Наурыз -Қазағымыздың баға жетпес мұрасы
Қазағымыздың баға жетпес
мұрасы Наурыз - қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып,
ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан мейрам болып саналады. Бұл
күні барлық қазақ елі Наурыз мейрамына ерекше
дайындалатын. Аналарымыз бен
жеңгелеріміз таң қылаң бере оянып, бауырсақ пісіріп, «наурыз көже»
дайындайтын. Наурыз мерекесінің ерекшелігі бұл күні бұрын ренжісіп
жүрген жандар болса, бір-біріне өкпесін кешіріп, қол алысып,
құшақтасып, мәмілеге
келетін. Сол тұста ел арасында былай жырланатын:
«Ұлыс күні кәрі -жас құшақтасып көріскен, Жаңа ағытқан қозыдай
жамырасып өбіскен, Шалдар бата беріскен, Құдіреті күшті құдайым,
айнытпа деп жөн істен». Сол үшін де көреген
қарияларымыз «Наурыз
-мейірім айнасы. Әр адам Наурыз күні ерекше кешірімді болуы керек»,
-деп айтатын. Жас ұрпақ ерте көктемде осындай шуақты мейрам бар
екендігінен бейхабар бола бастады.
Бұл мейрамның
астарында Наурызбен бірге
салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды оралту мақсаты жатты.
Ата-бабаларымыз 1917 жылға дейін Ұлыстың ұлы күнін 1 наурыздан
тойлаған деген дерек те бар. Ресми түрде Қазақстанда Наурыз мейрамы
22 наурыздан бастап аталып өтіледі. Менің ойымша, дәл күн мен
түннің теңесетін күн - 22 наурыздан бастап тойлау қажет. Ал қанша
уақыт дегенге келетін болсақ, Наурызды жағдайға байланысты тойлай
беруге болады. Наурыз негізінен қазақтың отыз күн ойыны мен қырық
күн тойы болатын ұлттық мереке. Наурыз - жаңару мен жасарудың басы.
Наурыз - береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта
түлеудің тойы. Наурыз - күн мен түннiң теңелiп, табиғаттың ерекше
бiр түрге бөленiп, жаңаратын кезi, ел-жұрттың қаһарлы қыстан
аман-есен шығып, бiр-бiрiмен құшақ жайып, емен-жарқын табысатын
айы. Наурыз - табиғат атаулының тiрiлiп, өмiрге жаңа құлшыныспен
қадам басатын шағы. Ертеде бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап,
туған-туысқанның басын қосып бауырластыққа, татулыққа шақыратын. Әр
мерекенің өзіндік тойлау дәстүрі бар сияқты, Наурыздың да өзіндік
тойлау дәстүрі бар. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден
бастап, бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң
шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш
отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан
әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен,
«Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып
кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен
аяқталатын. Бұл күнде күмбірлі күй тартылып қана қоймай,
кетіскендер бекісіп, ренжіскендер кешісіп, бітімге келетін.
Қайырымдылықтар жасалатын. Бұл күнде тек жақсылықтар тіленіп,
туыс-туған бір-бірін шақырысып, өлілерге дұға тілеп, тірілерге
берекет сұраған. Бұлақтардың көзі ашылып, тазалық жұмыстары қолға
алынған. Ағайындар бір-бірінің үйлеріне қонақ болып, жасаған Наурыз
көжелерінен дәм татысып, «Амансың ба? Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын! Қайда барса, жол болсын!», «Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік
ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге кірсін», - деп
құшақтасып көріскен. Тоқшылық, ырыс пен құт болсын деп қасиетті
«Наурыз көже» дайындалып, мол дастархан жайылған. Бұл игі
дәстүрлерде Наурыз мерекесінің ерекшелігі жатыр, әр дәстүрдің
астында мән мен мағына, тәрбие жатыр. Игілікті істерге,
бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тағы да басқа
ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор. Сондықтан, бұл
мерекенің маңыздылығын арттыру керек. Ғасырлар қойнауынан бастау
алған ежелгi салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың сақталуы үшiн қарапайым
халықтың ғана атсалысқаны жеткiлiксiз. Наурызға елдi басқарып
отырған барша лауазымды тұлғалардың, елім, жерім дейтін ұлтжанды
азаматтарымыз бірауыздан
қолдау
керек!
Кентау көпсалалы колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елімнің қуанышы төл мерекесі-Әз Наурыз

шағым қалдыра аласыз