Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Экологиялық белгілер және тағам қоспалары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Тақырыбы: «Экологиялық белгілер және тағам қоспалары»
Секция: «Биология»
Орындаған:
2020-2021 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
I |
Кіріспе |
|
II |
Негізгі бөлім |
|
2.1 |
Экологиялық белгілер және тағам қоспалары дегеніміз не? |
|
2.2 |
Экобелгінің түрлері? |
|
2.3 2.4 |
Тағам қоспаларының түрлері Тәжірибелік бөлім |
|
ІІІ |
Қорытынды |
|
ІV |
Пайдаланылған әдебиеттер |
|
КІРІСПЕ
Зерттеудің мақсаты: Тауарлардың қаптамаларындағы экологиялық белгілерді анықтау және тағам қоспаларын зерттеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға адамдардың назарын аудару.
Өзектілігі:
Дүкеннен сатып алынған әр
заттың сыртқы орамасында, қорапшасында, сол өнімнің сапалығы,
шығарылған күні,қолдану мерзімі, құрамында не бар екені т.с.с
белгілері,таңбалары көрсетіледі. Олардың ішінде адам ағзасына зиян
келтіретін қоспалар да болуы мүмкін. Сатып алынатың заттардың,
тағамдардың сыртындағы белгілер танып айыра білу-әрбір адам
денсаулығының кепілі.
Зерттеудің міндеті: Тұтынушылардың тауар сыртындағы экомаркировканың мағынасы және тағам қоспалары жайында көп ақпараттандыру.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз күнделікті тұтынатын заттарды,тағамдарды сатып алғанда,оның сыртында не жазылғанын, не бейнелегеніне, яғни этикеткасына мән берсек,онда денсаулығымызды нығайтар едік
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: фитонцидті өсімдіктердің тағамды сақтауға пайдануға болатындығы және микробтарды жоятын қабілеттілігі туралы ғылыми негіздерін мектеп оқушыларына таныту.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттерден тұрады.
-
Негізгі бөлім
Экомакировка немесе экологиялық белгілер дегеніміз - арнайы салынған символдар мен мәтін сөз.Ол заттың қорабына,сыртына немесе зат құжатына түсіріледі. Экомаркировка заттың қоршаған ортаға қауіпсіздігін, тұтынушыға деген қауіпсіздікті білдіреді. Экобелгі арқылы тұтынушы тұтынатын затының талапқа сай, денсаулығына зиянсыз екендігіне көзін жеткізеді. Қазір әлемде экологиялық белгілер өте көп.
Экобелгілердің бейнеленуіне қойылатын негізгі талаптар:
-
Көптеген заттардың ішінде белгі салынған өнімнің тиімді ерекшеленуі;
-
Тез танитындай және тез есте қалатындай болу керек;
-
Табиғатты қорғау қызметінде оның маңызды екендігін білдіретіндей болу керек.
Экомаркировкамен белгілейді:
-
Азық түлік емес тауарларды (компьютерлер, қағаз, кеңсе тауарлары, киім, құрылыс және әрлеу материалдары, жуғыш және тазалағыш заттар, еден жабындары, тұрмыстық заттар, жиһаз,көлік, жанармай және т.б.);
-
азық –түлік өнімдерін (су, нан өнімдері, ауылшаруашылық өнімдері)
-
қызмет (мейрамхана, дүкен, қонақүй, әртүрлі энергия өнімдері, саяхат және т.б.);
-
жұмыс (құрылыс және әрлеу жұмыстары және т.б).
Қоршаған ортаны сақтауға шақыратын, материалдар мен қалдықтарды қайта өңдеуге шақыратын белгілер.
Экобелгінің – 1 түрі:
- Петля Мебиуса», Мебиус байламы - қалпына келтірген (екінші реттік) қорап.
-«Жасыл нүкте».Бұл белгі заттың немесе оның қорабының екінші рет өнделген шикізаттан тұратын не екінші рет өңдеуге болатынын білдіреді.
- Егер қорапта стақан мен шанышқы белгісін көрсеңіз онда өнім залалсыз заттан жасалған,тамақ өнімдерімен жанаса алады деп ұғыңыз.
Экобелгінің – 2 түрі:
Полимерлік материалдардан жасалған тауарға және қорапқа салынған белгілер олардың екінші рет өңдеуге болатындығын білдіреді.
1-7 дейін сандар немесе әріп – кодтары жазылуы, тауардың не қораптың неден жасалғанынан хабардар етеді.
1.Полиэтилентерфталат 4. Төменгі қалыңдықтағы полиэтилен
2.Жоғары қалыңдықтағы 5. Полипропилен
полиэтилен 6. Полистирол
3. ПВХ Поливинилхлорид 7. Пластиктің басқа түрлері
Экобелгінің – 3 түрі:
Қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттарды,зиянды заттардан тазартылғанды білдіретін белгілер.
а)Теңіз жолымен тасыған кезде
теңіз флорасы мен фаунасына зиян келтіретін заттарды белгілейтін
арнайы белгі.
б) «Қоршаған ортаға зиян». Зиянды, қауіпті заттарды белгілейді.
Қазақстан Мемлекетінің экологиялық белгілері - экологиялық таза өнімді білдіреді.
Дүкен мен супермаркеттен тамақ аларда өнімнің құрамын қарайсыз ба? Қант және оны алмастырушылар, тұздар, бояғыштар секілді химиялық заттармен қаншалықты таныссыз?
Тағам қоспалары - тамақ өнiмдерiне оларды дайындау және өндiру процесiнде белгiлi бiр қасиеттер сіңіру және олардың сапасын сақтау мақсатында арнайы енгізілетін табиғи және жасанды заттар.
Дегенмен, қаптамадан «Е» дегенді көріп, бірден қолданудан бас тартпаңыз. Оның қаншалықты қолданысқа жарамды екенін білу үшін, толықтай зерттеуді керек. Тағамдық қоспаны белгілеу үшін «Е» әрпінен бөлек, үш не төрт саннан тұратын арнайы код көрсетіледі. Ал, «Е» индексі («Europe» сөзінен шыққан) Еуропалық одақ көлемінде тағамда арнайы қоспалардың барын білдіреді. Оны арнайы Халықаралық жіктеу жүйесі (INS) арқылы бекітеді.
Индекс |
Класс атауы |
Технологиялық қызметі |
Е100-Е182 |
Бояғыштар (концегорендер) |
Тағамның түсін жақсартады
|
Е200-ден ары қарай |
консервантар |
Тағамның сақталу мерзімін ұзартады |
Е300-ден ары қарай |
Қышқылдандырмай тындар |
Тағамның қышқылдануынан, бұзылуынан сақтайды |
Е 400-ден ары қарай |
Қойылтқыштар (стабилизаторлар)
|
Тағам құрамын сақтап тұрады |
Е500-ден ары қарай |
эмульгаторлар |
Тағам құрылымы сақталады. |
Е600-ден ары қарай |
дәм мен иісті күшейтушілер |
Дәмді келтіреді, пісуіне әсер етеді |
Е 700-Е800 |
Қосымша индекстер |
|
Е900-ден ары қарай |
Көпіршіктерді басушылар |
Көпіршікті азайтады, мысалы сыра құйылғанда |
Е1000 –нан ары қарай |
Жылтыр берушілер |
Қорғаныш қабығын құрайды немесе жылтыр түс береді |
Тыйым салынған бояғыштар-
-
Е 121-қызыл цитрусты тағамдық бояу;
-
-Е 123-қызыл амарант;
-
-Е 128-қызыл;
Тыйым салынған консерванттар-
-Е216,Е217 , Е 240.
2.4. Тәжірибелік бөлім
Мен өз ауылымыздың дүкеніндегі заттардың тағам қоспаларын анықтадым. Адамға пайдалысы мен зиян заттарды табу мақсатында. Мен зерттеу нәтижем бойынша төмендегі кестедегідей нәтиже шықты:
Зерттеген тағам құрамындағы тағам қоспаларынан оның пайдалы –зияндылығын анықтадық.
Пайдалысы: Сок «Моя семья» Шоколадтар :«Альпен гольд» , «Марс». Тағам қоспалары кездесті:
1.Табиғи картопты чипстерде: 8 түрлі тағам қоспалары,оның ішінде қауіптілері: Е160; Е621; Е631 (Е160-теріге зиян)
2.Печенье «Яблочное»: 8 түрлі қоспа, қауіптісі: Е223(қауіпті зат)
3. Сағыз «Дирол»:11 түрлі қоспа, қауіптісі: Е903, Е320 (холестериннің деңгейін көтереді).
Қорытынды:
Қазіргі заманда адам тағам
қоспаларын толық қолданбаудан сақтана алмайды. Жасалған зерттеулер
нәтижесінде тағам қоспаларының мәні мен түрлері, зияндылық
дәрежесі, біздің өміріміздегі алатын орны мен қолданылу жиілігі
анықталды.
Сондықтан белгілі бір тағам өнімін сатып алмастан бұрын құрамына
бір мезет назар аударыңыз! Құрамында тағам қоспасы аз болған сайын,
тағамның ағзаңызға зиян келтіру мөлшері де аз
болады.
Зерттеу жұмысымды
қорытындылай келе менің айтар
ұсынысым:
-Тағам өнімін сатып аларда оның құрамында не бар екенін білуге
тырысыңыз;
-Жаңа өндірілген өнімдерде тамақ қоспасы жоқ. Мысалы, ет пен
балықта, балда, дақылдарда;
-Экология жағынан қауіпсіз таза өнімдерді пайдаланыңыз, эко
белгілерге назар аударыңыз;
-Жеміс –жидектерді де химиялық затпен өңделетіндіктен, жуып, әрі
қабығын аршып жеу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Төлеуов Е.Т., Әмірханов Қ.Ж., Хаймулдинова А.К. Ет және ет өнімдерінің технологиясы. Семей: Шәкәрім атындағы СМУ, 2004. – 184 бет -
Сарафанова Л.А. Применение пищевых добавок. Технические рекомендации. Санкт-Петербург, 2001.-С.173. -
Баль В.В., Вереин Е.Л. Технология рыбных продуктов и технологическое оборудование. М. Агропромиздат, 1990 -
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/55667/