2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі

Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Міндеттері: • Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру • Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу) • Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту • Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН

Көркем мінез – баға жетпес байлық.

Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту

Міндеттері:

  • Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру

  • Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)

  • Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту

  • Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ашықтық, өмірге оң көзқарас

Күтілетін нәтижелер

Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана:

Эмоционалды сауаттылыққа ие болады

Эмоционалды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

«Мен-мәлімдемелерін» қолдана отырып, оң қарым-қатынас орната алады

Дағдарыс жағдайында өнімді мінез-құлық алгоритмдері мен тәсілдерін қолдана алады

Жоспар

I.Кіріспе. Эмоционалды жай-күй.

II. Неізгі бөлім.

1. Шағын топтардағы жұмыс

2. Өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамытудағы жаттығулар.

3. Жанжалды жағдайдан шығу

III. Қорытынды. Рефлексия.

Сабақтың ұзақтығы 60 мин.





















Уақыты

Мазмұны

Ресурстар







3 минут



































2 минут











5 минут






































Эмоционалды жай-күй.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді сабағымызда көргеніме қуаныштымын.

«Бір минут ішінде сурет сал» психосуреті.

Стикерге бір минут ішінде нақты ештеңе емес, тек сызықтар, пішіндер, түрлі түстер арқылы эмоцияларыңызды салуды ұсынамын. Содан кейін суретіңізді оң жақтағы көршіңізге беріңіз. Суретке мұқият қарап, онда қандай эмоциялар бейнеленгенін болжауға тырысыңыз.

- Бір-біріңіздің эмоцияларыңызды болжай алдыңыздар ма?

- Қандай қиындық болды: өз эмоцияңызды анықтау ма, әлде басқа адамның көңіл-күйін болжау ма?

Түсініктеме: бұл жаттығу өзіңіздің және басқалардың эмоцияларын анықтауда қиындықтарға тап болуға мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсатын қою.

Бүгін біз эмоционалды интеллектінің дамуы туралы сөйлесеміз. Эмоционалды интеллект дегеніміз не?

Эмоционалды интеллект – бұл өзіңіздің және басқалардың эмоцияларын тану және оларды басқару қабілеті. Егер IQ адамның интеллектуалды, логикалық және аналитикалық қабілеттерін өлшесе, онда EQ – жеке және әлеуметтік дағдыларды өлшейді. Эмоциялармен достаса алсаңыз – адамдармен де қарым-қатынас орната аласыз.

Мәселенің тарихы

Жоғары эмоционалды интеллект иесі (ЭИ, ағылш. Emotional Intelligence, EI) кезкелген жұмыс орнында тез дамып, әріптестерінің құрметіне бөленіп, команданың көшбасшысы болатыны сөзсіз.

Emotional Intelligence. Мұндай адамды қатты ашуландырып, жанжалға итермелеу өте қиын. Ол агрессияны басып, жанжалды жағдайдан күш қолданбастан шыға алады... Мәселенің тарихы 1990 жылы Питер Саловей мен Джон Майердің эмоционалды интеллект тақырыбында жазған мақаласы жарық көрген кезден бастау алады.

Зейінді ауыстыру арқылы адам көптеген жағымсыз сәттерден: адамның психологиялық денсаулығын бұзатын жанжалдар, мағынасыз даулар, артық мазасызданулардан аулақ болады.

Өзіңді алаңдататын ойлармен достық қарым-қатынаста болу мазасыздық деңгейін төмендетіп, өмір сапасын жақсартады. Сезімдерді ажырата білу және олармен күресу өзіңе деген сенімділікті арттыруға және әркімнің өміріндегі іргетас және тірек болып табылатын өзінің этикалық көзқарастары мен моральдық принциптеріне адал болуға мүмкіндік береді.

Шағын топтардағы жұмыс Топтарға біріктіру.

4 адамды шақырып, оларға негізгі эмоциялардың атауларын береміз: «Қорқыныш», «Ашу», «Қайғы», «Қуаныш».

Барлығына үстелдің үстінде жатқан эмоциялардың атаулары жазылған карточкаларды алып, оның қандай эмоциялар тобына жататынын анықтауды ұсынамын.

Эмоциялар атаулары бойынша топтарға бірігіп, үстелден орын алуларын сұраймын. Ұсынылған кесте бойынша өз тобыңызды қаншалықты дұрыс анықтағаныңызды тексеруді сұраймын.

НЕГІЗГІ ЭМОЦИЯЛАР

РЕҢКТЕР МЕН ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ

Қорқыныш

сенімсіздік, мазасыздық,

алаңдау, ұялшақтық,

абыржу, қорқыныш, сенімсіздік, есі шығу, дүрбелең, үрей

Ашу

күйгелектік, өкініш, реніш,

қызғаныш, ашулану, ұнатпау, менсінбеу, жек көру, долылық

Қайғы

жан ауруы, дәрменсіздік, сағыныш, аяушылық, өкініш,

көңілсіздік, көңілі қалу, қайғы, үмітсіздік, амалсыздық

Қуаныш

тыныштық, үміт, шабыт,

қызығушылық, әуестік, қамқорлық,

қабылдау, махаббат, бақыт, таңдану, шаттық

Түсініктеме: Бұл жаттығу сөздік қорын белсендіруге, эмоцияларды топтарға бөлгенде сабаққа қатысушыларға бағыт береді. Кесте сабақ барысында тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Эмоцияларды вербализациялау бейсаналық процестерді сана деңгейіне «көтеруге» мүмкіндік береді, сондықтан біз оларды зерттеуге, себеп-салдарлық байланыстарды табуға және қандай да бір жолмен өзгертуге мүмкіндік аламыз

Әр қатысушы-ға стикер, қалам, қарындаш-тар беріледі.































Эмоциялардың атаулары жазылған карточкалар

5 минут

1-жағдаят

Сізге жақын достарыңыз қоңырау шалып, үйіңізге бір сағатқа келетіндерін айтады. Сіз тез-тез пәтеріңізді жинастырып, тамақ әзірлей бастайсыз: бірақ уақытыңыз аз, үлгере алмайсыз. Үлкен ұлыңыз немесе қызыңыздан көмек сұрайсыз. Олардың жауабы – «бұл сенің достарың ғой, олармен өзің айналыс».

Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?

- Басқа пікір бар ма? Кім басқаша ойлайды?

2-жағдаят

Жиналыстан кейін ата-аналар үйге келіп, ашуланып баладан түсініктеме беруді талап етеді. Олар сені мұндай нәтижелермен мектептен кейін ешқайда қабылдамайды дейді. Оқушы сабырлы түрде: «Демек, жұмыс істеймін», –деп жауап береді.

Мұндай жағдайда қалай әрекет етесіз?

- Басқа пікір бар ма?

3-жағдаят

Ата-ана баласына белгілі бір мақсатпен ақша береді. Ол ақшаны мақсатсыз жұмсап, көптен бері өзі қалаған затын сатып алады. Ата-ана ашуланып, балаға көп сөз айтады. Ақыры ол есікті тарс жауып, үйден кетіп қалады.

Мұндай шиеленісті жағдайда қалай әрекет ету керек?

- Сіз басқаша әрекет етер ме едіңіз, қалай ойлайсыз?

4 - жағдаят

Анасы қонақ күтуге байланысты дайындықты аяқтауға асығуда. Күтпеген жерден үйде нан жоқ екені анықталады. Ол қызынан дүкенге барып, нан әкелуін сұрайды. Бірақ қызы спорт секциясына баруы керектігі және оған кешіккісі келмейтіндігі туралы айтады. Анасы қызынан «оның жағдайын түсінуді» сұраса, қызы да анасынан соны өтінеді. Анасы талап етеді, қызы көнбейді. Жағдай ұшығуда…

Топтарға таза парақтар таратылады

5 минут

«Менің отбасым – менің мақтанышым!» атты видео көру

https://www.youtube.com/watch?v=TUwn_kV9BMk

Жүргізуші: «Өз отбасы мүшелеріне алғыс хат жазайық»

«Менің ... алғыс айтқым келеді...» деп бастаңыз.

Бұл хабарламаны ұлыңызға немесе қызыңызға жібере аласыз.


5 минут

Рефлексия. «Хэштегтер бұлты» әдісі

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  • Мен бүгін ... білдім

  • ... қиын болды

  • мен ... үйренгенімді түсіндім

  • менің қолымнан келді…

  • ... білу қызықты болды

  • ... мені таң қалдырды


5 минут

Ата-аналарға үйде орындауға арналған ұсынымдар

«Біздің таңбамыз бен ұранымыз» шығармашылық тапсырмасы

Ұран мен таңба – бұл адамға өмірлік философиясы мен ұстанымын өте қысқа түрде көрсетуге мүмкіндік беретін рәміздер. Бұл адамның ойлану, тұжырымдау, сипаттау және басқаларға өз дүниетанымдық ұстанымдарының негізгі өзектерін көрсетудің бір жолы. Таңба еркін түрде салынады, ең бастысы ол иесінің Мен-бейнесінің әртүрлі аспектілерін бейнелеуі керек. Таңба жасалғаннан кейін адамның ұраны (өмірлік ұстанымы) жазылады. Отбасының әр мүшесі өзінің таңбасы мен ұранын көрсетеді. Барлық нұсқалар талқыланып, отбасының бірыңғай таңбасы мен ұраны әзірленеді.










08 Желтоқсан 2024
87
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі