400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елім деп соғар жүрегім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Елім деп соғар жүрегім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім


Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;

  2. Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;

  3. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер ,оқулықтар

Әдіс-тәсілі: сұрақ — жауап


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.


Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңберге тұрып, Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» атты өлеңін орындайды. Әнді оқушыларға үнтаспадан тындауға да болады.


Дәйексөз:

«Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас».

Осы мақалды қалай түсінесіңдер?


Әңгімелесейік:

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Неге біздің мемлекетті «Тәуелсіз мемлекет» деп атаймыз?

-«Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?

— Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

— Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңдер?

— Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?

— Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?


2. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр. Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!


Өлеңмен жұмыс

Қ.Мырза Әлидің «Елге деген махаббат»

Сусын қылар үмітін шөлдегенде

Осы жерге перзентпіз сен де,

Мен де!

Барлығын да сүйемін,

Сөйте тұра

Махаббатым ерекше-ел дегенде.

Ел дегенде ар қандай!

Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.

Ел дегенде жығылған жалым тұрып,

Айбаттанып кетемін арыстандай.

Жерім!-деймін ондайда,

Елім!-деймін,

Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін.

Өзім үшін күресте жеңілсем де,

Елім үшін күресте жеңілмеймін!

Дұшпанға да,

Досқа да табалатпан.

Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан!

Батыр болып тумайсың,

Батыр болып

Кетесің

Елге деген махаббаттан!


Жаңа ақпарат:

Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындауын жолында қызмет ету – әрбір азаматтың міндеті.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, қызмет – азаматтықтың көрінсі. Ел, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертенімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне игілігіне жұмсайды.



Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

1.топ Сезімнен шыққан өлең

2.топ Суретпен жұмыс

3.топ Топтастыру


Үйге тапсырма беру

«Елім деп соғар жүрегім»тақырыбына эссе жазу.


Жүректен — жүрекке:

Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымыз ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылыған жұлдызды 20 күннің «Отан» күнімен сәйкес келіп отыр. Ендеше, сабақ соңында, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді әнмен білдірсек дегім келеді.


Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып төмендегі «Астана» өлеңін оқып, сабақты аяқтайды.

Саян дала құт қонған мекен еді,

Даналарым алға елін жетеледі.

Төле би мен Қазыбек, Әйтекенің

Есімдерін ұран ғып көтереді.

Бірге соғып жүрегі халықпенен,

Абылай хан сара жол салып берген.

Абыройын қазақтың асқақтатып,

Туған жерін бөледі даңқпенен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі