"Ер Тарғын жырындағы Тарғын бейнесі",9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ер Тарғын жырындағы Тарғын бейнесі",9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ер Тарғын" жырының мазмұнына шолу жасап, Тарғын бейнесін ашу, Жас мамандарға жырды талдау кезінде көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі.


Мақсаты:

Білімділігі: Жырға сүйене отырып, Ер Тарғын бейнесін ашу, талдау.

Дамытушылығы: Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл

байлықтарын дамыту, сын тұрғысынан ойлауға

дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Өз еңбегін бағалай алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. «Алтын сақа» ойыны негізінде.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс. Сұрақ – жауап. Талдау. Сипаттау.

Көрнекілігі: Сабақ жоспары. Асық, мінездеме жазылған плакат, семантикалық

карта.

Сабақтың кілт сөзі: Шын ер жеңсе тасымас,

Жеңілсе жасымас.

Жүру барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Үйге берілген тапсырманы «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы бойынша бір – біріне сұрақтар қойғызу.

2. Нашар оқитын оқушыға «Семантикалық карта» беру.


Дұрыстық белгісі

ӨShape1 лең

жолы


Өлең


тақырыбы

Өлген соңынан өлмек жоқ, Өлген соң қайтып келмек жоқ.


Құтты болсын айтамыз тойыңызға, Той иесі тойыңыз, тойға ұлассын!

Көргеннен айтайын ба, әлде естігеннен айтайын ба?

+

Тойбастар


+


+

Көңіл айту

+



+

Аңыз әңгіме



+


ІІ. Мағынаны таны.

Оқушылар, біз бүгінгі күнгі сабағымызды «Алтын сақа» ойыны арқылы өтеміз. Ойында сұрақтарға жауап беріп, «Ер Тарғын» мінезін ашамыз. Ойын бес бөлімнен тұрады. Ортамызға оқушыларды шығару үшін сұрақтар қойылады.

1 бөлім: Табалдырық – бұл бөлімде 4 сұрақ қойылады. Ортаға 4 оқушы

шығады.

а/ «Піс қазаным бес ай» дегенде, «отырайын он ай» деп төрге нығайып алатын

кейіпкер. /Алдар көсе/

ә/ Ер Тарғынды басу еткен, қырғын халықты арашалаған жырау /Сыпыра/

б/ Әдет – ғұрыпқа байланысты өлең – жырларды ата. /сыңсу, беташар,

тойбастар, жар -жар/

в/ Ертегілердің түрлерін ата. /шыншыл, қиял – ғажайып, жануарлар

туралы/

2. «Қозы көш» - оқушыларға «Ер Тарғын» жырынан төрт сұрақ қойылады. Жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығады. Екі оқушы дұрыс жауап бермесе, асық тасталады.

а/ Сары ала туы салбырап,

Шапты батыр тебініп,

Жалмауыздай емініп.

Сырттағы тұрған әскерге,

Қарамады бұл батыр,

Ішкі қамалға кірді желігіп.

Қай батыр суреттеледі, мінезі қандай? /Ер Тарғын – батыл, әрі батыр/

ә/ Тарғын қанатты қара дейтұғын жорғасын мінгізіп алып, кімді алып қашты? Батырдың қандай мінезін көреміз?

/Ақжүністі алып қашты, батырдың сүйе білетіндігін білеміз/

б/ Мен, мендермін, мендермін,

Мен де өзіңдей кедермін.

Менің жөнім сұрасаң,

Қырық сан Қырым елінде

Асыл жауһар белінде,

Арғы атам Еркөлік

Өзімнің әкем Қоянақ

Мен Қоянақұлы............ /Қартқожақ/

в/ Жаннан қорқар ер емес,

Кезегін баба алсын деп,

Қарт қояндай қасқарып

Қарсы қарап тұратын батыр кім? Батырдың қандай мінезін көре аламыз?

/Үлкенді сыйлай білетін батыр Ер Тарғын/

Дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады.


3. «Беласар» - қалған үш оқушыға сұрақ қойылады. Өзіне ұнаған конвертті таңдайды.

а/ «Мұның аяғаны рас екен, менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме, мен мұның қадірін білейін» деп Тарғын қандай әрекет жасайды? Батыр мінезінен нені аңғарамыз?

/Қызды тастап кетеді, өзінің ер екендігін көрсетеді/

ә/ Тарғын алты құлаш белбеумен белін не себепті бұрады? Батыр мінезінен нені аңғарамыз?

/Белін жазу үшін, батырдың қайсарлығын, шыдамдылығын көреміз/

б/ Ер Тарғын қай таудың бойында жылап толғанады, толғануының себебі неде?

/Бұлғыртау бойында, достарын сағынып, өмірге наразылық білдіреді/


Қате жауап берген бір оқушы ойыннан шығады.


4. «Жолайрық» - қалған екі оқушы жауап береді.

а/ Алты қалаш ала атпен,

Үсті толған болатпен,

Сайдан шыққан құла атпен

Көңілін тоқсан бөледі.

Жекеме – жеке Тарғынға

Соғысуға келе жатқан кім? Тарғын оны қалай қарсы алады?

/Қалмақтың батыры Домбауыл, батырға тән мәрттікпен қарсы алады/

ә/ Өз алдыңа сұлтан боп,

Сүйген жерің жайлашы

Неше батыр болсаң да,

Алмаймысың бұл сыйды?

Миың болса басыңда

Айтып тұрған қасыңда – деп жырлаған кім? Батыр сөзді қалай ұғады?

/Сыпыра жырау. Батыр сөзге тоқтай алады/


Бір оқушы ойыннан шығады.


5. «Көмбе» - қалған жеңімпаз сұраққа жауап береді.


Батырға берілген мінездемені толық оқып шығады. Батыр мінездемесі шыққан кезде ер қаруының бірі – «Қалқан» шығады.


ІІІ. Толғаныс.


Оқушылар сабақты «Ішке - сыртқа» стратегиясы бойынша қорытындылайды. Ер Тарғын, Ақжүніс, Қартқожақ бойындағы қасиеттер негізінде.


Үйге өтілген тапсырмаларды қайталау. Бағалау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
1623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі