Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 бөбекжай бақшасының ортаңғы «Айгөлек» тобының

2018-2019 жылғы оқу қызметінің жылдық қортынды есебі.


2018 -2019 жылының тәрбие жүмысы туралы талдамалық есеп.

Ортаңғы топ, «Балдаурен»

Тәрбишілері - Тажикулова. А.Ж. Нартбаева М.С.

Топ құрамы- балалардың жалпы саны- 25.

Ұлдар – 13, қыздар – 12. Жас ерекшілігі – 4-5 жас.

Жыл бойы балаларға жасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдырламасы бойынша бес саламен жұмыс жасалып келеді.Әр саланың өзіндік ерекшеліктері бар.

Барлық балалар балабақшаға жақсы бейімделген.

Сапалы тәрбие жұмыс өткізу үшін әртүрлі әдістер қолдандым:

Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іс -тәжірибесінің шеберлігіне байланысты интегралды оқу іс- әрекеттер өткізуі өте тиімді әдістерді қолданамын. Олай дейтінім, оның ерекшелігі сабақтардың бір-бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, өзімнің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап аламын.  Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім - балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі  мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек.Ұйымдастырылған оқу қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Сахналау, үстел үсті театры, атрибуттар дайындауы қажет. Оқу іс- әрекетінде баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек.

Биылғы оқу жылында тобымызда көптеген ашық сабақтар,тәрбие сағаттары, мерекелік іс шаралар өтті.

Атап өтетін болсақ 1 қыркүйек білім күніне арнап «Сыңғырла күміс қоңырау» атты топта ашық тәрбие сағаты өтті.

Қазан айында «Ұстаздық еткен жалықпас» атты тақырыпта ұстаздар күніне арнап тәрбие сағатын өткіздік. Сонымен қатар, таным саласы бойынша қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметі бойынша «Математика еліне саяхат» атты ашық оқу қызметін өткіздім.

1 желтоқсан Президент күніне арнап топтар арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге балалармен қатар ата- аналарда атсалып көрме өз денгейінде өтті.

16 – шы Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Тұғырын сенің биікте» атты мерекелік іс-шара өткіздік. Балалар әрбір іс-шарадан өзіне керекті дүниені жадына сақтап, өздері білетін тақпақтарын,әндерін айтып,би билеп сахнаны жандандыра біледі. Сонымен қатар Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жылдық іс-шараға балалар карнавалдық киіммен келіп,аяз аталарына өлеңдерін,тақпақтарын айтып,билерін билеп сыйлық алып үйлеріне қайытты. Балалар Республикалық интернет байқауына қашықтықтан қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Наурыз айында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап мерекелік тәрбие сағаты өтті.Балалар аналарына ,әжелеріне арнап өлең шумақтарын айтып,би билеп,өз қолдарымен аналарына арнап ашық хаттар жасады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына барлық топ бірігіп ,ата-аналарды шақырып, мерекелік іс – шара өткіздік. Балалар қазақтың ұлттық ойыны «Қазақша күрес» , «Арқан тартыс» , «Асық ату» сияқты ойындарды насихаттап көрсетсе, тәрбиешілеріміз қазақтың салт дәстүрін дәріптеді.

Тобымызда 1 наурыз алғыс айту күніне арнап ашық сабақ өткіздік.Бұнда балалар ата-аналарына, бауырларына, достарына ашық хатпен алғыс айтып ,өз ойларын ортаға салды.

Мамыр айыныда «Қазақстан ортақ үйіміз» атты концерттік іс-шара өткізілді.Балаларға видео ролик көрсетіп,қандай елдермен шектесініміз туралы мәлімет берілді.Балалар әр ұлттың киімімен би билеп,өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шара .Жеңіс күніне арнап ересек топтары «Жеңісің туы желбіре» атты іс-шара өткіздік. Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Мамыр айында жаратылыс тану оқу қызметі бойынша қорытынды ашық оқу қызметін көрсеттім. Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі».

  1. Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен бірлесе отырып мынадай жұмыс түрлері атқарылады: ата-аналар жиналыстары; тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі; отбасы жөнінде мәліметтер толтыру; ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы; әр түрлі тәрбиелік шараларға,мерекелік ойын-сауық ертегілерге қатысу;сауалнама жүргізу,әңгімелесу.

Бірінші ата-аналар жиналысында ата-аналар комитетін сайлады. «Балдырғандардың компьютер әлеміне алғашқы қадам», деген тақырыпрта тәрбиешінің баяндамасын тыңдады».Балаңызға қаншалықты жауапкершілікпен қарайсыз? деген тақырыпта тренинг өткізілді . Өз баласына үлгілі ата-ана болуға балабақша және тәрбиешімен тығыз байланыста болуға шешті.

Екінші ата-аналар жиналысы Пікір талас: «Бала және жанұядағы келіспеушілік»

деп аталады.«Балалар не себепті жан-жалдасады? »деген тақырыпта кеңес жүргізілді.

Осындай жұмыс түрлері арқасында ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі артты,балабақша ұжымына деген сенімдік,құрметтеу белгілері жоғарылады.

Үшінші ата-аналар жиналысы әртүрлі мәселер қаралды.

  1. Жарияланған мақалалар; Педагогтардың «Инфроурок» сайтында Қарапайым математикалық түсінік сабағы бойынша «Математика әлеміне саяхат», тіл дамыту бойынша «Гүлдер», көркем әдебиет сабағынан «Құстар біздің досымыз», жаратылыстану сабағынанм «Мезгіл құбылыстары», «Әскери мамандық түрлері», мерекелік іс-шаралар бойынша «Жаңа-жыл», «Наурыз» сабақтары жарияланып «Сертификат» пен «Алғыс хат» және «Марапаттау» қағаздары берілді.

  2. Тәрбиешінің қортындысы: Балалармен жұмыс жасау барысында оқу жылы көлемінде алдыма қойған мақсатыма жету үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Балалармен жеке жұмыс жасау жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін көзделді. Балалардың меңгерген және жеткілікті деңгейде меңгерген білім деңгейлері қорытынды білім деңгейіне сай бағаланды деп ойлаймын.


2019-2020 оқу жылына келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды.

  • Мақсаты: Тәрбиеленушілердің тілін дамытудың тиімді жолдары

-Міндеттері: Сабақта жаңа технология әдістерін қолдана отырып,баланың білімі мен біліктілігін дамыту.

  • Баланың жас ерекшелігіне сай интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық деңгейін көтеруге;

  • Қабілеті жоғары және төмен балалармен саралау жұмыстарын іс жүзіне асыру, білім алушыларды тұлға ретінде қалыптастыру.

  • дарынды,қабілетті балалардың шығармашылығын дамыту арқылы нәтижеге жету;

  • Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат,тұлға ретінде қалыптасуына қол жеткізу. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!