2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ең керекті мамандық. Тігінші

Ең керекті мамандық. Тігінші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең керекті мамандық эссе
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Әлемдегі ең керекті мамандық

(Шығарма)

І. Кіріспе

а) "Алуан-алуан кәсіп бар"

ІІ. Негізгі бөлім

а)"Таңдай біл де, талап қыл"

ә) "Тігінші болғым келеді"

б) Тігіншілік - қол мен қиялдың еңбегі

ІІІ. Қорытынды

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

(Жүсіпбек Аймауытов)

Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.

Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 –ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет. Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болуы үшін біз өз үлесімізді қосуымыз керек. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өзімізді танып, өз қабілеттеріміз бен икемділіктерімізді дамытуымыз қажет. Соған сәйкес болашақ мамандығымызды таңдап, абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламыз десек білім алуға барлық күш жігерімізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуымыз керек. Өркениетті мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру мен тәрбиелеу саласының жаңаруы қазақ халқының дәстүрлі өнер түрлерін зерделеуді, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, тәжірибемен жас ұрпақ санасына сіңіруді қажет етеді. Сондай қажеттіліктің бірі — халықтың қолөнері. Оның ішінде тігіс өнерінің тәрбиелік маңызы зор. Қазақтың ұлттық тігіс тігу әдісі тарихқа бай, мазмұны терең.

Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер тігінші болу менің бала күнгі арманым.

Тігін бұйымдарын өндіру және  киімді модельдеу. Кім  әдемі, сәнді әрі талғаммен киінгісі келеді? Сән әлемі бір орнында тұрмайды, барлығы оған жетуді қалайды. Бізге бұл мәселені шешуге кім көмектеседі? Бәрі де оңай, бізге тігінші мамандығы көмектеседі. «Ине патшайымдары» деп аталатын осы мамандықтың иелері болып табылады. Біз барлық киімдеріміз үшін осы мамандық иелеріне алғыс білдіруге міндеттіміз.  Қазіргі таңда тігінші мамандығы өте қажет етілетін мамандықтың бірі.

Бұл мамандықтың иесіне фабрикалардан, сондай-ақ тігін бұйымдарын өндіретін  аса ірі емес фирмаларда, тіпті жеке тігін тапсырыстарымен жұмыс жасайтын ательелерден жұмыс табылады. Кәсіби тігіншілер тек қана кофталар мен шалбарлар ғана емес, аяқ киімдер мен сөмкелер, автокөлік қаптамаларын тіге алады.Тігіншіден әртүрлі сызбалармен жұмыс жасау, маталардың әртүрлілігі мен сапаларын ажырата білу, өңделуін білуі талап етіледі.Тігіншінің қолы шебер, көзі қырағы, әдеби талғамы болуы керек, қиялы ұшқыр, маусым сән үлгілеріне сай жаңашыл, ұқыпты әрі жалықпайтын қасиеттері болуы тиіс. Қашанда тігіншілік сұранысқа ие мамандық болған. Әсіресе бүгінгі күні бәріміз сәнді әрі талғаммен киінгіміз келеді. Алайда бұл мамандық үлкен жауаптылық пен төзімділікті талап етеді. Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі, сондай-ақ сән тұрақсыз болғандықтан тігіншілерге әр қашан өзгерістерге дайын болу керек. Тігінші мамандығы еңбек нарығында айтарлықтай сұранысқа ие. Оқу орындары осы саладағы мамандарды көп шығарғанға қарамастан, көптеген компанияларға және көптеген кәсіпорындарда білікті тігінші-шеберлер қажет.

Тігінші күн көзінің ұясына батқаны, мұңсыз мұхит суы, ашулы жанартау, поляр түні, найзағайлы жауын – мұның бәрін сәнгерлер мата мен бояудың бойынан табудың да сырын біледі. Әрине, бәрі де мата, қайшы және ине-жіптің құдіреті ғана емес. Мұндай туындылар шығармашылыққа жанын бергендерден ғана шығады.

Қорыта айтқанда тігінші болу дегеніміз - дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. «Шебердің қолы алтын», – дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Асыл тастан сән бұйымын жасаған, жүннен көздің жауын алатын бұйым жасап, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы. Қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Тігін дегеніміз – тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, тендік керек. Тігіншілік өнер бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді.

22 Желтоқсан 2024
153
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі