|
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім Қалиев Е |
Уақыты:22.02.2018 |
Кабинет |
|
|
Сабақтың атауы |
«Еңлік- Кебек» дастанының көркемдік ерекшелігі |
|||
|
Мақсаты |
Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету, дастанның мазмұны мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігін ашу. |
|||
|
Топқа бөлу |
Шәкәрімнің дастандары арқылы жұптарға бөлу. Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Нартайлақ-Айсұлу |
|||
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Сенің құнды қасиетің» . Әр оқушы шаттық шеңберінде өзінің көршісінің құнды қасиетін айтып, мақтау айтады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
|
Үй тапсырмасын сұрау Сабақтың басы |
Лоторея әдісі арқылы үй тапсырмасы пысықталады. Лоторея әдісі сабақтың соңына дейін пайдаланылады. Ең көп ұпай жинаған жұп лотоны ұтады,яғни жақсы бағаға ие болады. Үй тапсырмасы шығарманы композициялық құрылысына талдау 1.Оқиғаның басталуы Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы 2.Оқиғаның байланысуы Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі. 3.Оқиғаның дамуы Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі 4.Оқиғаның шиеленісуі Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі 5.Оқиғаның шарықтауы Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі. 6.Оқиғаның шешімі Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы. |
|||
|
|
«Еңлік- Кебек» дастаны - адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды. Дастанының кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады. Махаббат жолында құрбан болған,ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсылысының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар. |
|||
|
Ортасы
|
І Жұп. «Т кестесі». Кейіпкерлердің жағымды,жағымсыз қасиеттерін талдау ІІ жұп. Қолданыстан шығып қалған сөздердің мағынасын ашу Жамағайын ─ аздаған жақындық, алыс туыстық. Жасы ─ көңілі босау, мұңаю, қамығу, беті қайту. Сабаз ─ біреудің іс-қылығына, мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза болғанда айтылатын көтерме сөз. Тапалдау ─ аласалау, кішілеу, тәпелтектеу. Барымта ─ жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы. Ұрын ─ күйеу жігіт жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі. Абыз ─ ас білгір, білімдар адам. Бақсы Жеті атаға дейін қыз алыспау- халқымыздың «Жеті атаға дейін қыз алыспайтын» игі дәстүрі бар. Бұл – қан тазалығымен қоса ,ертең дүниеге келетін ұрпақтың физиология мен психологиялық жағынан дені сау ұрпақ болуының бірден -бір кепілі. Бастаңғы- әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып, құрбыларын жинайды. Ұрын келу-күйеу жігіт қыздың жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі. Атастырып қою-«бесік құда», ұл мен қызды бесіктен шықпай, бір-бірімен атастырып қою, ІІІ жұп. «Фишбоун» әдісі. Балық қаңқасына сала отырып, сабақты жан-жақты талдайды. Мәселе «Еңлік-Кебек өліміне кім кінәлі?» Ойлаудың алты қалпағы Берілген қалпақтардың біреуін таңдап және сұрақтарға жауап береді. |
|||
|
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау.Бағалау парақшаларын толтыру |
|||
|
Үйге тапсырма |
«Ғашықтың тілі-тілсіз тіл» эссе |
|||
|
Кері байланыс |
Еттартқыш.шабадан,себет |
|||
|
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім |
Уақыты: |
Кабинет |
|
|
Сабақтың атауы |
«Еңлік- Кебек» дастанының тақырыбы мен идеясы |

Пазл арқылы топтарға бөлу |

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
|||
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
|
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
а/ сәлемдесу; ә/ түгелдеу; б/ ақынның өзі шығарған жұмбағын шешу. Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе, Етінен ет кесемін, сөйлемесе. Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ, Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше. (Қарындаш) Бір нәрсе, жұртқа мәлім, көзден ғайып, Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып. Не сынап, не түстеуге ұқсамайды, Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып (Жел) |
|||
|
Мағынаны тану |
Шәкәрім қаламынан туған үш дастаны да ескі қазақ тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Бұл дастандар жанрлық тұрғыдан алғанда «Қалқаман-Мамыр» ─ лиро-эпикалық жыр, «Еңлік-Кебек» ─ әлеуметтік дастан, «Нартайлақ-Айсұлу» ─ махаббат драмасы. Сонымен қоса «Ләйлі-Мәжнүн» (Физулиден) дастанын 1907 жылы жазған, «Дубробский әңгімесі» (Пушкиннен) 1908 жылы жазылған және «Қодардың өлімі» дастанын жазады. 1888 жылы «Қалқаман-Мамыр» дастанын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» дастанын жазып, 1912 жылы жеке кітап күйінде Семейде «Жәрдем» баспасында басылып шыққан. «Еңлік- Кебек» дастаны - адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды. Дастанының кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады. Махаббат жолында құрбан болған,ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсылысының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар. |
|||
|
Ой толғаныс |
І Шығармашылық диктант Шәкәрім ... (1858) жылы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде дүниеге келген. ... (5) жасында оқуға барып, ... (7) жасында жетім қалады. Әкесі Құдайберді ... (1866) жылы ... (37) жасында дүниеден озады. 10 жасында ... (домбыра) , ... (гармонь) музыкалық аспаптарында ойнауды үйренеді. ... (25) жасында болыс болып сайланады. Халық Шәкәрімді «екінші ... (Абай)» деп таныған. Ақын ... (1905) жылы Меккеге қажылыққа барған. Шәкәрім ақын 1931 жылы 2-ші ... күні ... (73) жасында жазықсыз оққа ұшқан. ІІ Дастанды сатылай кешенді талдау «Еңлік-Кебек» дастаны 1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары бар. Ақын 1931жылы 2 қазанда 73 жасында қастандық құрбаны болды. 2.Тақырыбы─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі. 3.Жанр түрі поэзия (дастан). Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма. 4. Идеясы. Бұл дастанның идеясы ─ ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі. 5.Шумақ.3 шумақты. ( Жалпы 131 шумақты) 6.Тармақ ─ өлеңнің әр жолы. 4 тармақты, барлығы 7.Бунақ ─ белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.3 бунақты. 8.Буын саны ─ сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. 11-12 буынды. 9.Ұйқас түрі. (-а- а- ә- а) қара өлең ұйқасы. 10.Әдеби теориялық ұғымдар. Эпитет ─ қос басшысы, жас басы, жасы бала, жаны отты, сабаз жолдас. Теңеу─ атты жаяу бәріне бірдей мықты. Портрет ─Көзі өткір, қараторы жігіт екен, Орта бойлы; тапалдау, кең иықты. Ауыспалы мағына - жаны отты (жігерлі, қайратты). 11.Түсіндірме сөздік. Жамағайын ─ аздаған жақындық, алыс туыстық. Жасы ─ көңілі босау, мұңаю, қамығу, беті қайту. Сабаз ─ біреудің іс-қылығына, мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза болғанда айтылатын көтерме сөз. Тапалдау ─ аласалау, кішілеу, тәпелтектеу. 12. Тәрбиелік мәні.Адал махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. ІІІ Сатылай кешенді композициялық талдау «Еңлік-Кебек» дастаны 1.Авторы – Ш.Құдайбердіұлы 1958 -1931 жылдар аралығында өмір сүрген . Қазақтың ақыны 7 жасында ақындыққа талпына бастайды. Алғашқы өлеңін әкесінің өліміне байланысты шығарады. «Жуандар», «Қайтқан шал», «Қорқақ шал», «Бай мен қонақ» атты өлеңдері бар. 2.Тақырыбы ─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі. 3.(Дастан)Поэзия 4.Эпикалық жанр түрі. 4.1.Орта көлемді эпикалық жанр түрі. 4.2. Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма. 5.Шығарманың негізгі идеясы. Ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі. 6.Шығарманың композициялық құрылысы -шығарманың композициясы сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп қиыннан қиыстырады. 6.1.Сюжеттің басталуы ─Тобықты руынан шыққан Кебектің бейнесі. Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. 6.2.Сюжеттік байланыс ─ Кебектің Нысан абызға бал аштыруға келуі. Сюжеттік байланыс ─ адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті. Шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. 6.3.Сюжеттік даму ─ аттастырылып қойған Еңліктің Кебекпен бірге қашуы. Сюжеттік даму ─ адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысты. 6.4.Шиеленісуі ─ екі рудың бірін-бірі шабуы, малға бітім қылмауы. Шиеленісуі ─ оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп ширығуы. 6.5.Шарықтау шегі ─ Еңліктің соңғы сөзі (үш тілегі). Шарықтау шегі ─ сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. 6.6.Шығарманың шешемі ─ екі рудың келісімімен екі жасты ат құйрығына байлап өлтіруі. Шығарманың шешемі ─ суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған үкімі, адамдар арасындағы тайталастардың, күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар, тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахнасы. 7.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі. 7.1.Жағымды- Еңлік, Кебек, Нысан абыз. 7.2.Жағымсыз-екі ру адамдары. 8.Әдеби теориялық ұғымдар. 8.1.Троп немесе құбылту ─ сөздерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. 9.Түсіндірме сөздік. Барымта ─ жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы. Ұрын ─ күйеу жігіт жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі. Абыз ─ ас білгір, білімдар адам. Бақсы ─ пірге, аруаққа сиынып, ауруды ұшықтап емдейтін тәуіп. 10. Тәрбиелік мәні. Адал махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.. ІҮ Кубизм 1.Суретте.Оқиға болған жерді суреттеп бер. 2.Зертте. Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйыратынын дәлелде. 3.Салыстыр.Сол ескі заман мен қазіргі заманды салыстыр. 4.Қолдан.Шығармадағы сөз кестелерінен ой айшықтарын тап. 5.Ізден. Шығармадағы салт-дәстүрді тап. Мені де кедей емес, байға берген, Күйеуім өткен жазда ұрын келген. 6.Анықта. Еңлік пен Кебек бейнесі қандай образға жатады? |
|||
|
Бағалау |
Бағалау парақшаларын толтыру |
|||
|
Үйге тапсырма |
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |
|||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еңлік- Кебек дастанының көркемдік ерекшелігі

шағым қалдыра аласыз