Еңбек түбі береке

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еңбек түбі береке

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек түбі береке тәрбие сағаты қауіпсіздік сабағы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

«Еңбек түбі береке»

Күні

23.09.2024ж

Сынып жетекші:

Қарапаш Ақерке Құралқызы

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері: Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі құндылықтарының бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіру.

Апта дәйексөзі

Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)

Қауіпсіздік сабағы

«КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТАНУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?»

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)








Сабақ басы (13 мин)


Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім оқушылармен амандасады.Сыныпты түгелдейді.

«Жақсы сөз-жарым ырыс»тренинг.



1-тапсырма.

Оқушыларға ребус шешуді тапсырамын.





Мұғалім:

2-тапсырма.

Ведио ролик көру.

Оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтады.


Оқушылар берілген ребусты шешіп,бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.




Видеоролик арқылы интерактивті тақтадан ақпарат көрсетіледі. Оқушылар видео сабақтан көргенін, түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашады ... өз ойларын айтып,пікір алмасады.

Компьютер












Сілтеме

https://youtu.be/DX7rSHokTmQ
















Ортасы (20 мин)











3-тапсырма

Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады

Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.

Оқушылар арасында топтық бағалау жүргезеді.


Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.


 Слайд

Дәптер

Қалам












4-тапсырма.

Мұғалім:

Еңбек деген адам бойындағы ең жақсы қасиет. Себебі еңбек , жалқаулық сөзіне антоним. Еңбек еткен адамның ризық несібесі артады. Ал жалқау адамға , ондай шапағат түспейді. Еңбек еткен адам ешқашан да , қор болмайды. Себебі таза теріңмен , адал ниетіңмен істеген іс әрдайым берекеге алып барады. Ал теріс жолмен ақша табу , керісінше ризығыңды кемітеді. Сол себепті , арамтамақ болмай , таза пейілді , еңбекқор болу керек. Сонда ел ішінде де абыройың асқақтай түседі.

«Еңбек бәрін -жеңбек» тақырыбында эссе жазуға тапсырма береді

Оқушылар эссе жазып және оны оқып талдайды.




слайд


4 САБАҚ. «КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТАНУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?»


Сабақтың мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Негізгі міндеттер:

1) өз көзқарасын білдіру және оны дәлелдеу қабілетін дамыту;

2) адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарға тәрбиелеу;

3) оқушыларда өзара құрмет пен өзін-өзі бағалауды тәрбиелеу; Материалдар мен ресурстар: проектор, проекциялық экран, дербес компьютер.

Сабақ барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінде желіні пайдаланушылар саны ондаған миллион адамды құрайды, олардың көп бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Бірақ интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі бола алады.

3. Қорытынды













2. Негізгі бөлім

Кибербуллинг – бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту.

Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.

Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты – аңдып жүргендерді қорқыту.

Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін тигізеді.




Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10

Соңы.

5-минут

Кері байланыс.

«Еңбек пирамидасы»рефлекция

Оқушылар стикерге пікірін жазып,тақтаға жапсырады.





Слайд.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі