ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК – ШЫНАЙЫ ЕРКІНДІКТҢ КЕПІЛІ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институтының
ғылыми қызметкері
Қ.М. Мурзаходжаев
1-қыркүйек күні президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын баяндады. Көктемде өткен сайлаудан кейін парламенттегі саяси партиялардың саны өзгеріп, депутаттар құрамы жаңадан қосылған қоғам белсенділерімен түрленген болатын. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көкейіндегі жүрген мәселелерді жоғарғы мінбеден жариялап, қарапайым халықтың хал-ахуалын жақсартуда депуттар ұжымының жұмысын мемлекет басшысы жоғары бағалап өтті.
Жолдаудың басында Қ. Тоқаев өзінің алдыңғы жылы жасаған жолдауындағы кейбір тапсырмалардың орындалу барысына тоқталып, белгілі бір қорытындысын жасады. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында: «2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәоігерлердің де айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді», – десе, ал билік жүйесін оңтайландыру реформаларының жүзеге асу барысы жөнінде: «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізді «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асырумыз керек», – деп, жоспарланған бірқатар шаралардың нәтижелі түрде орындалғанын айтқан болатын.
Жаһандық сын-қатерлерді басшылыққа ала отырып және жаңа замандағы халықаралық үрдістерден кенже қалмау мақсатында мемлекет басшысы жақын болашақтағы (3 жыл ішінде) еліміздің алдында тұрған міндеттеріне тоқталып өтті. Ол негізгі үш қағидатқа: әділдік, инклюзивтік және үнемшілдікке негізделеді. Ал жаңа экономикалық бағыттың басты мақсаты экстенсивті моделден интенсивті үлгіге мән беру, яғни қағаздағы тек сандық көрсеткіштермен шектелмей, сапалық жағына назар аудару.
Президент алдағы уақытта еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлардың әлеуетін барынша ашуға жұмыс бағытталуы керектігін алға тартқан болатын. Мемлекет алдында тұрған нақты тапсырмалар тізімінде: «еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет». Әлемдік тәжірибеде дәлелденген бір факт, тәуелсіздік тек басқа елден азат, еркін болу ғана емес, оның шеңбері кең. Ол саяси, экономикалық, рухани, әскери, экологиялық, т.б. тұрғыда дербес, азат болу. Осы орайда Қ. Тоқаевтың өз-өзімізді шикізатпен де, дайын өніммен де, құрал-жабдықпен де қамтамасыз ету тұжырымдамасы өте орынды. Әсіресе, бүгінгі таңда жақын көршілеріміз арасында соғыс болып жатқан кезде, соның салдары ретінде санкциялық шектеулердің салынуы шағында өзектілігі арта түсуде.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өзара бірлесіп, жұмыла отырып ортақ отанымыздың гүлденуі үшін жұмыс жасауы керек. Оның қарапайым мысалы, әркім өзінің жұмысына тиянақты болып, адал еңбек етіп, «ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат» болуы қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экономикалық тәуелсіздік - шынайы еркіндіктің кепілі
Экономикалық тәуелсіздік - шынайы еркіндіктің кепілі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК – ШЫНАЙЫ ЕРКІНДІКТҢ КЕПІЛІ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институтының
ғылыми қызметкері
Қ.М. Мурзаходжаев
1-қыркүйек күні президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын баяндады. Көктемде өткен сайлаудан кейін парламенттегі саяси партиялардың саны өзгеріп, депутаттар құрамы жаңадан қосылған қоғам белсенділерімен түрленген болатын. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көкейіндегі жүрген мәселелерді жоғарғы мінбеден жариялап, қарапайым халықтың хал-ахуалын жақсартуда депуттар ұжымының жұмысын мемлекет басшысы жоғары бағалап өтті.
Жолдаудың басында Қ. Тоқаев өзінің алдыңғы жылы жасаған жолдауындағы кейбір тапсырмалардың орындалу барысына тоқталып, белгілі бір қорытындысын жасады. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында: «2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәоігерлердің де айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді», – десе, ал билік жүйесін оңтайландыру реформаларының жүзеге асу барысы жөнінде: «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізді «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асырумыз керек», – деп, жоспарланған бірқатар шаралардың нәтижелі түрде орындалғанын айтқан болатын.
Жаһандық сын-қатерлерді басшылыққа ала отырып және жаңа замандағы халықаралық үрдістерден кенже қалмау мақсатында мемлекет басшысы жақын болашақтағы (3 жыл ішінде) еліміздің алдында тұрған міндеттеріне тоқталып өтті. Ол негізгі үш қағидатқа: әділдік, инклюзивтік және үнемшілдікке негізделеді. Ал жаңа экономикалық бағыттың басты мақсаты экстенсивті моделден интенсивті үлгіге мән беру, яғни қағаздағы тек сандық көрсеткіштермен шектелмей, сапалық жағына назар аудару.
Президент алдағы уақытта еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлардың әлеуетін барынша ашуға жұмыс бағытталуы керектігін алға тартқан болатын. Мемлекет алдында тұрған нақты тапсырмалар тізімінде: «еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет». Әлемдік тәжірибеде дәлелденген бір факт, тәуелсіздік тек басқа елден азат, еркін болу ғана емес, оның шеңбері кең. Ол саяси, экономикалық, рухани, әскери, экологиялық, т.б. тұрғыда дербес, азат болу. Осы орайда Қ. Тоқаевтың өз-өзімізді шикізатпен де, дайын өніммен де, құрал-жабдықпен де қамтамасыз ету тұжырымдамасы өте орынды. Әсіресе, бүгінгі таңда жақын көршілеріміз арасында соғыс болып жатқан кезде, соның салдары ретінде санкциялық шектеулердің салынуы шағында өзектілігі арта түсуде.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өзара бірлесіп, жұмыла отырып ортақ отанымыздың гүлденуі үшін жұмыс жасауы керек. Оның қарапайым мысалы, әркім өзінің жұмысына тиянақты болып, адал еңбек етіп, «ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат» болуы қажет.
шағым қалдыра аласыз













