"Елімнің еркіндігі тәуелсіздік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елімнің еркіндігі тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің ұстаздарына тәрбие сағаты ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Тәуелсіздік үшін жан кешкен ерліктерімізді баяндау

Міндеттері:

Тарихтың қойнауында қалған тұлғалардың ерліктерін жастарға жеткізу;

Елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін арттыру;

Тәуелсіздікті бағалауға тәрбиелеу;

Барысы

Өткізілетін орны:мәжіліс залы

Қатысушылар:1-11 класс

Әдіс-тәсілдері:сахналық көрініс,көркем сөз оқу

Техникаклық жабдықталуы:интерактивті тақта,музыкалық құрылғы

І жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар,ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары!

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік –ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

І жүргізуші: Тәулесіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі: осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

ІІ жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Истегулова Анар Гасыровна беріледі.

І жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты,ертеңі,

О,халайық! Құтты болсын қуаныш!

ІІ жүргізуші:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім мені

Таулы орман,жасыл жайлау көлім мен

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-Елім менің

І жүргізуші: «Елбасы » әнімен Болатбекқызы Айсұлуды шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба жарқыра.

Тарихында таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына.

І жүргізуші:

Бойымда бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,

Ырыс,бақыт,татулық пен ынтымақ.

Ән: «Туған жер»орындайтын: Аружан,Ақниет,

ІІ жүргізуші:

Қазақпын,еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын,қойнауы-құт,жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

І жүргізуші: Іңкәр,Інжу,раяна «Қазақстан » әнімен орта шақырамыз

ІІ жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан

Ата бабам аңсап өткен бақытым

Айналайын,Қазақстан –Гүлістан!

І жүргізуші:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелесіз Қазақстан-елім менің.

ІІ жүргізуші: Ән: «Мен қазақы баламын» әнімен Сайлаубай Сержан

І жүргізуші:

Қазақстан замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақсамайлы басын иген,

Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Көріністі тамашалайық

І жүргізуші:

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел-Қазақстан.

Көркіне көркі жарасқан.

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен байтақ жерім

Мәңгі жайнап тұра бер,

Қазақстаным менің!

«Көк тудың желбірегені» әнімен ортада Нариман,Сержан, Бауыржан

ІІ жүргізуші:

Аты әйгілі бұл «Желтоқсан»шеруі,

Қазағымның бір мәмлеге келуі.

Қабыл болып жастарымның тілегі,

Елімізге Тәуелсіздік беруі.

І жүргізуші: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» «Жас Ұлан» балаларын ортаға шақырамыз.

1-оқушы:

Тәуелсіздік.11 әріп құралған.

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара,даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

2-оқушы:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей келешек,жан тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

3-оқушы: Т-білдіреді теңдейді

4-оқушы:Ә-әдептілік,өрлікті

5-оқушы:У-уайымсыз уақытты

6-оқушы:Е-егемендік елдікті

7-оқушы:Л-дейді лағып лепірме

8-оқушы: С-сенімділік секілді ең

9-оқушы:І-ілтипат пен пен ізет қой

10-оқушы:З- зиялылық тілек қой

11-оқушы:Д- шақырады достыққа

12-оқушы:І-ілкімді боп сақтыққа

13-оқушы:К-дейді күн бол көктегі,көз алартпа көршілерге,қол сұқпа!

Хор «Жетоқсан желі»

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған«Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресені де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,ағайын! Сау-саламатта жүздескенше!



































Бестамақ орта мектебі









Shape1

«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік!»

































Орындаған: А.Куптлеуова



















2018-2019 оқу жылы

Picture 1

Picture 2 Picture 3 Picture 4

Picture 5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2020
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі