«Ерекше білім берілуін қажет ететін оқушыларды оқытудың әдіс – тәсілдері»
Білім беру – бұл үлкен процесс, яғни үнемі өзгеріп отыратын, динамикалық дамып отыратын ұстазбен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі. Ол мұғалімнің тұлғасы мен оқушының жеке басына байланысты өзгереді. Сөйлеудің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген, жүйке-психикалық бұзылыстары бар, күрделі бұзылыстары бар кез келген бала, оның отбасына, мемлекет үшін кедергі болмауы керек. Ол қоғамдық ортаға адекватты түрде енуге қабілетті оңтайлы дамыған тұлғаға айналуы қажет. Бұл тәсілді жүзеге асыруда түзете – дамыту мен оқытудың арнайы әдістері мен технологияларын иеленетін білікті мамандарды қамтитын арнайы кеңістік құрылған жағдайда ғана мүмкін болады.
Мектепке әр түрлі балалар келеді: әрқайсысының даму ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, өмірлік тәжірибесі бар болғандықтан, осыған орай әрқайсысы оқу мен тәрбиенің ең тиімді нұсқасын табуы керек. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаға білім беру және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға көмектесу үшін бар ауытқуларды жеңу және түзету, олардың танымдық процестерін белсендіру үшін түзету жұмыстарының арнайы әдістері қажет. Дамуындағы кемістіктерге байланысты тәрбиесі мен білімі баяу жүретін бала күнделікті өмірде алған дағдылары мен әдеттерін бекіте отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұйымдасқан түрде қалыптастырса, қажетті дағдыларды жақсы меңгереді.
Психолог Л.С. Выготский өз еңбектерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың кәдімгі балалармен бірдей жетістіктерге қол жеткізе алатынын, бірақ баяу болсада «басқа жолмен, әртүрлі құралдармен» қол жеткізе алатынын атап өтті. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың зейіні мен ойлауының жоғары функцияларын дамыту үшін деңгейлік оқыту тәсілдері жасалуы керек және олар қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы білімге мұқтаж.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту оларға арнаулы білім беру стандарттары шеңберінде білім алу, тәрбиелеу, дамуындағы ауытқуларды түзету, әлеуметтік бейімделу үшін жағдайлар жасау мен қарапайым балалармен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін арнайы түзету-дамыту ортасын құруды көздейді.
Берілген білімді меңгеруден көрінетін оқу деңгейі бойынша оқушыларды 4 топқа бөлуге болады:
1-топ – жалпы алғанда дұрыс шешім қабылдайтын балалар. Олар ең белсенді және бағдарламалық материалды игеруде көп көмекті қажет етпейді.
2-топ – бағдарламаны меңгерудегі үлгерімнің баяулығы тән. Олар белгілі бір жағдайларда алған білімді қолдана алмайды.
3-топ – оқушылары берілген білімді өте баяу, енжарлықпен қабылдайды. Олар психологиялық процестердің тұрақсыздығынан, берілген білімді алады бірақ тез ұмытады.
4-топ – балалардың жеке бағдарламалар бойынша оқуымен сипатталады. Олар үшін жазу негіздерін меңгеруді, ең қарапайым санауды және оқуды қамтамасыз ететін ең төменгі білім жүйесі белгіленеді. Бұл балалар үйде оқытылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда қолданатын түзету жұмыстарының негізгі бағыттары:
1. Қимыл-қозғалыс пен сенсомоторлық дамуды жақсарту: қолдың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту;
каллиграфия дағдыларын дамыту;
артикуляциялық моториканы дамыту;
2. Жоғарғы психикалық функцияларды дамыту: көрнекілікті қабылдау мен тануды дамыту;
визуалды есте сақтауды және зейінді дамыту;
заттардың қасиеттері (түсі, пішіні, өлшемі) туралы жалпылама түсініктерді қалыптастыру;
АКТ элементтерін пайдалану;
есту зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
фонетикалық және фонематикалық бейнелеуді дамыту, дыбыстық талдауды қалыптастыру;
3. Анализдей білу қабілеттерін дамыту;
топтастыру және жіктеу дағдылары (негізгі жалпы ұғымдарды меңгеру негізінде Мысалы: жемістер, көліктер, жиһаздар);
ауызша және жазбаша нұсқауларды орындай білу;
іс-әрекетті жоспарлау қабілеті;
4. Ойлаудың әртүрлі түрлерін дамыту:
көрнекілік-бейнелі ойлауды дамыту;
сөздік-логикалық ойлауды дамыту (заттар мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы логикалық байланыстарды көру және орнату қабілеті болып табылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың шарттарының бірі – кемістіктің күрделі құрылымын білу және дамудағы ауытқуларды түзетуге болатынын түсіну. Сондықтан оқушылардың бойындағы ерекшеліктерін терең зерттеу қажеттілігі туындайды.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда түрлі әдістерді қолдануға болады. Кез келген сабақты жоспарлаудың негізі ретінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сыныптағы шығармашылық үдеріске қосудың ең тиімді құралыдарын таңдай білу қажет. Мұндай құралдар: түзету-дамытушы ойындар мен жаттығулар, жарқын көрнекі суреттер мен бейне жазбалар. «Ойын арқылы үйрет» - бұл өсиетке ешкім қарсы болмайды деп ойлаймын. Оқушылар ұсынылған ойын тапсырмаларын қуана орындайды. Ойын оқушыларда ізденімпаздық жағдайын туғызады, жеңіске деген қызығушылықты оятады, демек, шапшаңдыққа, жинақылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, тапсырмаларды нақты орындай білуге, ойын ережесін сақтауға деген құштарлықты оятады. Танымдық қызығушылықтың әсерінен берілген тапсырманы орындауға деген белсенділік артады. Оқушылардың деңгейін білу оқытуда және тәрбиенің жалпы педагогикалық және коррекциялық міндеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеудің басты ерекшелігі де осында.
Сабақ беру барысында сыныптағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру керек. Сондай ақ сабақты дәстүрлі емес формада өткізу де: ойын-саяхат, шағын спектакль, рөлдік ойындар, түрлі жарыстар көп нәтиже береді.
Сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде компьютерлік және басқада технологияны қолдану, жанды бейнелер арқылы ақпаратты қабылдау және есте сақтау процесін дамыту, тапсырманы қабылдауын жеңілдету тәсілі ретінде, ауызша және жазбаша сөйлеудің бұзылуын түзету, есте сақтау, ойлау, зейінді дамыту үшін пайдаланған көп нәтиже береді. Оқу және ойын әрекетін ұштастыру нәтижесінде оқушылар материалды модельдеуге, білімдерді өз бетінше меңгеруге (танымдық, ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып) үйренеді. Жұмыстың бұл түрі балалардың ұсынылған тақырыптарға қызығушылығын оятуға және оны болашақта естерінде сақтауға көмектеседі.
Жыл сайын оқушыларда шаршағыштық, зейіннің нашарлауы, есте сақтау қабілетінің нашарлығы және басқа да проблемалары бар балалардың саны тұрақты өсуде. Бұл берілген білім бағдарламаларын қабылдауларына кедергі келтіреді және балалардың сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуін бұзудың алғышарты болып табылады. Сабақ барысында түзете -дамытудың технологияларын қолдану сөйлеу кемістіктерін түзетуге және балалардың психикалық және физикалық жағдайын түзетуге көмектеседі.
Денсаулық сақтау технологиялары:
-
Ұсақ моторика гимнастикасы.
-
Көзге арналған гимнастика.
-
Тыныс алу жаттығулары.
-
Сергіту сәті қимыл - қозғалыстар
Түзете – дамыту технологиялары біз үшін өте маңызды және қолайлы. Оқушы тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім балаға қажетті көмек көрсетеді. Әрбір оқушы үшін тапсырманың оңтайлы қарқыны таңдалады. Бала барлық қиындықтар мен проблемаларды жеңуге болатынына және табысқа жетуге болатынына сенімді болуы керек.
Мен сабақ арасында оқушыларға ұсақ моторикақа арналған жаттығулар жасатуда осы әдіс – тәсілді қолданамын. Бұнда оқушылар түстерді үйреніп қана қоймай саусақтардың ретін біліп, оң және сол қолды ажыратады.
Бұл ойын арқылы да оқушылар есту қабілеті мен түстерді үйреніп, саусақ қимылдарын жасауда жылдамдықтарын арттырады. Қосымша мәтіндік және иллюстрациялық материалды таңдау, жеке тапсырмалар мен қосымша танымдық мәтіндер бар карточкалар құру- мұның бәрі жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Бұл карточкаларда буындар сурет құрастыру арқылы оқылады. Оқушы буындарды оқып қосуға үйренеді. Бастапқыда екі буынды сөздер, кейін үш және төрт буынды сөздерді қосып оқуға машықтанады.
Оқушылар бұл карточкалар арқылы берілген суреттер қандай әріптер таңбасынан тұратныдығын тауып құрастырулары қажет. Әртүрлі дәстүрлі емес сабақ түрлері оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тереңірек ашуға, балалардың бір-бірімен белсенді қарым-қатынасқа түсуіне, өз ойын ашық айтуға мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары бұл баланы толығымен баурап алуға, қиялмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, психомоторлық функцияларды босаңсытуға және ұсақ моторикадағы кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді
Шалва Александрович Амонашвили өз сөзінде
«...сабақта педагогикалық ойынсыз оқушыларды білім мен адамгершілік әлеміне баулу, оларды сабақтың белсенді қатысушылары мен тапсырмаларды орындаушылары ету мүмкін емес» деген.
Адам адамдар арасында өмір сүруі керек, ал ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала – ең алдымен адам. Оның нақты психологиялық проблемалары сау балалардан ерекшеленеді. Мұғалімдердің мақсаты – оқушылардың білім алып, болашақта жеке тұлға, қоғамдық пайдалы еңбекке, өз бетінше өмір сүруге дайындау.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. М., 1994.
-
Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық -педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды:»САНАТ -Полиграфия», 2008
-
Әмірова Ә.С. Психологиялық әдіс : Әдістемелік құрал / Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. – Алматы, 2006. – 172 б.
-
Бауыржанқызы А., Жиенбаева Н.Б. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларына психокоррекциялық бағдарламаның: құрылымы мен мазмұны.
-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршы жинағының «Арнайы педагогика» сериясы. – 132 б.
-
Личность и мышление ребенка: диагностика и коррекция Т.Н. Овчинникова. – М.: Акад. Проект, 2002. –192 с.
-
Воображение и творчество в детском возрасте. Выготский Л.С. – М.: Просвещение,1991. – 93 с.
-
Логико-психологические основы использования компьютерных учебных средств в процессе обучения: Проект психол. концепции / и др. // Информатика и образование. – 1989. – N3. – С.3-16.
-
Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату».//Дефектология. 2010. №4. 15 б.
-
Өмірбекова Қ. Қ. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру әдістері/ //Хабаршы.- 2006. - №1. Б.31-36.
-
Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз