Материалдар / Ересектерді оқытудағы ерекшеліктің маңыздылығы. Рефлексия және кері байланыс әдістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ересектерді оқытудағы ерекшеліктің маңыздылығы. Рефлексия және кері байланыс әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім тәжірибесіндегі зертттеу туралы есеп. Мектеп тренеріне көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2021
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Андрагогика мағынасын түсіну. Ересектерді оқытудағы ерекшелігінің маңыздылығын түсіну.

«Андрагогика» термині 100 жылдан бері қолданылып келеді, оны ғылымға 1833 жылы педагогика тарихын зерттеуші неміс тарихшысы А.Капп енгізген. «Педагогика» сөзімен ұқсастық негізінде құрылған бұл терминнің шығу тегі грек тілінен (ересек адам және басшылық, тәрбие) бастау алады. Егер сөзбе-сөз аударатын болсақ, андрагогика - бұл "адамды жетелеу". Андрагогиканы ғылыми білім саласы, әлеуметтік тәжірибе, оқу пәні ретінде де қарастыруға болады.

Андрагог-педагог ересектердi оқыту технологиясын меңгергенде ғана бұл iс нәтижелi болады. Оған жоғарыда аталып өткен белсендi оқыту әдiстерi мен бағалау, жоспарға коррекция жасап өзгерiстер енгiзе алу, өз бетiнше бiлiм алу жұмыстарын ұйымдастыра бiлу сияқты бiлiмдер керек.

  • оқитын ересек адам оқу процесінде жетекші рөл атқарады;

  • ол қалыптасқан тұлға бола отырып, өзіне оқытудың нақты мақсаттарын қояды, дербестікке, өзін-өзі тануға, өзін-өзі басқаруға ұмтылады;

  • ересек адамның оқу процесінде қолдануға болатын кәсіби және өмірлік тәжірибесі, білімі, дағдылары бар;

  • ересек адам алған білімі мен дағдыларын оқытудың қолдану ортасын іздейді;

  • оқу процесі көбінесе тұрмыстық, кәсіби, әлеуметтік факторлармен анықталады немесе оған ықпал етеді;

  • оқыту процесі білім алушы мен тренердің барлық кезеңдеріндегі бірлескен қызметі түрінде ұйымдастырылады.

Ересектерге білім алу үрдісі - жалпы білім жүйесінің бөлінбейтін, өзіндік ерекшелігі бар бір бөлігі. Ересектердің білімінің басты міндеті – қазіргідей динамикалық жылдам өзгеретін қоғамда еркін еңбек ете алу, толыққанды өмір сүре алу үшін адамдарды білім, білік, дағдымен қамтамасыз етіп, алған білімді өз мәселесін шешуде тиімді пайдалана алудың жолдарын меңгерту. Сонымен қатар ересектердің білімі - әр адамға қоғамның өзгерістеріне қарай бейімделе алуға, өзінің өмірлік, рухани күштерін өзгерте алуға, өз шығармашылық әлеуетін өзінің дамытуына көмектесу.

Осы қағидаларды ескере отырып, мектеп тренері ересектерге білім берудің мынадай аспектілерін әріптестеріне сабақ беру кезінде ескеруді жоспарлау керек деп ойлаймын:

  • Егер олар алған білімді "осында және қазір" қолдануға болатындығын түсінсе, сапалы білім алады; яғни тренер сабақтарды білім алушыларға өз сабақтарында тікелей жүзеге асыра алатын практикалық әдістер мен тәсілдерді қамтитындай етіп жоспарлауы керек.

  • Егер оларда тәжірибе жеткіліксіз болса, сабақтарда теорияны шектен тыс пайдаланбау керек. Егер бұл ескерілмесе, оқу процесі білім алушылар үшін мағынасыз болып көрінуі мүмкін, тіпті наразылық тудыруы да мүмкін. Тренер бұл жағдайда білім алушылардың өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар екенін түсінуі керек.

  • мұғалiмдердiң өзiн-өзi дамытуын ынталандыру және қолдау;

  • жаңа рольдер мен жауапкершiлiктер қабылдауға дайын болу;

  • мұғалiмдердiң кәсiби әрекетiндегi пайда болатын күрделi жағдайларды шешуге дайын болу үшiн өз бiлiмiн тұрақты заман талабымен сәйкестендiрiп отыру;

  • мектеп практикасындағы проблемаларды шешудiң жолын ұсына бiлу;

  • мектептегi жаңашылдық бастамаларды басқара бiлу, енгiзуге қабiлеттi болу.


Ересек маманның кәсіби құзіреттілігін жетілдіру, жеке тұлғаны дамыту дербестік, субъектілік, рефлексивтілік және оқыту нәтижелерін басшылыққа алғанда нәтижелі болады.


Ересектерге білім берудің қандай формалары мен әдістері сіз үшін жаңа болды?

Андрагогика дәріс түрінде сабақ өткізуге теріс әсер ететіндігін, ересектерді оқыту кезінде практикалық сабақтарды, іскерлік ойындарды, тренингтерді, пікірталастарды, кейстерді және оқытудың басқа да белсенді түрлері мен әдістерін қолдану әлдеқайда тиімді екендігін білдім.

Мен үшін ересектерді оқытуда да ақпаратты еске сақтауды жақсартатын мнемоникалық әдістерді пайдалану ұтымды екені жаңа болды. «Мнемоника» сөзі грек тілінен «жадтан алынған» дегенді білдіреді. Бұл - мәліметтерді, атауларды, сандарды және т.б. есте сақтау үшін қолданылатын қарапайым жүйе. Ол сөздермен, суреттермен және т.б. есте сақтау керек тізбектіліктерге қатысты болады.


  1. Рефлексия және кері байланыс әдістері.

Рефлексия - қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің басты компоненттерінің бірі. «Рефлексия» сөзі латын тілінде «reflexio» - артқа қарайлау деген мағынаны білдіреді. Шет тілдер сөздігінде «рефлексия» - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру, адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Осыған байланысты мұғалімнің рефлексивтік қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі уақытта психологияның жекелеген салаларында рефлексиялық үдерістерді

зерттеу дәстүрлері қалыптасуда. Әр түрлі феномендердің психологиялық мазмұнын ашу үшін рефлексия сананы, ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты, жеке басты зерттеу тәсілдері шеңберінде қаралады.

Философиялық проблематика мәнмәтінінде рефлексия, әдетте, төмендегідей

түсіндіріледі:

1) ақыл мен ойлаудың өзіне жүгіну қабілеті;

2) жаңа білім алу мақсатында білімді талдау;

3) ақылы мен рухани жай-күйін өзін-өзі бақылау;

4) өзін жүзеге асыру негізіне бағытталған зерттеу актісі.

Отандық ғалымдар С.В.Кондратьева, Б.П.Ковалев педагогикалық қарым-қатынас

жасау үдерістеріндегі рефлексия түрлерін ұсынады:

1.Әлеуметтік-естілім рефлексиясы, оның мәні педагогтың білім алушылармен

қарым-қатынас жасау үдерісінде олар туралы қалыптасқан өз көзқарасы мен пікірлерін қайта ұғынуы, қайта тексеруі болып табылады.

2.Коммуникативтік рефлексия субъектінің оны басқаларының қалай қабылдайтынын, бағалайтынын, оған қалай қарайтынын ұғынуы болып табылады ("Мен –басқаларының көзімен").

3.Жеке бас рефлексиясы – өз сана-сезімін және өз әрекеттерін ұғыну, өзін-өзі тану.

Рефлексиялық біліктілік – бұл рефлексиялық үдерістерді анағұрлым тиімді және барабар жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның кәсіптік қасиеті, бұл даму және өзін-өзі дамыту үдерісін қамтамасыз етеді, кәсіптік қызметке шығармашылық жолмен қарауға, оның ең жоғары тиімділігі мен нәтижелілігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Рефлексиялық икемділікті төмендегі элементтер түрінде ұсынылған қызмет құрылымына сәйкес сипаттайды: мақсат – тәсіл – нәтиже. Қызметтің әрбір құрылымдық элементі тиісті рефлексиялық икемділікпен қамтамасыз етіледі


Педагог рефлексияға өзінің қабілеттілігін дамыту үшін мыналарды ескеруі қажет:

  • басты қағидаларға, қиын жағдайларға, мүлтіксіз шешімдерден кейін өзінің әрекетін талдауға қайта оралып отыру;

  • әр жұмыс күнінің біткен уақытысында талдау жасау;

  • өткен жұмыс күнінің барысына сыртқы бақылаушы ретінде баға беру;

  • басқа адамдар туралы өзінің көзқарасын, баға беруін тексеріп отыру;

  • қарым-қатынастары, көзқарасы басқалардан өзгеше, яғни қарым-қатынасы қиын адамдармен қарым-қатынас орнату;

  • нақты жағдаятта  өзінің әрекетіне талдау жасай білу.


Әр білім алушы өз бойында рефлексиялық қабілеттерін дамыта білсе және әр атқарған ісін талдай отырып, оны одан әрі жетілдіруге ұмтылатын болса, алдына қойған мақсаттарының нәтижесіне жете алатыны сөзсіз.

Кері байланыс (ағылш. feedback — «кері қайтару») – кең мағынада қандай да бір әрекетке және оқиғаға қатысты пікір беру, жауап қату, жауапты реакция.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Ал, Фил Рейстің айтуынша [8] тиімді кері байланыс сипаты:

1.Уақытылы болу керек. Мінсіз жағдайда кері байланыс сол күні немесе тіпті болмағанда келесі күні берілгені абзал. Мысалы, екі сценарийді қарастырайық: Бірінші сценарий - Сіз - мұғалімсіз. Сіздің сабағыңызды тәлімгер бақылады. Сабақты бақылаған соң, тәлімгер кері байланысты ұсынбады. Бірнеше күн өткеннен кейін тәлімгеріңіз сізге кері байланыс беруге ниет білдірді. Екінші сценарий – тәлімгер Сізге сабақтан кейін бірден кері байланыс ұсынды. Қай күнгі кері байланыс тиімді болады? Әрине, сол күнгі кері байланыстың әсері бірнеше күн өткеннен кейін берілгеннің әсерінен әлдеқайда зор болады.

2.Жеке және құпия. Кері байланыс әрбір жеке білім алушының жетістіктеріне сәйкес болу керек. Сондай-ақ, ол жеке дара сипатта болғаны жөн. Білім алушыға берілген кері байланыс басқа білім алушылармен талқыланбайды.

3.Мүмкіндіктер мен әлеуетті кеңейту. Берілген кері байланыстың білім алушының оқуын жақсартуға бағытталғаны абзал. Кері байланыс білім алушының оқуына оң ықпал етуін назарда ұстау керек. Кері байланыста әрекетке, жұмысқа қатысты оң тұстарына тоқталу білім алушылардың өзіне деген сенімін артырады. Ал жұмысты (оқуын) жақсарту үшін ұсыныстарды айтуда/жазуда, оны қалай тиімді жасау керектігі туралы ойлану керек.


Кері байланыстың мұғалімдер үшін тиімді жағы:

Біріншіден, оқытудағы кемшілік тұстарын анықтайды; екіншіден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; үшіншіден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;

Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.


Бағалаусыз кері байланыс дегеніміз – тыңдаушыдардың баға беру пікірінен бағасыз пікірге көшірілуі.

  • Біріншіден, білім алушының сабақта не ұнағыны мен ұнамағанын, нені түсінгендігін сезім етіп, қайта тұжырымдау;

  • екіншіден, айғақ туралы нақтылайтын сұрақ қою деп ойлаймын.


Сіздің мектептегі әріптестеріңізді оқыту үшін қандай кері байланыс жақсы?



Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанамын:

Позитивті болу.

Бағалаушы болмау.

Ынталандыруға ұмтылу.

Сыпайы болу. Тең ұстау.

Сәттілікке бағыттау.

Ризашылық білдіру.

Тыңдай білу. Мадақтай білу


Кері байланыстың әдіс-тәсілдерін 3 түрге бөлуге болады.

1. Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған: «Ауа райы» «Бағдаршам», Алма ағашы» , «Бір сөзбен», «Бас бармақ», т.б.

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты: «Табыс сатысы», «Таңдау» , «Бес саусақ»

3. Оқу материалының мазмұнына байланысты: «Синквейн», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Плюс, минус, қызықты» , т.б.

Өзімнің іс-тәжірибемде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Алма ағашы», «Бас бармақ» әдісі, «Табыс сатысы» әдісі,  «Аяқталмаған сөйлем» әдісі, БББ әдісі, «Тазалық» әдісі, «Плюс, минус, қызықты», «Ішіне-сыртына» әдісі (шеңбердің ішіне бүгінгі сабақта не алғаныңды, сыртына не білгісі келетінін жазып қалдырады) т.б. түрлерін жиі қолданамын. Топтық / жұптық жұмыстар орын алған кезде «Бес саусақ» әдісін, «Бір сөзбен» әдісін қолдану тиімді. Мұнда оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.


1.Төзімсіздік 5. Алаңдау 9. Қуаныш,

2. Немқұрайлылық 6. Сенімсіздік 10. Шабыт,
3.Зерігу 7. Сенімділік. 11. Тыныштық

4. Ашу. 8.Қанағаттану 12. Рахаттану.

Кері байланыстың әдістерін тиімді қолдану оқуды жақсартуға ықпал етеді. Білім алушыларға кері байланыс ұсынған кезде «жақсы», «тамаша», «керемет», «әлсіз» сияқты сөздерді қолдануда абай болған жөн. Кейбір жағдайда мұндай бағалар оң әсердің орнына кері әсерін беруі мүмкін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!