жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Электротехникалық материалдар
Электротехникалық материалдар
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды
пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар
қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулағыш
таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік,
монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр
сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ
өткізбейтін оқшаулағыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулағыш әзірленіп, тұрмыстық электр
жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ
өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады.
Оқшаулағыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін
оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрде
оқшаулағышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулағышты алып
тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан
жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін
қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның
сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған. Электртехникалық
материалдар арнайы материалдар болып табылады, олардан электрлік
машиналарды, аппараттарды, құралдарды және электрқұралдардың және
электроқондырғылардың басқа элементтерін жасайды. Жарықтандыру
электр қондырғылар күрделі жинақ ретінде көрсетілген, ол
тарату қондырғылардан, магистралды және топтық электр желілерден,
әр түрлі электр тұрақты аспаптардан, жарықтандыру арматуралардан
(шырақтардан) және жарық көзінен және ұстап тұратын
конструкциялардан және бекіту бөлшектерден
тұрады.
Жарықтандыру қондырғылардың шырақтары тағайындау бойынша жалпы, жергілікті, аралас, жұмысшы және апаттық болып ажыратылады.
Жарық түсіруге қойылатын негізгі талап ретінде жарықтандырудың нормаланатын мәнімен қамтамасыз етіледі.
Жарықтандырудың нормаланатын мәні көз жұмысы шартымен анықталады, соның ішінде: ажырату зат мөлшерлермен, олардың фонның шағылу коэффициеті және фон қарсыластығымен; жанасу үшін қауіпті заттардың қолайлы болуымен;
Жарықтандырғыш электр қондырғылардың монтаждау кезінде жарықтандырудың нормаланатын мәнін сақтауы жарықтандыру үшін шығындаған электр энергияны үнемдеуіне, дайындалатын өнімнің сапасын жоғарылатуына, қызметкерлердiң көз көруінің шаршағыштығының төмендетуі, еңбек өнiмдiлiгін жоғарылатуға және еңбек жағдайларының жақсартуына әкеледі.






Электрмен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және
жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа
мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында
ұстамаңдар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін
жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа
бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын
немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін,
тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын
естен шығармаған жөн.
1) Білім алушыларды жұмыс жасау кезінде қолданатын құрал-саймандарымен таныстыру
2) Кабиналармен жұмыс жасау үшін үлестірмелі қағаздарды тарату

I басқышты сөндіргішті шамға жалғау

II басқышты сөндіргішті шамға жалғау
3)Өзіндік жұмысты бастау: Шамдарды бекіту және оларды басқыштарға қосу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген