Интеллектуалдық дамыту ойыны – әлеуметтік қызмет, ол – баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.


Интеллектуалдық дамыту ойынының түрлері мен қызметі

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-оқу қызметі, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, математикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б.Ал интеллектуалдық дамыту ойындары – балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын молайтады.

Оларды іденімпаздыққа ынталандырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Баланың белсенділігі артады, ойынның келесі күрделі кезеңіне өтуге талпынады.Ойынды түрлендіру әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Ойыншы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Оқу
қызметінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.

Символдық ойын – шындық символдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын.
Құрылыс ойындары процесінде педагог балаларды бақылауға, құрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, салыстыруға, ара қатынасын, құрылыс тәсілдерін есінде сақтап, елестеуге, іс-әрекеттің жүйелігіне назар қоюға үйретеді.

Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесі мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың алған білімін бекітуде, тың ойлау, мәселені шешу, топ құра алу және шығармашылықпен ойлауға баулиды.Әр ойын түрлі алаңда логика құруға бағыттайды. Стратегиялық ойындарда ойын құруды, өзгерген жағдайларға қарай жаңа жоспар құру және қарсыласының ойын анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, стратегиялық ойындарда қарсылас болуға лайық деңгейде жетіледі. Жүйенің қолданылуымен Балалар қоғамға пайдалы, әлеуметтік бағыты мықты және тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады.
Жүйеде қолданылатын ойындар Балалардың: жоспарлау, өлшеу, зеректік, мәселені шешу жолдарын қарастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді байқау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеушілік қырларын дамытады. Топтық ойындар әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі. Мұндағы басты мақсат – әр баланың өзін жақсы танып, қабілеттерін, қызығушылығын, әлсіз тұстарын байқау қабілетін үйрету. Орта құрып, ережелерде тұрақталатындай өзін бейімдеуге үйрету. Балалардың жаттығу барысында өзін басқа балалармен салыстыру және бейімділіктерін байқауға мүмкіндік жасау. Басынан өткен жағдайларға қарай қиялдауына көмектесу және қиялын жалғастыратындай жұмыстар ұсыну.
Педагогтар үшін әр ойын оқу қызметі тәрізді арнайы дайындықты қажет етеді.Сонымен, интеллектуалдық дамыту ойыны баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да интеллектуалды ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

Эйдетика технологиясын қолдану іс-тәжірибесі

Эйдетика жүйесі – шексіз есте сақтау. «Эйдос» ұғымының грек тілінен алғандағы аудармасы «бейне» (образ) деген сөз. Эйдетизм – бұл біздің қабылдау шеңберімізде жоқ заттарды өзімізге айқын елестетіп көре білу қабілеті. Көптеген адамдар бұны еске сақтау, еске түсіру, сезіну арқылы жүзе асырады. Бейнені не образды ойлау қабілеті әуелден адамға ғана тән.

 «Эйдетизм» терминін алғаш психологияға енгізген неміс ғалымы Э.Йенш, ол образды не бейнелі ойлау – балаларды дамытудың заңды сатысы деп көрсетті. Әр бала - эйдетик, біраұ оны ашық не жасырын түрде жүзеге асырады.

Әдістеменің ерекшелігі– затардың бейнесін емес, ал оларды есте сақтау үшін таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді. Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған.

Кіші және ортаңғы топтағы балалар үшін түрлі түсті мнемокестелер суреттеу ұсынылады, өйткені балалардың есінде жеке образдар қалады: түлкі - қызғылт сары, тышқан – сұр, шырша – жасыл, ал ересек топтағы балалар үшін – ақ-қара. Ересек балалар осы кестелерді өздері суреттеп, бояуға қатыса алады.

Эйдетехника бойынша жұмыс істеу әдісі

Мнемокесте және мнеможолдармен қалай жұмыс істеу керек.

Мнемокестенің дидактикалық материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді:

- басты психикалық процестер – есте сақтау, зейін, бейнелі ойлауды дамыту;

- ақпаратты қайта кодтау, яғни абстрактылы таңбаларды бейнелерге қайта құру;

- ішінара немесе толық графикалық қайта жаңғырту барысында ұсақ қол моторикасын дамыту;

- мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сонымен қатар, мнемокестені қолдану арқылы тапсырмаларды балалардың білім деңгейіне байланысты құрастыру.

Мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді. Оның мазмұны мынада: әр сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық тақпақтар сызба түрінде бейнеленеді. Бұдан кейін бала графикалық бейнені қолдана отырып, есте сақтау арқылы тақпақты бүтіндей дыбыстайды.

Тақпақты жаттауға үйрету үшін керек суреттерді қолдану балаларды қызықтырады, сабақты ойынға айналдырады. Суреттермен ілесе жүретін тақпақты тыңдағаннан кейін бала оны біршама тезірек есте сақтайды. Алдымен таңдалған тақпаққа тірек суреттерін іріктеп алу керек (әр бір жолға). Суреттер айқын танылатындай болуы қажет. Оны оқығаннан кейін балалар тірек суреттері бойынша айтып береді.

Бастапқы кезеңде тәрбиеші дайын сызба жоспарын ұсынады. Үйрете келе бала өзінің сызбасын құру үрдісіне де белсенді қосылады.

Интеллектуалдық дамыту ойындары педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында.

Олар әр түрлі:
а) баланың жас ерекшелігіне;
ә) мақсатқа;
б) ұйымдастыруына;
в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.

Интеллектуалдық дамыту ойындарын қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
– ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
– баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
– өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
– оқу-тәрбие үдерісінің мақсатын іске асыруда балаға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
– тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі
– балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі

Интеллектуалдық дамыту ойынының нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру, ақыл – қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас. Интеллектуалдық дамыту кешені сенсорлық тәрбие мен ақыл – ой қабілетін дамыту үшін қажет. Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесін құруда әлемдік тәжірибелер зерделеніп, озық деп танылғандары іріктелді.

(Іс-тәжірибелік жұмыстар презентация түрінде ұсынылады)






Қорытынды

Интеллектуалдық дамыту кешені ойындар кешені негізінде құрылған. Әр танымдық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Олар – оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.

Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Интеллектуалдық дамыту ойындарының ерекшелігі – оның әрекеттік сипатында. Мұнда балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Интеллектуалдық дамыту ойыны баланың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын білім беру әдісінің бір түрі.

Шығармашылық жұмысымды түйіндей келе келесі ұсынысымды назарларыңызға беремін:

Баяндалған шығармашылық жұмысты балабақшаның оқу қызметінде пайдалануға болады.

Сонымен мектепке жасына дейінгі балаларды интеллектуалдық тұрғыда дамыту жолдары ғылыми-теориялық және педагогикалық тұрғыдан айқындалып, негізделді.



Пайдаланған әдебиеттер


  1. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, 2012 ж (2016 жылы жаңартылған)

  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж.

  3. Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші», Қызылорда. – 1926 ж

  4. Аймауытов Ж. «Жан жүйесі», Қызылорда,. 1929 ж

  5. Блейхер В.М., Бурлачук Л.Ф. Психологическая диагностика интеллекта и личности. - Киев: Вища школа, 1984. - 142 с.

  6. Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как проблема творчества. - Ростов н/Д: Феникс, 1983. – 168с.

  7. Брушлинский А.В., Темнова Л.В. Интеллектуальный потенциал личности и решение нравственных задач // Психология личности в условиях социальных изменений. - М.: Просвещение, 1993. – 342с.

  8. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка дошкольное образование (Пр.). – 2005. – №5.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.02.2025
46
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11