Эльфтер тілі шын өмірде бар ма ?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эльфтер тілі шын өмірде бар ма ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқырман мақаламен танысу барысында тілдің жай дыбыстар жиынтығы емес, мәдениет, тарих және дүниетаным екенін түсінеді. Бұдан бөлек, лингвистика саласы туралы кіріспе білім алып, әлемнің атақты жазушылары мен шетел әдебиетіне қызығушылығы ашылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эльфтер тілі шын өмірде бар ма ?

Тіл — адамзаттың ойлау жүйесін, дүниетанымын және мәдени жадын сақтайтын күрделі таңбалық жүйе. Ол тек қарым-қатынас құралы ғана емес, қоғамның қалай ойлайтынын, әлемді қалай қабылдайтынын көрсететін айна. Алайда тіл тек табиғи жолмен ғана пайда болмайды. Белгілі бір мақсатпен, саналы түрде жасалған жасанды тілдер де бар. Ал осы тілдер лингвистикалық талапқа сай ма ?

Жасанды тілдердің бірі кино әлемінде, енді бірі шын өмірде де қолданылады. “Сақиналар әміршісі” трилогиясының авторы — Дж. Толкин, кәсіби лингвист-филолог, атақты туындысын жазбастан бұрын “Квенья” тілін ойлап тапқан. Эльфтер тілінің Аман тармағындағы Жоғарғы Эльфтер тілінің басты артықшылығы — грамматикалық негізі мен тарихы қалыптасқан жүйе. “Квенья” тарихы 1915 жылдан бастау алады, құрылысының түбірінде фин тілі мен латын, грек тілдерінің емлесі жатыр.


Жұмыс барысында ол Эльдар халқы мен олардың әлемі туралы оқиға жазған. Нәтижесінде фэнтези жанрының классикасы саналатын “Сақиналар әміршісі” пайда болды. Бұл тілдің таңбалық жазуы руналық кирт пен әріптік тенгварға негізделген. Осы шақта эльфтер тілінде бірнеше журналдар да жарық көруде. Бұдан бөлек АҚШ, Ұлыбритания елдерінде грамматикасы жөнінде диссертациялар да қорғалған. Кейбір деректерге сүйенсек, “Тервес-Грин” ұлдар мектебінде факультатив сабақ ретінде оқытылған.


Грамматикасы туралы сөз қозғайтын болсақ, артикль мен септіктері де талапқа сай, мағынаға ие. Тіпті Ваньярин және Нолдорин аталатын екі диалектісі де бар. Тағы американдық лингвист Дэвид Сало Толкин тілдерін меңгерген маман ретінде сөздік қорын кенейткен.

Фэнтези әкесі” атанған Толкин тілдерді ойлап тауып қана қоймай, оларды тірілткен: ортағасырлық валлий, ломбард, гот. Тіпті готикалық тілдегі соңғы мыңжылдықтың алғашқы өлеңі — “Bagme Bloma” жазған.

Атап өтетін бір жайт, Дж. Толкин ағылшын тіліндегі “Оксфорд” сөздігінің редакциясына да өз септігін тигізді. “W” әрпінен басталатын сөздердің шығу тегін, этимологиясын зерттеумен айналысқан. Ағылшын тіліндегі “Dwarf” сөзі өзгеріске ұшырап, “Dwarves” пайда болған, кейін “Хоббит” туындысында ергежейлілер нәсілін сипаттайтын түсінік қалыптасты. Бастапқыда бұл сөздің жаңа нұсқасына “Оксфорд” редакторлары қарсы болған, бірақ Толкин саналы түрде өзгертіп, ресми түрде бекітті.


Осылайша жасанды тілдер — ойдан шығарылған ермек емес, тілдің мүмкіндігін, адамның қиялы мен білімінің шекарасын көрсететін ерекше тәжірибе. Ал Толкиннің еңбегі жасанды тілдің әдебиет пен ғылым тоғысқан тұсында қаншалықты терең мәнге ие бола алатынын айқын дәлелдеді.

Алима ЕРӘДІЛ

Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылы, Г.Титов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі