ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Канапиянова А.Ж., дефетолог-логопед
№ 86 «Зияткер» балабақшасы, Астана қаласы
Аннотация: Аталған мақалада ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолдануға болатын тиімді цифрлы технологиялар туралы айтылады. Мақалада көрсетілген цифрлық ресурстар түзету-дамыту жұмыстарын тиімді, әрі қызықты жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл технологияларды тәрбиешілер, арнайы мамандар және ата-аналар қолдана алады. (дефектолог,логопед,психолог)Сонымен қатар мақалада аталатын қосымшалар мен әдістерге сілтеме беріледі.
Түйінді сөздер: цифрлық технология,цифрлық ресурс,виртуалды шындық,
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан–жақты дамуына ықпал ету педагогтен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа технологияыларды тиімді пайдалана отырып, оқыту мен тәрбиелеу процесін сапалы, қызықты өткізу қазіргі уақыт пен балалар талабы. Бұл процес педагогтің жұмысын біршама жеңілдетіп, өз энергиясы мен махаббатың балаларға жұмсауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тіпті, мектеп жасына дейіңгі балаларды жай интерактивті тақта немесе көрнекі құралдармен таң қалдырып, оның көңілін өзіне аударта алмайсын. Себебі талап,көзқарас басқа. Осы мақсатта ерекше білімді қажет ететін балалардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда тәрбиешілер және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді.Технологияны қолдану әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді, бұл оқытудың сапасы мен тиімділігін едәуір жақсартады.
Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде .
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар) Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік.
Арнайы бағдарламалар мен қосымшалар әртүрлі қиындық деңгейлерін, материалды беру форматтарын және онлайн ресурстар мен платформалар бейне оқулықтар, интерактивті тапсырмалар және аудиокітаптар сияқты көптеген материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе физикалық немесе денсаулықтың басқа ерекшеліктерінде шектеулері бар балалар үшін өте маңызды. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту Коммуникаторлар немесе мәтіндік және дауыстық енгізу бағдарламалары сияқты технологияларды қолдану ауызша немесе жазбаша сөйлеуде қиындықтары бар балаларға басқалармен сөйлесуге және өз ойларын айтуға көмектеседі.
Мысал ретінде,өз тәжірбиемде қолданып жүрген бірнеше құралдар мен әдістерді ұсынамын.
LearningApps.org - тіл дамуында бұзылыстары бар балалармен жұмыс барысында кез келген лексикалық тақырыпты бекіту үшін, ойындар,тапсырмалар дайындауға болады. Сонымен қатар, дайындалған ойындарды, сілтеме арқылы ата-анасына жіберіп,бірге орындауға, және орынлған тапсырмаға кері байланыс беруге болады.
Альтернативті және қосымша коммуникациялық бағдарламалар (AAC): proloquo2go қосымшал сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға өз ойларын айтуға көмектеседі. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған Proloquo2Go бағдарламасы. Практика барысында proloquo2go бағдарламасы сөйлей алмайтын балаларға көрнекі белгілер арқылы өз ойларын білдіруге көмектесті. Бұл олардың үлгерімі мен әлеуметтенуін айтарлықтай арттырды. Әрине бұл қосымшаны меңгеру үшін бала біршама түзету жұмыстарынан өтуі керек.
Тағы бірі қолайлы әдіс, өзіміз күнделікті қолданып жүрген QR -код. Ол арқылы кез -келген суретті сөйлетуге болады. (мысалы жануардың дауысы,көліктердің дыбысы).
АСБ (аутистік спектрдің бұзылуы) балармен жұмыс жасау қазіргі таңда өте ауқымды мәселе. Балаларды норма типтік жағдайға шығару үшін тиімді, пайдалы әдістерді табу,жасау барлық арнайы педагогтардың мақсаты деп санаймын. Қазіргі таңдағы ғалымдардың зерттеуімен тиімді болып табылған АВА- терапиясымен жұмыс жасау үшін АВАCARDS мобильді қосымшасы ұсынылады.
Виртуалды шындық (VR) және кеңейтілген шындық (AR) VR және Ar технологиялары оқу процесін қызықты әрі тиімді ететін интерактивті оқу орталарын құруға мүмкіндік береді. Олар әлеуметтік немесе кәсіби сияқты нақты өмірде үйрену қиын дағдыларды дамытуға көмектеседі. Виртуалды шындық Аутизмі бар балаларға арналған білім беру орталығы дүкенге бару немесе бейтаныс адамдармен араласу сияқты нақты әлеуметтік жағдайларды модельдеу үшін VR технологиясын қолданды. Бұл балаларға қауіпсіз жаттығулар жасауға және нақты әлемде сенімділікті дамытуға мүмкіндік берді.
Аутизм: Общение- қосымшасы. Ата-ана немесе маман сөйлемейтін баламен сөйлесу үшін стандартты карталар жиынтығын ғана емес, сонымен қатар жеке-жеке жасалған карталарды да қоса алады. Мұндай функционалдылық қосымшаны аутизммен және дамуында басқа да бұзылулары бар сөйлемейтін балаларға ғана емес, сонымен қатар сөйлей алмайтын кез-келген басқа адамдарға да қолдануға мүмкіндік береді. Бұл церебральды сал ауруы бар балалар мен ересектер, жарақат алған және инсульттан кейінгі ересектер, жай қарт адамдар болуы мүмкін.
Технологияны енгізбес бұрын әр баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне талдау жасау маңызды. Бұл ең қолайлы құралдар мен бағдарламаларды таңдауға мүмкіндік береді. Технологияларды сәтті пайдалану үшін педагогтерге білім беру процесінде жаңа құралдарды тиімді қолдана алатындай тұрақты тренингтер мен семинарлар өткізу қажет. Технологияларды толық енгізбес бұрын, олардың тиімділігін бағалау және қажетті түзетулер енгізу үшін пилоттық жобаларды жүргізу ұсынылады. Білім беру бағдарламаларын жаңа технологияларға бейімдеу үшін айтарлықтай уақыт пен ресурстар қажет.
Қорытынды.Цифрлық технологиялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беруде жаңа көкжиектер ашады. Олар оқытуды жекелендіруге, оның қолжетімділігін арттыруға және негізгі дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Дегенмен, технологияларды сәтті енгізу үшін қол жетімділікке, кадрларды даярлауға және инфрақұрылымды бейімдеуге байланысты бірқатар сын-қатерлерді шешу қажет. Тек кешенді тәсіл білім беру процесінде цифрлық технологиялардың әлеуетін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың еңбектерінде сандық технологиялардың көмегімен оқытудың ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына ықпалы зор екендігі дәлелденген. Қорыта айтқанда, бала , ата-ана, педагог, отбасы және жалпы білім беретін мекемелер арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ, яғни ерекше білімді қажет ететін білім алушыларға өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз қажет. Инклюзивтік білім беру ерекше білімді қажет ететін білім алушыларға қоғамның толыққанды мүшесі болуға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға көмектеседі. Инклюзивті білім беру aясындa әрбір педагог-оқытушы ерекше қaжеттілігі бaр оқушылaр кaтегориясын білуі және олaрдың мүмкіндіктеріне сәйкес оқыту әдістемелерін меңгеруі шaрт.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Аксенова, И.В. "Технологии обучения детей с особыми образовательными потребностями". Москва: Просвещение, 2021.
2.Smith, J. "Inclusive Learning with Technology: Best Practices for Special Needs Classrooms". London: Sage Publications, 2019.
3.https://learningapps.org/
4.https://www.assistiveware.com/products/proloquo2go
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз