400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік»

Материал туралы қысқаша түсінік
2019 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 13:00-де Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі акт залында 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы директорға салтанатты жиынға білім алушылар мен колледж ұжымының дайындығын баяндады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде «Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» салтанатты іс-шараның өтілуі

2019 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 13:00-де Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі акт залында 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бакытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы директорға салтанатты жиынға білім алушылар мен колледж ұжымының дайындығын баяндады.

Жиынымызға салтанатты түрде Қазақстан Республикасының туы кіргізіліп, ән ұранмен басталды. Алғашқы құттықтау сөзінде, колледж директоры Еркінбек Ысқакұлы Қоянов 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен оқытушыларды, өндірістік оқыту шебері мен білім алушыларды құттықтады.

Келесі құттықтау сөз, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, колледжіміздің жоғарғы санатты оқытушысы Жақупбекова Гүлнар Оразалықызына берілді. Келесі кезеңде 306 топ білім алушысы Нұржанов Әлдің орындауында «Туған жер» әні көрермендерге ұсынылды.

Құттықтау сөз кезегі колледж кәсіподақ ұйымның төрайымы Нұрғалиева Рая Әлімғазиевнаға берілді, өз сөзінде ол, Білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген қызметі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен төмендегі оқытушыларды марапаттады.Олар:

1.Маукулова Назгуль Мусаевна – арнайы пәндер оқытушысы, «Техникалық біріктірілген мамандықтар» пәндері циклдік комиссия меңгерушісі

2.Меренкулова Раушан Касымгалиевна – орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы

3.Дауталинова Майра Умурзаковна – жатақхана тәрбиешісі

4.Тасжурекова Айгуль Тлеуовна – колледж психологі

Мерекеге тарту ретінде 14 топ білім алушылары «Лезгинка» биін биді.

Колледждің беделді ұстазы, өндірістік оқыту шебері Ускембаев Серікбай Естыбаевичтің «Тәуелсіз Қазақстаным» туындысын 206 топ білім алушысы Оспан Аяулым оқыды.

106 топ білім алушылары Керейбаев Аманжол мен Абдрахманов Айбектің орындауында мереке арналған «Жаса Қазақстан» әні орындалды.

Іс – шараның соңында Қызайбеков Айдос пен 406 топ білім алушысы Нуржанов Али «Елім менің аңсаған» әңін орындады.


Сонымен Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойына арнап дайындалған әдеби -музыкалық кеш өте тартымды және патриоттық сезімді оятатындай әсерлі аяқталды.



Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекова

орыс тілі пәнінің оқытушысы Р.К. Меренкулова






































































 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі