Өзін-өзі тану
пәні
Сабақтың
тақырыбы: «Еңбек бәрін
жеңбек»
Сабақтың
мақсаты: балалардың тілдерін шағын
халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту.
Міндеті:
Балаларды еркін сөйлеу білу
мүмкіндігін дамыту. Өздеріне сұрақ бере отырып ой–өрісін
дамыту.
Балалардың әдеби сөздік
қорын молайту. Үлкендерді сыйлауға , олардың еңбектерін құрметтеуй
білуге үйрету.
Балаларды тапқырлыққа,туған
тіліне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ жауап, ой
тастау.
Көрнекілігі
: эмблемалар,суреттер,
схема,ойын атрибуттары, 2 жалау,үнтаспа.
Шаттық шеңбері
.
Балалар шеңбер құрып тұрып,
сәлемдеседі, ән айтады.
Болайықшы
осындай
Сөзі мен әнін жазған:
А.Меңжанова
Жақсы бала
еңбекшіл
Ер азамат
болады.
Қиындықты жеңіл
қіл
Құшағы гүлге
толады.
Қайырмасы
:
Еңбекшіл
осындай,
Болайықщы
досымай.
Таза бала
мұнтаздай,
Сүйсінеді
қараған,
Ұқыпты деп бұл
қандай,
Жақсы көрер бар
адам.
Сабақтың барысы
: Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушыларды
түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
- Бүгін біз “Еңбек-бәрін
жеңбек” атты тақырып өтеміз. Әр бала кішкентай болса да,
ата-аналарына,отбасы мүшелеріне, достарына көмектесіп, қолғабыс
жасаулары керек. Адам жас кезінен еңбекқор,тіл алғыш болса,ондай
балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие
болып, алғысқа бөленеді. Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны
абзал.
“Еңбек ер атандырады” деген
халық мақалы бар. Еңбек–адамның атақ-даңқын шығарады. Еңбектенген
адам жеңісті,қуанышты болады.
Әңгімелесу
Мұғалім сабақтың тақырыбын
таныстыру мақсатында әңгімелесу
жүргізеді
-
Еңбек адамға не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
-
Еңбекқор деп қандай адамды
айтамыз?
-
Өздерің еңбектің қай түрлері
мен айналысқанды ұнатасыңдар?
-
Адамға өмір сүру үшін ең
алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың
жауаптары
-
Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су,
тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде
бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпе келеді. Осы тағамнан басқа
да адамның өмір сүруіне қажетті, киім, үй, оның ішін қажетті
заттармен толтыру, денсаулығын сақтау, бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен
келеді.
Тапсырма
Мұғалім оқулықта берілген
суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма
береді.
Оқушылар оқулықта берілген
суреттерге қарап әңгіме құрастырады.
Мәтінмен
жұмыс
Мұғалім еңбектің маңызын
түсіндіру үшін оқулықта берілген Б. Әділовтың «Еңбексіз өмір –
сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар сұрақ бойынша
өз ойларын айтады.
Еңбексіз өмір –
сүреңсіз
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас
үйге келген соң тыным таппайды. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір
тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау
еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп,
жылап та алатын.
Бір күні Қара пышақ ауыр
еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп,
еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. – Енді
еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!...
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ
орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін
еді.
Бір
күні:
-
Әй, туысқан, - деген дауысқа
елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап
тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ.
Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып
кетіпті.
-
Төмен секір, - деді Қара
пышақ. – бірге жатайық. Бізді ешкім
білмейді.
-
Ол жерде не
бар?
-
Жатамыз, ұйықтаймыз,
демаламыз. Ой, қандай рақат!
-
Ал жұмысты кім
істейді?
-
Жұмыс бізсіз де
істеледі.
-
Рақмет! – деді Сары пышақ. –
Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір –
сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа қата
бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп
еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара
жатқандай сезінді.
-
Мысал әңгімедегі Қара пышақ
қандай адамға ұқсайды?
-
Сары пышақтың қандай ісі
сендерге ұнады?
-
«Еңбексіз өмір-сүреңсіз»
дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Жағдаятты
талдау
Жағдаятты талдап болғасын
оқушылар қыздың кесте тігіп отырған суретін
салады.
Айнаш пен Күләш бір сыныпта
оқиды. Күләш та ашық жарқын, бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт
өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз, Айнаштың жетістіктері
Күләшқа түрпідей тиеді. Бір күні еңбек сабағында Күләш Айнаштың
тіккен кестесін жыртып тастады.
Дәйексөз
Оқушылардың жауаптары
оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен
түйінделеді.
Мұғалім тақтаға Абайдың
«Еңбек - қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деген нақыл сөзін
жазып қояды.
-
Адам, ең бастысы, еңбектенуге,
яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.
Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады.
Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың
орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Мұғалім балаларға дәптердің
соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың
тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес
береді.
“Жұмбақ
шешу”
- Әр топқа мен мамандықтар
туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып,оның мағынасын
ашып айтасындар.
Өрнектеп, сәндеп,
Жалтылдапқалағы,
Тiгiстерiнбүгетiн.
Салатынкiмқаланы?
Солпысынжөндеп,
(Кiрпiшқалаушы)
Кiм көйлек
тiгедi?
(Тiгiншi)
Оның тiккен
бұйымы,
Аяғыңды
қаптайды,
Шыға қалса
жұлымы,
Қалпағы
аққарасаң,
Әдемiлеп
баптайды.
Дәрiгер емес, бiрақ
ол.
(Етiкшi)
Дәм мәзiрiн
қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
(Аспаз)
Тыныштық
сәті
Балалар, денелеріңізді түзу
ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар.
Көздеріңді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін
тыныстаңыздар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік
иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.
Күн шуағы денелеріңді жылытып, судың сыбдыры, таза ауа тұла
бойларыңды жақсылыққа, махаббатқа толтырғанын
сезініңіздер.
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі
мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі
қолданылады.
Үш оқушы (автор, қуыршақ,
бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп
оқиды.
Қайдан келдің,
бауырсақ?
Ө.Тұрманжанов
Дастарқанда
шашылып,
Жатты аппақ
бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап тұрып көзін
сап:
Деп сұрады
қуыршақ.
Нан
сатқан,-
Деді оған
бауырсақ.
-
Дүкенге келдің қай
жақтан?
-
Наубайдан келдім нан
жапқан.
-
Наубайға келдің қай
жақтан?
-
Диірменнен келдім ұн
тартқан.
-
Диірменге келдің қай
жақтан?
-
Даладан келдім кең
жатқан.
Жер - анам менің
көсілген,
Диқандар мені
өсірген.
Оқулықтағы суреттер бойынша
(жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені
сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының,
диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі
маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?» - деген
сұрақ аясында шығып сөйлейді.
Дәптермен
жұмыс
Мұғалім оқушыларға
дәптермен жұмысты орындау жолдарын
түсіндіреді.
«Еңбек – бақыт бастауы»
тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Жүректен
жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге
шеңбер құрып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін
айтады.