Материалдар / Елімнің тума таланты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің тума таланты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сырбай Мауленов шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
169
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б атыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

Орал қаласы білім беру бөлімінің

«Мектептен тыс жұмыс орталығы»









Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

«ЕЛІМНІҢ ТУМА ТАЛАНТЫ»

Сырбай Мауленовтың шығармашылығы














Өткізген

Кадырбекова Н.С.





Орал-2022ж



Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы поэзияны сүюге үйрету, оны құдіретін сезіндіру. Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу. қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз, сыршыл, сымбатты суреттейтін өлеңдері мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен  жырларын насихаттау.


Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.


Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.


Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қазақ ұлттық әдебиетінің классигі, майдангер, ұлтжанды, сыршыл, лирик ақын Сырбай Мәуленовтің өлеңдері мен соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен  жырларын насихаттау бағытында ұйымдастырылып отырған «Елімнің тума таланты» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!

Мың қолдар сау болсын деп, мен бір қолымды бердім,

Мың жыл жолдар жалғансын деп, мен бір жолымды бердім.

Мың гүлдер солмасын деп, гүлдей жастық күнімді бердім,

Мың жас ақын толғансын деп, мың бір жырымды бердім, - деп жырлаған қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің туғанына биыл тура 100 жыл. Назарларыңызға Сырбай Мәуленовтің өмірі туралы бейнекөрністі ұсынамыз. ( экраннан бейнекөрніс көрсетіледі)

  Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған.Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің  рухани кемелденуіне   өзіндік қолтаңбасымен келген  үлкен тіректі тұлғаның бірі - Сырбай Мәуленов.Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды.

Өлеңім сырласатын серігімсің,

Өзіммен бірге жасар өмірімсің.

Адамзат жүрегіме үңілгенде

Әр уақыт сен арқылы мені білсін,- деп ақынның өзі айтып кеткендей бүгін Сырбай ақынның өлеңдері арқылы сырлы өміріне жол ашпақпыз. Ендеше қаламыздағы «Мектептен тыс жұмыс орталығы» оқушыларының орындауында ақынның «Туған жер» туралы өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Ортаға оқушылар шығып мәнерлеп оқиды.

«Арманым жоқ көкірегімді кең ашып ,

Туған елге тарту етсем барымды » - деп ақын артына өшпес із қалдырды. Жалынды жырларын жұртына тастады.Бүгінде Сырбай Мәуленовтің көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген.

Жыр жинақтары:

 «Шаңқай түс»(1966)

Жалын(1979)

Жаңбырсыз күз(1980)

Шуақ(1981)

Күзгі бұлттар(1987)

Қысқы жаңбыр(1988)

Ақшамның қызыл қанаты(1994)

Алып кетіп барамын(2003)

Ақ түн(2003)

Ұшқан ұяда(2012)

Бұл жыр жинақтарда ақынның таңғы шықтай таза, өрнекті өлеңдері топтастырылған.

Ендеше ,бүгінгі әдеби кешімізді соғысқа қатысқан майдангер, соғысты көзімен көріп , әр өлең жолынан қан майданның оқ –дәрісінің исі мүңкіп тұрған ақын атамыздың «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен жалғастырайық. Бәріміз бірге шырқайық. (Үлкен экраннан сөзімен әні қосылады)

Сырбай жырларының алтын арқауы ,таусылмас тақырыбы оның кіндік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдері өзі бір бөлек дүниелер.Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен –көл-жалпы ,туған табиғат туралы көп толғанып , поэзия әлеміне  парасатты , көрікті  жырлар ұсынды. Табиғат ақынның жүрегін оятатын, сұлу сезімге бөлейтін, қиял құсын қияға ұшыратын  шабыттың шақпақ оттарының бірі. Мәселен, сұлулық символы ақ қайыңды қалай жырлайды.

Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды . Осы орайда қуатты қаламгер, туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі.

«Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз. Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем асыра айтқан болмаспын. Сырбай - тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп  бере алған кемел құбылыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай - қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі»

Сырбай Мәуленов атамыздың өлеңдерінің мәні: Ықшамдығы мен сабырлы ырғағы,эстетикалық айқындылығы, тілге жеңіл, жаттауға оңай әрі қысқа, әрі нұсқа болуы.

Өлеңдерінің тақырыптары:

Соғыс суреттері , дала табиғаты , ғашықтық-махаббат.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!