Материалдар / Екінші тілде мультимодальды мәтіндер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екінші тілде мультимодальды мәтіндер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың Кәсіби даму мақсатын жүзеге асыруда - екінші тілде оқитын оқушылардың қазақ тілінде айтылым дағдыларын дамытудың тиімді жолдарымен бөліседі.
Авторы:
20 Қырқүйек 2024
244
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы, Халықаралық Бакалавриат бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабашова Динара Мейрамбекқызы

Екінші тілде мультимодальды мәтіндер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту жолдары

Ақпараттық кеңістікте заман талабы мен түрлі техникалық жабдықтар күн санап дамып, өзгеріп, қайта жаңарып басылып шығуда.

Мәнмәтін – мәтіннің құрамындағы тілдік бірліктердің негізгі және қосымша мағыналарын ашуға көмегі тиетін ең шағын бөлігі, үзіндісі. (Бекітіл. термин., 58). Бүгін де мәнмәтін түрлері әңгімелеу, пайымдау, сипаттау, хабарлаудан ғана тұрмайды. Екінші тілді үйренуге арналған әр түрлі үйретуші әдістемелік құралдардан бөлек, ересек оқырмандарға арналған көркем шығармалар дәстүрлі түрде қара сиямен басылып іс жүзінде ешқандай иллюстрациядан тұрмайды, ал мультимодальды мәтін алуан түрлі болып келеді. Мультимодальды мәтін – ақпаратты оқырманға тек сөзбен ғана емес, әріппен ғана емес, сонымен қатар басқа да семиотикалық арналар арқылы, мысалы, иллюстрациялар, дыбыс, музыка, дене тілі арқылы жеткізетін мәтін. [Кибрик 2009: 135]. Мультимодальдық мәтіннің ең негізгі мысалы кейде ауызша компоненттің мазмұнын толығымен өзгертетін достық хат алмасуда қолданылатын эмодзи суреттері де болады.

Мультимодальды мәтін импрессионисттердің шығармалары сияқты ең алдымен сезім мүшелеріне яғни, адамның мәнмәтінді қабылдауы мен түсінуіне тез әсер етеді, бірақ баспа сөздерімен берілген мәнмәтін сияқты детальдарды егжей-тегжейлі толық түсіндіре алмайды. [Nørgaard 2009: 141]. Қазіргі уақытта оқушылардың көлемді көркем шығармаларды оқуға, кітап беттерін қызықтап қарауы қалып бара жатыр. Сол кітап оқу қызығушылығын ояту мақсатында екінші тілде мультимодальды мәтіндерді қолдану, оқушылардың өздеріне құрастырту арқылы шығарма мазмұнын түсіндіру маңызды әдістердің бірі. Мультимодальдық мәтіннің негізгі міндеті оқырманның шынайы немесе ойдан құрастырылған кеңістігін қайта құру. Мысалы, оқыған көркем шығарманы аудиторияға түсіндіріп жеткізуде, оқушылар шығармашылық дағдыларын дамытып, мәнмәтіндегі кілт сөздермен жұмыс жасайды. Нәтижесінде жаңа өнім жасап, мазмұнды түсіне алғанын анықтауға болады.

Екінші тілде қазақ тілін оқытудың әдістемелерін жасау, тапсырмаларын құрастыру және оны үйретудің заңдылықтары бар. Тәжірибеде білім беретін сыныптағы кейбір дарынды оқушылардың тілдік айтылым, жазылым дағдылары толық қалыптаспаған. Олар сөйлем құрастыруда, сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғап айтуда, мәнмәтінге сай сөздерді орынды қолдануда біршама қиналады және түзету, түсіндірме жұмыстарын жүргізсең де қателіктер жіберіп отырады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып сабақ барысында әр оқушымен жеке жұмыстар жүргізген жөн. Сабақтың мақсатына сай тапсырма мазмұнын бірлесе жоспарлауда ойластырып, оқушылардағы айтылым, жазылым дағдысын дамытуда мультимодальды мәтіндерді қолдану тиімділігі дәлелдеді. Тілде еркін сөйлей алмайтын немесе өзіне сенімсіздік танытып сөйлеуде қате айтып қоямын деп қорқатын білім алушылар үшін бұл әдіс түрі өте тиімді. Тәжірибеде қолданылған 7-сынып бағдарламасынан мысал келтірсек, «Менің әлемім» бөлімінде визуалды мәтіндерді әр сабақта қолдану арқылы, жаз бойы қазақша сөйлемей келген баланың сөздік қорын орынды қолдануына мүмкіндік жасалады. Осы мәселені шешу мақсатында оқушыны сенімді сөйлетуге бағыттап түрлібелсенді әдіс-тәсілдер таңдалады. Төмендегі берілген (1-сурет) мультимодальды мәтін, сабақ барысында қызығушылықты ояту бөлімінде оқушы назарына ұсынылады. Олар өздерінің отбасы мүшелері туралы ақпарат беріп, айналасындағы туыстарын, бауырларын таныстырады. Осылайша лексикалық минимум түзіліп, туыстық ата, әже, аға, іні, қарындас, сіңілі, жеңге, жезде сынды сөздерді еске түсіріп қана қоймай тәуелдік, септік жалғауларын қайталап сауатты қолданады. Осындай мәтінді берудегі күтілетін нәтиже – визуалды мәтіндегі әр детальды сипаттап, мәтін құрастыру дағдысын қалыптастырады.

(1 сурет) Туыстық атаулар

Екінші тілдің 8-сынып оқу бағдарламасында оқушылар шағын, орта көлемді көркем шығармалар оқиды. Автордың идеясын жеткізуде, шығарманың мазмұнын түсінуде, кейіпкер әрекетін сипаттауда кейбір оқушылардың сөздік қоры жетпейді. Бұндай жағдайда жұптық, топтық тапсырмаларды орындауда сараланған тапсырмалар беріледі. Мысалы, оқушылар Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысады. Тіл білу деңгейі төмен оқушылар әңгімеге арқау болған кейіпкердің мінезін сипаттайтын сөздерді анықтап олардың мағынасын сөздіктің көмегімен түсіну үшін түсіндірме жұмысын жасайды. Мәтіндегі тірек сөздерді белгілеп, сол кілт сөздердің мағынасын толық түсіну үшін сөйлем құрастырып үйренеді. Тіл білу деңгейі орташа оқушылар деректі, концептуалды, дебаттық сұрақтарды мәтін мазмұны бойынша құрастырып бір-біріне қою арқылы жауаптар алады. Әңгіменің бөлімдерін толық оқып танысып болған соң, Елес суреті «Doodling» стратегиясы бойынша тапсырма орындайды. Бұл стратегияның басты мақсаты оқушылардың шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамыту. Яғни, оқушы өзі қалаған бөлім немесе эпизодты таңдап алады, таңдалған мәнмәтіннің идеясын анықтап, маңызды кілт сөздер немесе фразаларды маркер, түсті қарындаштың көмегімен бояп, кілт сөздер мен фразалар арасында байланысты көрсету үшін креативті Елес суреті немесе символ «Doodling» салуы қажет, мүмкіндігінше креативтілік танытып, үзіндінің түйінді шешімін шығарып аудтиория алдында таныстырылым жасайды. Бұл стратегия оқушылардың танымдық түсінігін қалыптастырып қана қоймай, шығармаға жаңаша рең беріп креативті ойлауын жетілдіреді және өзінің төл туындысын таныстырып тұрған бала шығарманы толық түсінгенін дәлелдейді.

Кәсіби даму жұмысы аясында жүргізіліп жатқан «Жазбаша және ауызша мультимодальды мәтіндер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту» тақырыбындағы іс әрекеттегі зерттеу жұмысы ағымдағы оқу жылында жалғасын таппақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Nørgaard N. The semiotics of typography in literary texts. A multimodal approach // Orbis litterarum. – 2009. – Т. 64. – №. 2. – С. 141-160.

  2. Кибрик А. А. Мультимодальная лингвистика // Когнитивные исследования, вып. IV. – 2009. С. 134-152.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!