Материалдар / Екі таңбалы сандарды есептеудің тиімді тәсілдері

Екі таңбалы сандарды есептеудің тиімді тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып білім алушылары «Екі таңбалы сандарды есептеудің тиімді тәсілдері» авторлық бағдарламасын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2024
234
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Shape2

Екі таңбалы сандардың, есептеудің тиімді тәсілдері








Авторлық бағдарлама







Автор:................................











Түсінік хат



Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастауыш сынып білім алушылары «Екі таңбалы сандардың, есептеудің тиімді тәсілдері» авторлық бағдарламасын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Математика пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.

Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты – әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара жатқан қоғамда өмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру. Олардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу. Логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық, математикалық қырағылығын дамыту. Неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой – өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру. Тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл – ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.

Оқу материалын сапалы игеру үшін практикада ойын технологиялары қолданылады, оқушылардың бір – бірімен ынтымақтастықта немесе сыни тұрғыда дамыту технологиясының элементтерін оқу және жазу арқылы қолдануы, барлығының бәрімен өзара әсерлесу тиімділігін көрсетеді, оқу сабағында әр оқушы қандай оқушымен болсын қарым – қатынаста бола алады. 

К.Д.Ушинский ойын туралы былай деп пікір білдірген: «Бала үшін ойын – ең маңызды рөл атқарады. Ол айналасындағы өзге құбылыстарға қарағанда әлдеқайда қызықтырақ. Бала ойын арқылы айналаны тереңінен танып, жаратылысқа жан-жақты үңіле алмақ. Ойын барысында бала өмір сүреді және қоршаған ортамен байланыстырады».

Расымен де, ойын балалардың биологиялық және психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады және олардың психикалық, эмоционалды дамуына ықпал етеді. Ойындағы түрлі рөлдер арқылы, баланың ойлау қабілеті дамып, «жақсы» және «жаман» деген түсініктерді тереңірек ажыратуға септігін тигізбек. Бұл оң және теріс мінез – құлықты ажыратуға көмектесіп, өзіндік ой қалыптастыруына негіз болмақ. Математика сабағында ойын элементтерін жүзеге асыра отыра, ойы жүйрік, санасы берік, алғыр оқушылар тәрбиелей аламыз.


Мақсаты:


Білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.


Міндеті:


  • логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

  • сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

  • тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;

  • түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

  • ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.


   Күтілетін нәтиже:


  • оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;

  • ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;

  • математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);

  • өздігінен жоспар мен графиктер құру.


 Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:


Оқушылар нені біледі:


  • бастауыш сынып білімінің салалары бойынша барлық тақырыптарды ;

  • білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

  • талдау машығының жоғары болуы;

  • салыстыра алу қабілетінің басым болуы;


Оқушылар нені үйренеді:


  • математикалық сауаттылықты арттыруда көптеген жаңа технологияларды үйрену;

  • сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

  • деңгейлік тапсырмаларды орындай білу.


 Қолданылған әдебиеттер:


  1. Математика әлемі. – Алматы: «Қазақ энциклопедисы», 2011. – 496 бет.

  2. 2-4 біріктірілген сыныптарда математика пәнін кіріктіре оқыту. /Әдістемелік құрал/. – 2014. – 65 б.

  3. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың әдістемесі. – Тараз, 2013. – 329 бет.

  4. М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы. Астана – «Фолиант» 2010 ж.

  5. Алексеевская А.Т. Мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. - М., 2008 ж

  6. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыру // «Қазіргі  таңдағы  білім  мен ғылымның мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. (Р.И.Кенжебекова, А.Өскенбаевалармен  авторлық  бірлестікте). – Шымкент, 2009. –  85-87 б. 

  7. Оқу-әдістемелік кешен. – Шымкент: М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, 2007. 

  8. Оқулық  түзудің теориялық талаптары // Ұлт тағылымы. – 2008. –№1.      

  9. Қазақстан Республикасындағы 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.



«Екі таңбалы сандардың, есептеудің тиімді тәсілдері» авторлық бағдарламасының мазмұны


Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны толықтырылған курстан тұрады. Және де курстың деңгейінің жоғарылығы айқын бейнеленген. Бағдарламаның бұл бөлімінің негізі нақты пәннің мазмұндық құрылымы мен теориялық аспектісін таңдау болып табылады. Оқу пәнінің мазмұнын тұрақтылау курсы нақты және бағдарламаның түсінік хатында көрсетілген барлық мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бойынша ұсынылылған.


  • Ондықтармен және бірліктермен санау – 1 сағат. Сандарды оқу, жазу және салыстырумен байланысты білімді тиянақтай түсу; ондықтармен және бірліктермен санау, кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды қайталау.

  • Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру– 1 сағат. Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту

  • Екі таңбалы сандардың ондық құрамы. Ұзындықты өлшеу. Метр (м) – 1 сағат. Екі таңбалы сандарды құрамына ажырата білуге үйрету.

  • Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны өлшеу. Килограмм– 1 сағат. Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі-масса жайында түсінік беру және оның бірлігі килограммен таныстыру,

  • Екі таңбалы сандарды ондық құрамы және оларды жіктеу. Теңдеулер– 2 сағат. Екі таңбалы сандар, ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.

  • Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру, жіктеу. Сыйымдылықты өлшеу. Литр – 2 сағат. Ондықтардың қалай құрылғанын, орналасу заңдылықтарын анықтау

  • Белгісіз қосылғышты табу. Көпбұрыш– 1 сағат. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру. 

  • Белгісіз азайғышты және азайтқышты табу. Тік бұрыш және тік емес бұрыш– 1 сағат. Белгісіз азайғышты және азайтқышты табу. Тік бұрыш және тік емес бұрыш

  • Кел, ойнайық! – 1 сағат. Сабақта оқушыларға танымдық тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту,математикаға деген қызығушылығын арттыру

  • Құпия сандар– 1 сағат. Топта, жеке жұмыс істеуді үйрену. Жаңа білім туралы ақпараттарды білу

  • «Кім жылдам?»,«Тез ойла» математикалық ойындар.  Екі таңбалы сандардың ондық құрамы– 1 сағат. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

  • Теңдіктер мен теңсіздіктер– 1 сағат. Теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырата алу, математика сабағына қызығушылығын арттыру.

  • Уақыт өлшемдері– 1 сағат. Оқушылардың уақыт өлшемдері туралы білімдерін нығайту, логикалық тапсырмаларды орындай отырып математика сабағына қызығушылығын арттыру.

  • Көңілді есептер– 1 сағат. Көңілді логикалық есептер шығаруды үйрену, графикалық диктантты қалай орындауымен танысу.

  • Логикалық есептер– 1 сағат. Өрнектің мәнін табуды, логикалық тапсырмаларды орындауды үйрену.

  • Геометрия еліне саяхат– 1 сағат. Әр түрлі геометриялық фигуралармен танысады, логикалық есептерді шеше отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру

  • Қызықты жаттығулар– 1 сағат. Өрнектердің жазылуымен, амалдардың орындалу тәртібімен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

  • Сиқырлы шаршы– 1 сағат. Сиқырлы шаршының тапсырмаларын орындайды, шаршы туралы білімдерін пысықтайды, логикаға деген қызығушылығы артады.

  • Халық өлшемдері – 1 сағат. Қысқаша жазу және сызбалар бойынша есеп құрастыруды және шешуді үйрету, Ойын,тілін,танымдық қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

  • «Кім қырағы?» математикалық ойындар.  – 1 сағат. "Кім қырағы?" математикалық ойындардың тапсырмаларын орындайды, логикалық есептерді шығара отырып, қызығушылығы артады.

  • Сиқырлы ұшбұрыштар– 1 сағат. Үшбұрыш туралы білімдерін тиянақтап, сиқырлы үшбұрыштың тапсырмаларын орындайды. Шаршыдан, тіктөртбұрыштан үшбұрыштар жасайды.

  • Есептеудің оңай жолы– 1 сағат. Есептеудің оңай жолын үйренеді, математикалық сөзжұмбақтарды шешеді, осы тапсырмаларды шеше отырып, баланың логикаға деген қызығушылығы артады.

  • Ертегілер елінде– 1 сағат. Ертегілер елінде тақырыбының тапсырмаларын орындайды, соның ішінде, логикалық есептерді шығарады.

  • Сурет бойынша есептер құрастыру– 1 сағат. Сурет бойынша есеп құрастыруды үйрену, логикалық есептерді шығара отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту

  • Сандар қатарын құрастыру – 2 сағат. Сандар қатарын құрастыруды үйренеді, логикалық есептерді шығара отырып, оқушының ойлау қабілеті дамыту

  • Қызықты есептер– 2 сағат. Оқушылар түрлі қызықты есептер шығару арқылы математикалық сауаттылықты дамыту

  • «Жас математиктер» турнирі– 2 сағат. Жас математиктер турнирінің тапсырмаларын орындайды, логикалық есептер шығара отырып, оқушының логикалық қабілетін дамыту

  • Математикалық әзіл, жұмбақ, өлең есептер – 2 сағат. Математикалық әзіл, жұмбақ, өлең есептер, жаңылтпаштардың тапсырмаларын орындай отырып, оқушының есепке деген қызығушылығы арттыру

  • Сиқырлы сандық – 2 сағат. Сиқырлы сандықтың тапсырмаларымен танысады, ойлан таптың есептерін шығара отырып, логикаға деген қызығушлығын арттыру



НОРМАТИВТІ БӨЛІМІ


Күнтізбелік тақырыптық жоспары

аптасына

1-4- сынып, аптасына – 1 сағат, барлығы – 36 сағат)



р/с

Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім – өнімі мен нәтижесі

Бар-лығы

Лекция/ Теория/

Прак-тика1

Прак-тика /Прак-тика2


Екі таңбалы сандар жиыны

1

Ондықтармен және бірліктермен санау

Сандарды оқу, жазу және салыстырумен байланысты білімді тиянақтай түсу; ондықтармен және бірліктермен санау, кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды қайталау.

1

1

1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ