Елбасым-мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елбасым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:29.11.2017ж

Тақырыбы: «Елбасым- мақтанышым!»

Әдісі:Мәнерлеп оқу
Көрнекілігі: компьютер,слайд.
Мақсаты: Қазақтың тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Барысы:

1 -Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!


2-Жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!


1 -Жүргізуші:

Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға лайықты.

2 -Жүргізуші:

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!


1- Жүргізуші:

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасым- мақтанышым!» атты мәнерлеп оқу сайысы ашық деп жарияланады. Келген қатысушыларымызды  қол соғып ортаға  шақырайық!

 Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін алқа мүшесімен таныс болайық:

1.

2.

3.


Г И М Н орындалады.


2-Жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі.

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені!

1- Жүргізуші:

Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз!


2-Жүргізуші:

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

1-Жүргізуші:

Халық деген қасиетті, киелі,

Жақсы адамның жақсылығын біледі.

Нұрсұлтан боп әңгіменің түйіні,

Дүрсілдейді әр қазақтың жүрегі.

Елдің ыстық ықыласын сезіңіз,

Әр ауылда жетті бұған көзіміз.

Қажет емес бізге басқа Президент,-
дейді халық,-қалауымыз өзіңіз!»

2-Жүргізуші:

Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз Отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.

Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі  бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, сондай-ақ ҚР тұңғыш президенті күнімен құттықтаймыз.

1-Жүргізуші:

—   Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі —  сіздерсіздер! Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!

2-Жүргізуші:

- Осымен бүгінгі«Елбасым- мақтанышым!» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі