Ел жүрегі Астана
... Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік
ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары
сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған,
өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз
мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар
әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
Н.Ә.Назарбаев
Адам өмірбаяны сияқты мемлекет тарихында да қоғамның, мемлекеттің мекендік-саяси орны, соған сәйкес астананың орналасқан жері туралы пайымын өзгертуге итермелейтін беймаза кезеңдер болады. Осындай тарихи уақыт белесінде астананы ауық-ауық ауыстырудың салдарынан сырт көзге абыр-сабыр оқиғалар өтіп жатқандай көрінеді. Бірақ олар елдің ұзақ ғұмыры мен кемел келешегі үшін, тұрақты дамуы үшін қажет құбылыстар болмақ.
Егер осылай пайымдар болсақ, менің түсінігімде, біздің Қазақстанда, жер ауқымының аса байтақтығы жағдайында дәл осы «халық мүддесі мен халық назары» тарихи тұрғыдан «үкіметтің орналасқан жерін ауыстыруды» алдын ала айқындап қойған тәрізді. Бұл жердегі әңгіме қайдан ойға келгені белгісіз оқыс шешім сияқты көрінген, түйеден түскендей етіп астананы аяқ астынан Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы болып отыр.
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да – сол ел мен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаң да дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбарлы жеңістерінің куәгері болды. Енді м іне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп жығылған ту қайта бой көтергеніне де себепкер болып,отыр. Қалай десек те Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз.
Астана – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оны көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл – соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімінің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі.
Бір атақты физик-ғалымның: «Сондай жап-жас және сондай беймәлім!» деп айтқаны бар екен. Сол сияқты мемлекетіміздің тарихы да еліміздің ең жас астанасында жасалуда. Пайда болғанына не бары жиырма жыл толған, сөйте тұра жалпақ жалғанда мәшһүр болған астана.
Бүгінгі күні жас Астана елдің жай ғана әкімшілік орталығы ретінде, үкіметтің орталық органдары орналасқан, ел үшін тағдырлық мәні бар шешімдер қабылданатын жер ретінде ғана қаралмайды. Не бары жиырма жыл ішінде бұл қала біздің миллиондаған азаматтарымыз үшін Отанымыздың нағыз жүрегіне айналды.Кез-келген жүрек сияқты жаңа астана да Қазақстанның барлық өңіріне нәр берумен қатар, ұлттық рух пен сананы көтеруде.
Күн санап жаңа астананың ажарын ашып, көркейте түскен зәулім де сәулетті жаңа құрылыстары , абаттандырылып жатқан алаңдары мен гүлзарлары , саябақтары қала қонақтарын қайран қалдыруда. Мейлі, ол баяғы Целиноградпен және Ақмоламен бұрыннан таныс жан болсын, мейлі, бізге алғаш келген мейман болсын, шын ризашылықтарын айтуда.
Астана - Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл – соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш жігеріне деген сенімінің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ел жүрегі - Астана

шағым қалдыра аласыз