Материалдар / Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
38
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға білім беру процесін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі


Инклюзивті білім беру жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту дегенді білдіреді. Алайда бұл қарапайым мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушыны жай анықтамасы ғана емес. Керісінше, бұл бейімделген оқу жоспарын, оқыту тәсілдерін, түрленген бағалау тәсілдерін және қолжетімділікті қамтыған арнайы жағдайлардың бірқатарын жасау. Мұның барлығы инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімнің қолдауын қажет етеді. Осылайша, инклюзивті білім беру көпкомпонентті стратегия немесе мега-стратегия бола алады.

Инклюзивті білім беру идеясының негізінде екі фактор жатыр. Біріншіден, инклюзивті білім беру, егер ол тиісті дәрежеде жүзеге асырылса, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың білімді игеруін, әлеуметтік дамуын және өзін-өзін бағалауын арттыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, қазіргі уақытта көптеген елде ерекше білім беруді қажет ететін балалар өзінің ерекше қажеттіліктері жоқ құрдастарымен бірге білім алуға құқылы екені жалпыға бірдей қабылданған. Кейбір дереккөздерде инклюзивті білім беру идеясының негізінде үш фактор жатыр деп жазылады, яғни білім алушылардың арнайы мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде тұруына және оларды тасымалдауға кететін шығындарды ескеретін болсақ, онда инклюзивті білім беру экономикалық жағынан әлдеқайда тиімдірек болады.

Инклюзия – жергілікті жұмыс орны емес, білім беру жүйесінің жалпы барлық бағыты бойынша қызметін ұйымдастырудағы пән аралық тәсіл ретінде қарастырылатын ұзақмерзімді стратегия. Инклюзия білім беру процесінің барлық субъектісіне қатысты: денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары, қалыпты дамып жатқан білім алушылар мен олардың отбасы мүшелері, мұғалімдер мен білім беру кеңістігінің басқа да мамандары, әкімшілік, қосымша білім беру құрылымдары.

ҚР «Білім туралы» Заңының мәнмәтінінде инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушыларды білім алуға бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз ететін процесс, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты айқындалған сапалы білім алу үшін барлық санаттағы адамдардың тең құқығын жүзеге асыру.

Жалпы әлемдік қоғамдастық инклюзивті білім беруді қоғамда өз орындарын іздеген ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуында және әлеуметтенуінде қолдау көрсетудің ең ізгілікті бағыты екенін мойындады, сондықтан да ол әлемдік және отандық білім беру саясатында жетекші стратегиялардың бірі болып табылады.

Әлемдік қоғамдастық инклюзивті білім беру ұғымын жан-жақты талқылауда, яғни инклюзивті білім беруді барлығына арналған сапалы, икемді, дараланған, кемсітпейтін білім деп сипаттайды. ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді «оқытуға, мәдениетке және қауымдастықтарға қатысу және мектепке барудан бас тартуды азайту және одан шығару арқылы барлық білім алушылардың қажеттіліктерінің әртүрлілігіне жүгіну және жауап беру процесі» деп түсіндіреді [1].

ДДҰ-ға сәйкес «инклюзивті білім беру – білім алушылардың барлығының негізгі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыратын сапалы білім алу құқығына негізделген оқыту формасы» [2].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлығына арналған білім туралы декларациясында (Джомтьен, Таиланд, 1990 ж.) инклюзивті білім беру – барлық адамға – балаларға, жастарға және ересектерге білім алуға тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету делінген. Бұл білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізуде көптеген адамдар кезігетін кедергілерді жоюға қажетті ресурстарды анықтауды және олардың алдын алу үшін қажетті жағдайларды іске асыруды білдіреді [3].

Заманауи халықаралық қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптасты – адамдар арасындағы айырмашылықтарға деген құрмет және адамның даралыққа құқығы, қоғамның оның белгілі бір ерекшеліктерін, оның ішінде білім берудегі ерекшеліктерін ескеруі және мойындауы танылады. Сондықтан білім берудің инклюзивтілігі оқу процесінде білім алушылардың ерекшеліктерінің, мүмкіншіліктерінің көптүрлілігін және әртүрлі қажеттіліктерін мойындаудан басталады. Осы түсініктің негізінде әлемнің көптеген елдерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту процесінде қажеттіліктерді бағалаудың және қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі қалыптасты. Ол қазақстандық білім беру жүйесінде әлі күнге дейін сақталған медициналық немесе дефектологиялық моделден түбегейлі ерекшеленеді (1-кетсе) [4].


1-кесте. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау және қолдау моделі.

ЕБҚ ететін білім алушыларды бағалау мен қолдаудың медициналық моделі

ЕБҚ ететін білім алушыларды бағалау мен қолдаудың әлеуметтік-педагогикалық моделі

«Оқу мәселелері мен қиындықтары баланың өзіне байланысты, сондықтан ол «қалыптан тыс, ақауы бар, әрекетке қабілетсіз мүгедек» деген түсінікке негізделген.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар жалпы типтегі жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес келуге дайын емес қоғамдық білім беру жүйесінің жетілмегендігіне байланысты оқуда қиындықтарға тап болады деген ұғымға негізделген". Бағалау адамның қажеттіліктеріне, ал оқыту білім беруді қолдауға және қоршаған орта факторларын бейімдеуге бағытталған.»


Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуді көздейтін әлеуметтік-педагогикалық моделді енгізу – білім беру жүйесінің өзінде өзгерістерді талап етеді. Ол барлық білім алушылардың кемсітушілік пен немқұрайлылықсыз білім алу мүмкіндіктері мен тең құқықтарын қамтамасыз етуге қабілетті және икемді болуы керек. Мектеп оқу процесінде әрдайым белгілі бір себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар балалар болатынын және олардың нәтижесі ретінде қанағаттандыруды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктерінін барын абылдау керек. [4].

Сәйкесінше, инклюзивті білім беру әр адамның білім алуға құқығын жүзеге асыратын халықаралық деңгейде мақұлданған құрал болып табылады. Сонымен қатар, бұл әлемнің көптеген еліндегі арнайы білім беруді түрлендірудің негізгі бағыты.

Инклюзимті білім берудің қағидалары

1. Адамның құндылығы оның жетістіктері мен қабілеттеріне байланысты емес;

2. Әр адам сезініп, ойлай алады;

3. Әр адам қарым-қатынас жасауға және естілуге құқылы;

4. Шынайы білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынастың контекстінде жүзеге аса алады;

5. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;

6. Барлық адамдар құрдастарының достығы мен қолдауына мұқтаж;

7. Барлық білім алушылар үшін прогресске жету олардың не істей алмайтындығында емес, керісінше не істей алатындығында болуы мүмкін;

8. Әртүрлілік адам өмірінің барлық аспектісін күшейтеді. Бұл қағида адамның өмірдегі өзінің орны және оның қоғамға қосқысы келетін үлесі бар деген ойды қамтиды.

Инклюзивті білім беру идеясы адамдар арасындағы әртүрлілік пен айырмашылықтарды түсіну, оларды қалай бар солай қабылдау нәтижесінде қалыптасты. Инклюзивті білім беру білім беру жүйесін кез келген адамды, оның физикалық, интеллектуалдық, діни, мәдени, нәсілдік, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қоғамға қосуға қолайлы болатындай етіп өзгерту қажеттілігін айтады.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың негізінде келесі негіз қалаушы қағидаттар мен құндылықтар жатыр:

1. Жалпы білім беретін ұйымдарда білім алуға тең қолжетімділік және әрбір баланың сапалы білім алу мүмкіндігі.

2. Әр баланың білім алу қабілетін мойындау және сәйкесінше, қоғамның осыған сәйкес жағдай жасау қажеттілігі.

3. Балалардың отбасылық ортада даму және қоғамның барлық мәдени, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да жетістеріне қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету.

4. Ата-аналарды балалардың оқу процесіне балаларының алғашқы тең құқылы серіктесі және алғашқы мұғалімі ретінде тарту.

5. Жеке тұлғаға бағытталған, жеке көзқарасқа негізделген оқу бағдарламаларын бейімдеу. Бағдарламалар өмір бойы оқыту дағдыларын дамытуға жәрдемдесуі және мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам өміріне толыққанды қатысуға мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.

6. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім беру қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті арнайы білім беру жағдайын жасауды көздейтінін мойындау.

7. Оқытудың инклюзивті моделін жүзеге асыру кезінде заманауи тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін пайдалану.

8. Педагогтерді, ата-аналарды, логопедтерді, психологтерді, дефектолог-мұғалімдерді және басқа да мамандарды тартуды көздейтін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық және командалық тәсіл. [5].

Қорытындылай келе, инклюзивті білім беру идеясы барлық баланы, денсаулық жағдайына немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, мектеп өмірінің белсенді қатысушысы және мектеп қауымдастығының маңызды мүшесі деп тану. Мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесін жүзеге асырудың маңызды шарттары оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру және құрдастарымен қарым-қатынаста проблемалары бар оқушыларды қолдау болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:

1. Banda, D.R., Hart, S.L., & Liu-Gitz, L. (2010). Impact of training peers and children with autism on social skills during center time activities in inclusive classrooms. Research in Autism Spectrum Disorders [Влияние обучения сверстников и детей с аутизмом на социальные навыки во время занятий в центре в инклюзивных классах] [Инклюзивті сыныптардағы сабақтарда аутизм белгілері бар балалардың әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына құрдастарымен оқытудың ықпалы], 4, 619–625.

2. Odom, S.L., & Bailey, D. (2001). Inclusive preschool programs: Classroom ecology and child outcomes. In M. Guralnick (Ed.), Early childhood inclusion: Focus on change (pp. 253–276). Baltimore, MD: Paul H. Brookes Publishing Co.

3. Ногайбаева Г. Рамка мониторинга инклюзивного образования в Республике Казахстан. /Г.Ногайбаева, С.Жумажанова, Е.Коротких. – Астана: АО ИАЦ, 2017 – 185 с.

4. Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе: метод. рекомендации/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. – Алматы: ННПЦ КП, 2019. - 118с.

5. Разработка принципов инклюзивной педагогики и системы внедрения в практику организаций образования. Методические рекомендации.-Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 32 с.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ