Елбасы елдің тұтқасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елбасы елдің тұтқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы жəйлі өлеңдер,1 желтоқсан,патриот тұлғаға.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • СЕРГІТУ СӘТІНЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

1.Орнымыздан тұрамыз,

Шапалақты ұрамыз.

Апайларды тыңдап біз,

Бестік баға аламыз!

2.Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне керегі:

Екеу қайың астынан,

Біреу терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке.

3.Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кңп-кішкентай бөбектер,

Үлкен болып өседі.

4.Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай.

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.

5.Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ,сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

6.Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

7.Аппақ болып таң атты,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

8.Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Бір орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

9.Көп отырып шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгіргіміз келеді,

Әдемілеп ән салып.

10.Күн ұйықтайды,

Күн оянады.

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады,

Күн ашылды,

Жел басылды.

11.Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

12.Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

13.Жел улейді у-у,

Құйын келіп билейді зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду.

14.Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі