Электр жабдықтарын монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстарына сипаттама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр жабдықтарын монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстарына сипаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр жабдықтарын монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстары туралы жазылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электр жабдықтарын монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстарына сипаттама

Жүктерді тиеу мен түсіру, жөндеу,монтаждау кезінде орындалатын, оларды қармау мен босату, көтеру мен қою,жылжыту және жүкті көтеріп ұстап тұру операцияларын такелаждық жұмыстар деп атаймыз. Монтаждалатын жабдықтың заводтық дайындығы мен блоктылығының деңгейінің көтерілуіне, монтаждың индустриализациялануы мен жөнделуіне байланысты, сонымен бірге көтерілетін және жылжитын жүктердің салмағының өсуіне байланысты такелаждық жұмыстардың да мәні артуда.

Такелаждық жабдықтар үлкен номенклатура мен қолданысқа және жоғары жүккөтергіштілікке ие. Ауыр индустрия жабдықтарын монтаждауда үлкен көлемде жүккөтергіштігі 320 т дейін крандар, монтаждық матчтар, жүккөтергіштігі 100 ден 1000 т дейін гидрокөтергіштер мен порталдар қолданылады.

Такелаждық жабдықтар (тәсімді қараңыз) келесідей болып бөлінеді: такелаждық жұмыстардағы маңызы бойынша, арналуы бойынша (пассивтік – құралдар,құрылғылар; активті – машинлар мен механизмдер), құрастырылым жетегінің жылжуы бойынша, жылжитын ортаның түрі (құрғақ,су, әуе) мен физикалық құбылыстар бойынша.

Крандарды құрастырылымы бойынша (жебелі, көпірлік типті және көтергіш арқанды), жылжуы бойынша (тұрақты, орнатылған, өзікөтергіш, қайта қойылатын, радиальдық, жылжымалы, өздігінен жүретін және тіркемелі) деп классификацияланады.

Монтаж кезінде мұнаралық (ГОСТ 13555–79), жылжымалы және жебелі өздігінен жүретін крандар(ГОСТ 22827–77) кең қолданылады. Жылжымалы крандар жүріс бөлігінің құрастырылымы бойынша рельстік, теміржолдық, адымдаушы және қалықтаушы, ал өздігінен жүретін крандар – автомобильдік, пневмодөңгелектік, шынжыртабанды, тракторлы болып бөлінеді. Мұнаралық крандарды жебелік крандарға жатқызады, жебе шығуының өзгеруіне байланысты жүктік арбашамен жабдықталған крандарды көтерілетін жебелі және көлденең жебеліге бөледі.Төртағанды крандар көпірлік крандарға жатады.

Такелажды жұмыстарды ұйымдастыру.

Дәріс жоспары

1. Такелажды жұмыстар.
2. Строптар, блоктар және полиспасттар, қолды және электрлік тальдар, лебедкалар, домкраттар.
3. Тіректі құрылымдар. Өздігінен жүретін көтергіш механизмдер.
4. Жабдықты фундаментте өлшеу. Жабдықты бекіту және виброизоляциялау.



1) Монтаждау, жөндеу және тиеу-түсіру жұмыстары процесінде жабдықты көтеру мен орын ауыстыруы бойынша жұмыстар, сонымен қатар жабдықтан тораптар мен бөлшектерді бекіту немесе шешіп алу жұмыстарын такелажды жұмыстар деп атайды.
Жабдықтарды қоймадан цехтарға темір жол мен автомобиль көлігі арқылы жеткізеді.
Салмағына қарай жүктер жеңіл салмақты (250 кг көп емес), ауыр салмақты (250 кг-нан 50 т дейін), өте ауыр (50 т жоғары) және өлі. Өлі жүктер — бұл белгісіз салмақтағы, жерге кіріп кеткен, басқа да жүктермен қысылып қалған немесе т.б. жүктер. Мұндай жүктерді кранмен көтеруге тыйым салынады. Пішіні мен өлшеміне байланысты жүктер ауқымды және ауқымды емес болып бөлінеді. Ауқымды өлшемдері темір жолдың қозғалмалы құрамынан аспайтын, ал автомобиль транспорты үшін көше мен жол бойынша бекітілген қозғалыс ережелерінің нормасынан тыс емес жүктер ауқымды жүктер деп аталады. Жүктерді жүк көтергіш механизмдерге строптың көмегімен бекітеді. Көтеруге немесе орын ауыстыруға арналған жүкті строповкалау алдында стропальщик оның салмағын білуі тиіс. Жабдықтың салмағын әдетте механизмнің қаңқасына бекітілген зауыттық кестеде көрсетеді. Егер жүк буып-түйілсе, онда оның салмағы жәшікте жазылған.

2) Сақиналы жалғанған немесе арнайы аспалы құралдармен жабдықталған, жүкті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз бекітуді қамтамасыз ететін арқан кесіндісін стропа деп атайды. Құрылымы бойынша строптар жұмсақ және қатты болып келеді.





а — әмбебап; б — жеңілдетілген; в — көпбуынды; г — қармағыш; д — траверса
1. сурет. Монтажды блоктар мен стропты аппараттар үшін құрылымдар:


Блоктар — бұл жүктерді көтеруге арналған қарапайым механизм. Олар негізінен жүк көтергіш механизмдер құрамына кіреді. Роликтарының санына қарай бір- және көп роликты блоктар болады. (2 сурет). Бір роликті блоктар тек арқан немесе шынжыр бағытының өзгерісі үшін қызмет етеді. Оларды бұрыштық блоктар деп атайды. Жөндеу және такелаждау жұмыстарында жүкті 3 м биіктікке көтеру немесе түсіру үшін жүк көтергіштігі 1 тоннадан 10 тоннаға дейінгі қолмен істейтін және электрлік тальдар қолданылады. Қолмен істейтін тальдар буынтықты және шестерналы болады. Қолмен істейтін тальдардағы тарту органы ретінде пластиналы және калибрлі шынжырлар қолданылады. Тальдардың жұмыс істеу аумағын кеңейту үшін оны қозғалмалы арбашаға іліп қояды. Бұл арбаша екі немесе төрт бос дөңгелектен тұрады, оның көмегімен монорельс бойымен қозғалады.




2. сурет. Болат арқандар үшін блоктар:
а — бір роликты; б — шалқайғыш ілгіш; в — екі роликты; 1 — ілгіш; 2 — траверса; 3 — ролик; 4 — науа; 5 — науа өсі (болт); 6 — жапсырма; 7 —роликтер өсі; 8 — жапсырманың кергіш болттары 9 — ілгіш; 10 — ілгіш бұрандасы; 11 — траверсалар шипі; 12 — тартылыс ілгіш; 13 — траверсті шип; 14 — тартылыс ілгіштің өсі



3. сурет. Блоктардың орналасу сұлбасы:
а — арқан бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін қозғалмайтын блок; б — тартылу күшін 2 есе төмендетуге мүмкіндік беретін қозғалмалы блок; в — тартылу күшінің 3 есеге көбеюін қамтамасыз ететін полиспаст; е — тартылу күшінің 4 есеге көбеюін қамтамасыз ететін полиспаст; 1 — қозғалмайтын блок; 2 — арқан; 3 – қозғалмалы блок.


Жүктерді блоктың немесе полиспастың көмегімен көтеруге арналған негізгі механизм лебедка болып табылады. Жетегіне байланысты лебедкаларды қолмен істейтін және электрлі жетекті деп екіге бөледі. Құрылымына қарай қолмен істейтін жетекті лебедкалар барабанды және рычагты болады. Ауыр бөлшектерді немесе құрылымдарды аса жоғары емес биіктікке (биіктік пен деңгей бойынша реттеу арқылы) көтеру үшін домкраттарды қолданады. Домкраттарды сыналы, бұрандалы, гидравликалық және т.б. бөледі.




4. сурет. Тальдар:
а - буынтықты; б – тісті дөңгелектермен; в — рычагты; 1 — шынжыр; 2 – жетекші жұлдызша; 3 — тальдарды ілетін ілгіш; 4 — жетектегі дөңгелек; 5 — төменгі қозғалмалы жұлдызшы; 6 — жүктіік ілгіш; 7, 9 — жетекті механизмдер; 8 — ілгіш; 10 — рычаг




3) Тальдар немесе полиспаст көмегімен жүкті көтергенде, оларды көтерілетін жүктің массасын ұстап тұруға қабілетті қажетті биіктікке құрылым арқылы іліп қояды. Жабдықты монтаждауда тальдар мен полиспастарды ғимараттың құрылыс құрылымдарына фермалар тораптарына, жабындарға т.б. іліп қояды. Көптеген жағдайда осы мақсатта монтаждау мачтасы сияқты арнайы монтаждау құрылымдарын орнатуға тура келеді. Монтаждау мачтасы – 4-5 вант көмегімен вертикалды немесе иілген (10-20°) металл тұғырдан тұратын қарапайым жүк көтеруге арналған құрылғы. Мачта (башмак) тірегі тұғырға бекітілген массивті тақтадан тұрады. Мачтаның ұшына блок немесе полиспаст, мачтаның негізіне блокты іледі (5. сурет).


4) Технологиялық жабдықты жабдықтың астындағы фундаментке бекітілген машина өстерін монтаждау өстерімен сәйкестендіре отырып салыстырады және орнатады. Жабдықты фундаментке цементті қоспаны қолданбай-ақ, цементті қоспамен құйылып, фундаменттік болттармен бекітілген металл тақталар мен қаңқаларға орнатуға болады. Бұл кезде жоба арқылы белгіленген өндірілетін өнім қозғалысы траекториясы мен цех едені арасындағы деңгейді сақтау керек. Бұл үшін цех жобаларына негізгі бойлық және көлденең өстер жүргізеді де, машинаны цех ғимараты колониялардың бойлық және көлденең өстеріне бекітеді. Технологиялық жабдықты тексерген кезде машинаның базалық бөлшектерін қолданады. Базалық бөлшектерге ірі, машинаның тіректі бөліктері (станина, тақталар, қаңқалар, тұрықтар), бұлар ең алдымен фундаментке немесе басқа негіздерге (металл құрылым және т.б.) орнатылады. Базалық бөлшектерді жобалық жағдайға сәйкес орнатады, оны орнатпас бұрын үш координатада тексереді: биіктік бойынша және жоспар арқылы екі өзара перпендикуляр өстер бойынша. Әрбір агрегатқа екі негізгі өстерді белгілейді — жалпы агрегат үшін бойлық және жетекші машина үшін көлденең өс. Машинаны клин көмегімен орнатады, бұл биіктік пен горизонталды жазықтық бойынша жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Соңғы тексеріп болғаннан кейін клинді пісіріп бекітеді (6,
а сурет). Ірі жабдықтардың станинасын сыналы домкраттармен башмактарға орнатады (6, б сурет), бұрандаларға, (6, в сурет), немесе астарларға (6, г сурет) орнатады.

Жабдықты бекіту. Жабдықты фундаментке жоғары беріктіктегі болаттан жасалған болттармен бекітеді. Болттарды бітеу және алынбалы деп бөледі. 12; 20; 24; 30; 36; 42 мм диаметрлі, болттардың ұзындығы 20-дан 40 диаметрлі болттарды қолданады. Болттардың өстерін жабдықтың негізгі өстеріне бекітді.



а б в г

6. сурет. Машинаны биіктік бойынша тексеруге арналған құрылғылар.


Диаметрі 4142 мм-ге дейін дайындалатын бітеу болттар жеңіл және орта машиналарды бекітуге артықшылықтары бар. Фундаменттің алынбалы болттары ауыр жабдықтарды бекітуге қолданылады, жабдықты монтаждау процесінде арнайы қарастырылған колодцалар мен анкерлі тақталармен бекітіледі. Колодецтарды болтпен бекіткеннен кейін қақпақпен жабады. Бұл болттардың (7,
б сурет) артықшылықтары көп. Көп жағдайда балға тәріздес немесе қиылған басты фундамент болттары қолданылады (7, в сурет). Бекітудің жаңа әдісі фундаменттік гайкаларды пайдалану болып табылады (7, а сурет), олар едәуір арзан, жабдықты цех ішінде еркін ауыстыруға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда машиналарды резиналы төлкелі бұрандалармен бекітеді. (7, б сурет). Бұл әдіс фундаментті гайкаларды жонуды қажет етпейді, ол үшін бетонды тессе болғаны. Машина жұмыс істеп тұрған фундамент жабдықтан грунт қалыңдығына тербеліс береді. Жобаланатын фундаменттің тербелісін төмендету үшін, олардың жанында тұрған машиналарды қалыпты және ғимаратта оларды тиімді орналастыруды қарастырады. Алдын-ала грунтты бекіту мен тығыздау керек. Қажет болған жағдайда тербелісі мен амортизациясын жоғалту үшін әртүрлі құралдар қолданылады.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2023
959
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі