Материалдар / Елімнің тұңғыш президенті

Елімнің тұңғыш президенті

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
204
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елімнің тұңғыш президенті

Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайд, шарлар, суреттер, буклет, нақыл сөз, рухани жаңғыру , Елбасының портреті

Көрнекілігі: Елбасы порттері, ел рәміздері, слайдтар, бейнеролик, үнтаспа
Барысы:

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Оқушылар  
сөзжұмбақты шешу арқылы тәрбие сағатымыздың тақырыбын білейік.

Сөзжұмбақ

Сұрақтары:

1) Елбасымыз қашан дүниеге келді?

2) Еліміз тәуелсіздігін қашан алды?

3) 2017 ж 12 сәуірде Елбасының қандай мақаласы жарық көрді?

4) ҚР-ның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

5) ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

6) Мемлекеттік Ата заңымыз қашан қабылданды?

Жарайсыңдар балалар!Сонымен қызыл текшенің ішінде қандай сөз шықты?

-Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
1 желтоқсан – Президент күніне арналған 
«Елімнің тұңғыш президенті» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Слайд

-Кімнің суреті бейнеленген?


Оқушы:

Отан деген - әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім - мақтанышым, тірегім.

Кең байтақ қой Қазақстан,

Астана мен картасы, айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Оқушы:

Туған жердің жайқалған алқабы егін,

Биік сенің мәртебең, дарқан елім.

Пейіліндей қазақтың байтақ далам,

Сен не деген кең едің, шалқар едің.

Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық әлемде, аты айқын,

Егеменді ел бүгін Қазақстан.

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 26 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

«Елбасы» бейнеролик

«Миға шабуыл» (блиц-сауал)

1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?

/қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының рәміздері:

/елтаңба, ту, әнұран/

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:

/ теңге/

4.Қазақстанның бас қаласы:

/Астана/

5.Әнұран қалай айтылады?

/қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/

6.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

/Есіл/

7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?

/ту/

8.Әнұранның авторлары:

/ Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

/Т. Әубәкіров/

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

ІІ. Негізгі кезең.

1. Сөзжұмбақ шешу (рәміздерге шолу)

1) 1830 жылы орыс әскері бірінші қай өзеннің бойына тоқтады?

2) Мемлекеттік мереке және қандай мереке бар?

3) 1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?

4) Семей және Өскемен қалаларынан ағып өтетін өзен.

5) Ұлттық мереке

6) Н.Ә.Назарбаев кім?

7) Қазақстан неше елмен шектеседі?

8) Музыкалық аспап.

-Жақсы, балалар, қандай сөз шықты?

-Рәміздерге не жатады?

-Қазақстан Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен мемлекеттік символдар бекітілді:

· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,

· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,

· Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Әнұраны

. Қорытынды:

Тренинг: «Ақ тілектер»

-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?

-Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылсын!

-Балалар бақытты болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Экономикасы дамыған ел болсын!

-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!

Қорытынды сөз:


Оқушы:

Туған жердің жайқалған алқабы егін,

Биік сенің мәртебең, дарқан елім.

Пейіліндей қазақтың байтақ далам,

Сен не деген кең едің, шалқар едің.


Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық әлемде, аты айқын,

Егеменді ел бүгін Қазақстан.


Ж: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
                                                                      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ