400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ел басы ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы ел тірегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәрсенбай Шынар Бекдәулетқызы

Талғар ауданы Алмалық ауылы №18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

sarsenbaishynar@mail.ru

Елбасы – ел тірегі

Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол – Елбасы. Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Халқымыздың тамыры терең тарихына назар салсақ, көптеген қиындықтар мен ауыртпашылықты басынан өткергенін білуге болады .Осыдан 26 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.

Ал, бүгін сынақтардың барлығы артта қалды. Еліміз егемен, халқымыз мамыражай күн кешуде. Түптеп келгенде, Қазақ елінің бастамалары мен ұстанымдарын жер бетіндегі барлық мемлекеттер мойындап, қуаттап, қолдау үстінде. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың саясатының жемісі.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өткен екен.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген.Елбасымыз осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.

Елбасымыз өзінің «Қазақстан 2050:«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – Қазақстан – 2050» Стратегиясының  түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын»,  - деді. Сондықтан  ата – бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету – бәріміздің парызымыз деп ойлаймын.

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын, 
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын. 
Қазағым жетті бүгін арманына, 
Елбасым, айналайын, атқан таңым. 
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің, 
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің, 
Төрткөл дүние әлемін сілкіндіріп, 
Елімнің шығардыңыз биік үнін. 
Елбасым, ер жүректі, ер мінезді, 
Елімді айналдырған гүл күмбезге, 
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасшысы, 
Жарқыраған қазағымның күні емес пе? 
Қазағымның жарқыратқан маңдайын, 
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым, 
Қақтырған талай дүниенің таңдайын. 
Мен мақтанам Елбасыммен әрдайым. 

Мен Елбасыммен мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ деп айта аламын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 26 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз. 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі