Материалдар / Ерекше білімді қажет ететін балалар мен ата-аналарына логопедиялық көмек көрсету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерекше білімді қажет ететін балалар мен ата-аналарына логопедиялық көмек көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2022
606
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мен ата-аналарына логопедиялық көмек көрсету.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.

Ерекше оқытуды қажет ететін балалар дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл – ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді. Оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, психолок, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу, қол еңбегі. Бұл пәндердің әр сыныпқа арнайы жеңілдетіп жасақталған бағдарламасымен жүргізіледі. Мұндағы негізгі мақсатымыз даму деңгейі Ерекше оқытуды қажет ететін балалар ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамытады.

Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4) психоанализ; 5) логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.

Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.

Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту – педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады. Ол үшін оқу үрдісін жаңартып, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен қолдана сабақты түрлендіре өтудің маңызы зор. Сол технологиялардың бірі-педагогикалық ойындар. Педагогикалық ойындар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы болып табылады. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне, кез келген нәрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау, тағы басқа дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады. Педагогикалық ойындардың түрлері көп. Олар: іскерлік, интеллектуалдық, сюжеттік, рөлдік, драматизациялық, дидактикалық тағы басқалары. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда дидактикалық мүмкіндіктерді, танымдық процестерді ескеруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, ақыл-ой белсенділігі мен білім алуға деген қызығушылығын, шығармашылық еңбек етуіне бағдарлау. Өйткені құлақпен естігеннен гөрі-көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну әрине ерекше әсер етеді. Инклюзивтік оқыту қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен ескеріледі.

Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Арнайы білім беру орнында Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады.

Тәрбиеші баланың шындықты тануға ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Кейбір балалардың ақыл-ой белсенділік қабілеті жетілмей, артта қалып қойып жатады. Оның бірнеше сеептері бар негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшыраған балалар дене кемістігімен қоса, ақыл-ой кемшілігін қосып алып, даму мүмкіндігі аррта қалған балалар санын құрайды. Сонымен бірге бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да жатқызуға болады. Мұндай балалармен қарқынды терапиялық жұмыстар жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолдану керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!