Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еңбек-қуаныш, жалқаулық айрылмас азап”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда Еліміздегі түрлі салаларда аз еңбек етіп, көп ақша алсам екен деп армандап жүрген адамадр қаншама. Негізі, адам баласы алған ақшасына сай болса оданда көп еңбектену керек. Бұл мақалада еңбектің маңыздылығы жайлы ашық жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбек-қуаныш, жалқаулық айрылмас азап

Еңбек мұратқа жеткізер,жалқаулық абыройды кеткізер,- деп айтпақшы еңбек пен жалқаулықтың арасы жермен көктей. Екеуі бір-біріне қарама қарсы дүниелер.

Бірінші, әр қайсысына бір-бірден тоқталып өтсек. Мен үшін, еңбек бұл өмір, қуаныш, рухани байлық, мүмкіндік, материалдық қажеттілік. Еңбексіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі, барлығы еңбек арқылы келеді. Менің осыны жасау ойым бар, ананы былай жасау керек еді , - деп аспанға қарап жата берсең, саған аспаннан салбырып ештеңе түспейді. Адам баласы өзінің бүкіл саналы өміріндеде, тіпті, санасыз өміріндеде ойлаған ойын жүзеге асырып, бір затты алып, одан жоқтан бар жасап, алда жүреді. Адал еңбек әрқашан адал нәтиже береді. Біреудің еңбегін жеу, ақысына кіру деген негативті заттардан алшақтатады. Ерте заманнан келе жатқан наным санімімізде:

Маймылды адам еткен-еңбек ”,- деседі, олда бекер, жайдан-жай айтылмаған дүние. Тіпті ерте заманда жабайы адамдар да азық тауып жеу үшін, іздену керек екендігін ұқты, ал ол азықты табу үшін немесе аңды аулау үшін оған құрал керек екендігін, өмір сүру үшін әрекет жасау керек екендігін түсінді. Бара-бара ол заттарды өздері еңбектеніп жасай бастады. Солай олар еңбектене келіп өз қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Сол секілді еңбек адамды ешнәрсеге және ешкімге мұқтаж қылмайды, адамдың рухани және материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Еңбек деген ол тек жер шабумен, терің төгіліп істеген жұмыс емес, әр саланың өз атқарар еңбегі бар. Сенің -сүйіп оқитын сабағыңды Ертең көп адамдарға пайдам тиедіғой” , - деген мақсатпен әрекет етіп оқып жатқаның өзі үлкен еңбек. Тағы сондай білім саласында, спорт, медицина, бизнес тағысын тағы. Еңбек арқылы әр сала өз жұмысында жетістікке жетіп отырады. Үлкен табысқа және жетістікке жеткен адамды оның еңбегі үшін бағаланады.

Жалқаулық айрылмас азап,- деп дана халқымыз айтқандай жалқаулық бір сөзбен айтқанда жұмысты кейінге қалдыру. Сенің әрекет етпей барлығына жеткің келіп тұратын бір дерт. Жалқау адам жалқаулығы әсерінен тіпті өзі істей алатын жұмыстардыда қолымнан келмейді”-, деген қорқынышпен оңай заттардыда істей алмауы мүмкін. Олар алдарына мақсат қояды бірақ істі ертеңге шиегеру арқылы мақсатына әрекет жасамайды. Ал бұның салдарынан кейін олар мақсат қоя алмай қалады. Жалқаулық кесірінен адам баласы бір орында тұрып қалады. Алға жүруге түрлі сылтаулар тауып, тізіп береміз.

Еңбекқор адам өз айналасына сыйлы әрі абыройлы болып жүрсе, жалқау адам өз қатарынан қалып бірақ сондада өзіні керемет санайтын адам. Бұл жердегі ең күрделі бір мәселе- ол жалқаулықты біз басқармай, жалқаулық бізді басқаратындығында.

Еңбек сүйгіш адам әр күні қызық өтетін болса , ал еріншек адамға бұл өмірде қызықсыз, өмірінің дым мәні жоқ. Себебі оның бір күні екінші күніне ұқсас өтеді. Олар бұл арқылы денсаулықтырынада , алтын уақыттарынада, бір рет келетін өмірлерінеде қиянат жасап жатқандықтарын ойламайды.

Айтқым келетін зат әр кім өз жұмысын мүлтіксіз, бар еңбегін салып жасайтын болса , онда елімізде беделді тұлғалар, ақылды жастар көбейе түсетін еді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2022
813
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12