Материалдар / Ел мұраты-ел бақыты, гүлденген тәуелсіз Қазақстан!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел мұраты-ел бақыты, гүлденген тәуелсіз Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел идеясы аясында еліміздің тарихын танымды түрде таныту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ел мұраты-ел бақыты, гүлденген тәуелсіз Қазақстан!


Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы


Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы


«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Шымкент қаласы, Дулати көшесі 201 а, 87751766178, 87713170927 taraktyruy@mail.ru


Біз 2015 жылы қыркүйек айында Қазақ хандығының 550 жылдығын бірқатар шетелдік көшбасшылардың қатысуымен Тараз қаласында кең көлемде атап өттік. Бұл бастама өте орынды.Себебі Керей мен Жәнібек, Ақназар мен Қасым, Есім мен Тәуекел, Әз-Тәуке мен Абылайдай қайталанбас дара тұлғалары бар қазақ халқы өз тарихын өзі ғана танып қоймай, керсінше бүткіл әлемге танытатын күн туды.Себебі осы тарихи тұлғалар тұсында "Есім ханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы, Әз-Тәукенің жеті жарғысы, Абылайдың ақ жолы" деген атпен таныс заңдық ережелер қалыпқа түсіп, Қазақ хандығы кемелдене түсті.

Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастау алған ұзына бойы тарихымызда Ұлы далада небір қиындықтарды басымыздан кешірген,сұрапыл соғыстарды,жойқын жортуылдарды өткерген; сан рет қирап,сан рет бой түзеген;тарихтың тағдырлы көші дейтін ұзақ жолда жақсыны да,жаманды да көрген;салтанатты да өмір сүрген,хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре білген елміз[4].

Бірақ түрлі тарихи жағдайларға байланысты Алқакөл-сұламаға ұшырадық. Ресейге бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз,ар ожданымыз табанға тапталды.Кеңпейіл, аңқау қазақтың мал-жаны тәркіленіп, ашаршылыққа душар болды.Зұлматтың құрығына түсті.Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық.Хандарымыз бен билеріміз, бектеріміз бен батырларымыз әжуаға, мазаққа ұшырады.Тарихымыз саясаттың құралына айналып, теріс оқытылды.Сана, дәстүр күйреді.Халық жадынан айрылды.Шыбын жаны шырқырады.Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаздадық.Қожаберген жыраудың : "Қаратаудың басынан көш келеді,Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,Қарындастан айрылған жаман екен, Екі көзге мөлтілдеп жас келеді", деп зарлағаны,Қазтуған жыраудың "Қайран да менің Еділім" деп қабырғасы сөгілгені: үш жүздің басын қос алмай Абылайдың шарқ ұрғаны, Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; "Еділді келіп алғаны-етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны-жағаға қолды салғаны", "Әдіре қалғыр Үш Қиян" деп Мұрат ақынның күйзелгені; "Бас-басына би болған өңкей қиқым,Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын", деп Абайдай алыптың қабырғасы қайысатыны осы тұс еді[5].

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған[4]. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Құдайға шүкір, басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз артта қалып, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін аштық.

Небәрі жиырма бес жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет-Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді.Осы Ұлы көшті Н.Ә.Назарбаев бастады.Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр мемлекет орнатып,халқынының көңілдегісін тауып,көкейіндегісін істеген Назарбаевтай ұлы тұлғаны Ұлы даланың тарихы білген емес. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! [3]

Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу[2]. 

Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық посткеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қоғамымызда «мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс?» деген пікірталас жүріп жатқандығын аңғаруға болады. Бұл туралы ұлт лидері Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы» деген едi[1].

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндейді[1]. Иә, Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың ықылым ғасырлардан бергі асыл арманы екені белгілі. Болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.

Тарих – халықтың жады мен зердесі. Шынайы ел тарихын білу арқылы тарихи сана бекиді, тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады. Бұл, түптеп келгенде, тәуелсіздігіңіздің баянды болуының кепілі. Ендеше, мемлекеттің дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені белгілі. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жетуде бірігіп әрекет етуге шақырады. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы көп. Соның бірі және бірегейі отандық тарихты насихаттау.

Тарих ойға бағындырылған. Ал, тарихты зерттеп үйрену өткенді ұғыну, қоғамдық болмыс заңдарын түсіну деген сөз. Тарихтан білім берудің мақсаты - оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады[1].

Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!


2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы (http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400002014/links).

3. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары (http://today.kz/news/ kazakhstan/2015-05-20/614838-nazvany-100-konkretnyh-sagov-dalnejsego-razvitia-kazahstana).

4.Қазақстан тарихы. Ред. басқарған проф. Қаражан Қ.С. – Алматы, 2008.

5.Қазақстан тарихы. Очерктер. – А., 1994.

6.Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. – Алматы: Қазақ университеті. – А, 2006.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!