Материалдар / Ерекше білімді қажет ететін балалардың зейінін дамытатын ойындар мен жаттығулар

Ерекше білімді қажет ететін балалардың зейінін дамытатын ойындар мен жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Зейінсіз есте сақтау, ойлау, қабылдау мүмкін емес. Дамуында ауытқуы бар балалардың зейіндерін зерттеуде көптеген ғалымдар үлес қосқан. Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, ақыл – ойы кем балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
2261
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Зейінсіз есте сақтау, ойлау, қабылдау мүмкін емес.

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейіндерін зерттеуде көптеген ғалымдар үлес қосқан.

Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, ақыл – ойы кем балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.

Көмекші мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай да бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементтерін байқамайды.

Психикалық белсенділіктің ауытқуының ең негізгі себебі бас миының фазалық жағдайдың қысқа уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша «Психикалық процестің шаршағыштығы» деп атайды. Бұл шаршағыштық ақыл – ойдың бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін.

Мұндай психикалық белсенділік тонусының төмен түсуі әр бір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегенмен көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді .

Мұндай балаларды Е.Д. Хомская және Э.С. Мандрусова зерттеген. Э.С. Мандрусованың мәліметтері бойынша мұндай церебрастеникалық жағдай зияты дамымаған балаларда жүреді. Бұл жағдайлар мектепте оқылатын пәндерді меңгеруде қиындық туғызады.Оның зерттеулерінде ақыл – ойы кем балаларға жатқызуға болмайтын цереброастеникалық себептерге байланысты, олар жалпы мектепте білім ала алмайды.

Зейіннің күрделі және жартылай бұзылуы немесе тербелуі оларға жалпы мектептің бағдарламасымен қатар көмекші мектептің бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Олардың психикаларын, ұзақ уақыт жарақаттаушы мектепке үлгермеушілік бұл балаларда невротикалық және психопатқа тән синдромдарды туғызады.

М.С Певзнердің клиникалық және патофизиологиялық зерттеулер бойынша, зияты дамымаған балалардың жоғарғы жүйке әрекеттерінің бұзылысы жүйке процесстерінің бұзылысы мен олардың белсенділігіне негізделеді. Сонымен қатар М.С. Певзнердің айтуы бойынша ақыл – ойы кем балаларда жүйке процесстерінің байланысы бұзылуы байқалады. Басқаша айтқанда тежелу қозудан басымырақ немесе керісінше қозу тежелуден басымырақ. Көптеген авторлар ақыл – ойы кем балаларда қысқа уақыттық фазалық жағдайлар байқалатынын және оқу іс - әрекеті кезінде зейіннің тұрақсыздығына әкелетінін анықтаған.

А.Р. Лурия және Е.Д. Хомская зейіннің нейрофизиологиялық негіздерін қарастырылады. Е.Д. Хомскаяның зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және ұстауы қарастырады.

Хомская зейіннің тұрақсыздығын қарастыру барысында оның себептірін анықтай отырып, шартты ақыл – ой әрекетін кеңінен зерттеген. Адамның зейін ерекшеліктерін қарастыру барысында бас ми қабының жеке бөлектерінің өте үлкен рөл атқаратынын атап өткен.

И.Л. Баскакованың зерттеуінде көмекші мектеп оқушының зейінін анықтау үшін біртіндеп күрделенетін эксперименталдық тапсырмалар жүйесін қолданған. Ол біртекті жұмыстарды орындау барысындағы зейін тұрақтылығын зерттеген. Бұл тапсырмаларды ол біртіндеп күрделендірген.

Ақыл – ойы кем балалардың зейінінің ерекшеліктерін зерттеу барысында қалыпты дамудағы балалардың зейіндерін салыстырмалы түрде зерттеген. Көптеген зерттеулер нәтижесінде көмекші мектеп оқушыларының әсіресе бас миының органикалық зақымдалуы бар балалардың зейіндерінің бұзылуы аса айқын болады. Олардың оқу процесіндегі оқу мен жазуды меңгермеушілік бас миының нейродинамикалық бұзылуымен түсіндірілмейді. Зейінді арнайы дағдыландыру арқылы өзіндік бақылауға үйрету қажет.

Зейінді дамытуға арналған ойын мен жаттығулардың мақсаты:оқушының қызығушылығын, қарым – қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, көшбасшылық қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де бала туралы жалпы мағұлмат алуға мүмкіндік береді. Ойын баланы жан – жақты дамытады. Сонымен қатар, зейінің, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын, икемділікті, өзінің жақын құрбыларының іс – әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін, қыймыл – қозғалыстарын дамытады.

Дамуында ауытқуы бар балалардың зейінің дамытатын ойындар мен жаттығулар:

Көптеген ойындар мен жаттығуларды балаларды шеңбер құрғызып орындатқан өте тиімді. Себебі шеңбер – баланы психологиялық контактіге әкелу үшін ең тиімді кеңестік формасы. Шеңбер – бала үшін қорғаныс болса, тәрбиеші үшін оларды ұйымдастыру индикаторы.

Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды бірнеше топқа топтастыруға болады. Мысалы: көру зейінін, есту зейінін дамытатын ойындар, қимылды ойындар, логикалық ойындар, дидактикалық ойындар, тактильді ойындар.

Логикалық ойындар арқылы баланың зейінін дамыту:

«Төртінші артық» ойыны

Балалардың алдына 4 түрлі заттың суреті бейнеленген, бір карточка беріледі. Үшеуі бір – біріне сәйкес келеді, ортақ нәрселері бар, ал төртіншісі мүлдем басқа зат. Сол артығын табу керек.

«Түгендеу-шатастыру» ойыны

Жүргізуші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең)

«Не өзгерді?» ойыны

Үстелдің үстіне бірнеше зат, не болмаса кішкентай бес ойыншық қощйылады. Балаға үстелде тұған ойыншықты есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы: тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншығы үстелдегі заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады.

Егер бұл ойын балаға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

«Суретшінің қатесін тап» ойыны

Суреттегі суретшінің нені дұрыс емес салғанын тауып, айтады.

«Ненің суреті жасырылған» ойыны

Тек бір бөлігі көрініп жасырылған суретті табады.

«Не жетіспейді» ойыны

Бос ұяшыққа ненің суреті жетіспейтінін табады.

«Кімге (неге) не қажет?» ойыны

Берілген суретке төмендегі суреттерден қайсысы қажет екенін табады.

«Ұшады - ұшпайды» ойыны

Қазір біз кім (не) ұшатынын ,ал кім (не) ұша алмайтынын анықтаймыз. Мен айтамын, ал сендер жылдам жауап бересіндер, мысалы, мен көбелек ұшты дегенде, екі қолдарыңды қанат секілді екі жаққа жайып, ұшып көрсетесіңдер. Егер мен «Сиыр ұшты» десем, онда қолдарыңды көтермей, үндемей тұра қаласыңдар.

«Жоғарыда – төменде» ойыны

Балаға жоғарыда және төменде болатын немесе орналасатын заттардың суреттері беріледі, сол суреттерді тақтаға орналасуына байланысты бекітеді.

Есту зейінін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар:

«Құрақ – мұрын» ойыны

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын - деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын дегенде мұрындарын көрсетулері керек.

«Алақанды шапалақтау» жаттығуы

Балалар шеңбер жасап отырады. Мен қазір әртүрлі сөздер оқимын, ал сендер сол сөздердің ішінде тек үй жануарларын естігенде ғана алақандарынды шапалақтауларың керек.

«Мен сияқты жаса» ойыны

Мен сылдырмақты қалай сылдырлатсам, сендер дәл солай қайталауларың қажет. Мысалы: жәй, қатты, бір рет, бірнеше рет, т.б.

Қимылды ойындар арқала баланың зейінін дамыту:

«Мен жеңімпазбын» ойыны

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып билейді. Орындықтар саны бала санынан 1 санға кем болу керек. Орындық жетпей қалған бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында қалған бала жеңімпаз болады.

«Дайын бол» жаттығуы

Балалар щеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секілді, құс – ұшады, ат – шабады, т.б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ