Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ерікті болу-ерлік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
аудандық қоғамдық-саяси газет№26
(7815)
30 маусым,
Сейсенбі,
2020 жыл
uil-gazet@mail.ru
Газет 1930
жылдың
қараша айынан
бастап шығады.
Құрметті ойылдықтар және
аудан қонақтары!
Сіздерді сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың
мақтанышы – Елордамыздың туған күнімен шын жүректен
құттықтаймын !
Ел өміріне біркелкі ырғақ беріп, әлеуметтік - экономикалық және
мәдени-тұрмыстық тыныс - тіршіліктің күретамырына айналған
еліміздің бас қаласы –Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің
алтын бесігі. Еліміздің рухани, ғылыми, қаржы және мәдени
орталығына айналған Елорда күні мерекесінің саяси маңызы
зор екендігі баршамызға белгілі. Өйткені, ол Тәуелсіз
Қазақстанның символы, мемлекетіміздің қарқынды дамуы мен әл-
ауқатын арттырудың негізі, шығыс пен батыс мәдениетін
тоғыстырып тұрған теңдессіз қала. Ол республикамыздың
жетістіктері мен гүлденуінің айнасы іспеттес.
Мемлекеттің Елордасы қазақстандықтардың үлгі тұтар
қаласы болып отыр. Сондықтан әрбір қала, әрбір облыс орталығы
Елорда секілді әдемі, көрнекті, сәулетті де, салиқалы шаһар болуға
талпынады, Елордаға қарап бой түзейді. Бүгінде ол әлемдегі
сәулет өнерінің інжу-маржанына айналып, әсемдегі қайталанбас
келбетімен әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық
сезімін нығайтып, Отаны үшін теңдессіз мақтанышқа бөлейтін
ару қалаға айналды. Күн санап түрлене, асқақтай түсуде.
Шын мәнінде, бұл – біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен
еңбегінің арқасы, Елбасымыздың әлем алдындағы саяси беделінің
көрінісі.
Бұл мереке – Қазақстанның дамуына жаңа қарқын беретін
жалпыұлттық маңызды шара. Елорданың мерейі – барша
қазақстандықтардың мақтанышы . Республика халқымен бірге
Ойыл ауданының жұртшылығы да сүйікті Елордамыздың туған
күнін ерекше ықыласпен атап өтіп келеді.
Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық,
отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, бірлік, Отанымызға
гүлдену мен бейбітшілік тілеймін! Халқымыздың баянды бірлігі,
ұйыған татулығы жасасын! Әлемді дүрліктірген дертке тосқауыл
қойып, тездетіп қалыпты өмірге оралып, жақсылықта жүздесуге
жазсын!
Құрметпен,
Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаев
6 ШІЛДЕ – НҰР-СҰЛТАН КҮНІНЕ ОРАЙ
ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
ҚАЗЫБАЕВ АСҚАР ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ
АУДАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Еркін форматтағы кездесу бары-
сында жастар мен басшылар пікір
алмасып, бірқатар мәселелердің
шешілу жолдарын талқылады.
Аудан жастары да Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-
ламалық мақаласын жүзеге асы-
руда өз үлестерін қосуда. Ел үшін
білекті түріп, іске кірісіп жатқан
жастарға аға буын бағыт-бағдар
беріп, алдағы атқарылатын шара-
ларға жоспар құрылды.
Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы
Ойыл аудандық филиалының төра-
ғасы А.Қазыбаев Елбасы, Тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
атынан ауданымыздағы белсенді
жастарды, еріктілерді алғыс хат-
тарымен марапаттады. Төтенше
жағдай кезінде Ойыл аудандық
жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен 100-ге жуық
еріктілер іс-шараға игі іске жұмыл-
дырылып, жалғыз басты қарияларға,
көпбалалы отбасыларға азық-түлік,
маскалар таратып, қолдай көмек
берген болатын. Ерікті жастар әр са-
лада қызмет қылса да, ел үшін керек
кезінде бір жерге жиналатын ауыз-
біршілікті көрсетті. Жақсы істе жана-
шыр жандардың еңбегі бағаланып,
60-тан астам ерікті жас Елбасының
алғыс хатын алды. Еңбектері
еленгені күн, жастарға алдағы
күндеріне үлкен жауапкершілік аса
құлшыныс пайда қылды. Жастар,
еріктілер әлі де жұмыла жұмыс
істемек. Ерікті жастар марапатын
алып, бір-бірін құттықтап, тарасты.
ЕРІКТІ БОЛУ-ЕРЛІК
АЛҒЫС АЛУ-МӘРТЕБЕ!
Қазақстан Республикасының мем-
лекеттік тілі қазақ тілі болып табы-
лады. Мемлекеттік тіл еліміздің
тұғырлы тірегі, халықтың рухани
байлығы. Біздің мемлекеттік тіліміз
бабадан ұрпаққа аманат етіліп
берілген байлығымыз. Сондықтан
ана тіліміздің өз қалпында сақталып,
одан әрі дамуына септігімізді тигізіп,
келер ұрпаққа аманат етіп қалды-
румыз қажет. Қазақ тілі де халқымен,
бірге абы-ройлы да асқақ, сынақты
да сындар-лы тағдырды басынан
кешірді. Тоқ-сан ауыз сөздің
тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен
алқалы топты еңсерген ойшыл,
шешендерді ел басқару ісіне
араластырып, халық жүрегінде
жатталған дала даныш-пандары,
кемеңгер ойдың кемелді арнасы,
тілінен бал тамған, қара қылды қақ
жарған әділетті би-шешендер
ұлылық пен ұлағат, өнеге мен
тағылымның мектебі, аталы ойдың
алтын қазығы бола білді.
Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым.
Өмірдің алмастай қырын, абзал
сырын түсіне білуіне басты себепкер
ана тілі. Бүгінгі уақыт талабы әлемдік
өркениетке қадам басу үшін қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын
тілдерін де жетік білуді талап етеді.
Өйткені, әлемдік даму үрдістерінен
кейін қалып қоюға болмайды. Әрине,
қазақ тілі-әлемдегі барлық мемле-
кеттік тіл сияқты өзінің егемендігін
алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір
азамат мемлекеттік тілді білуге
міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа
деген құрмет.
Тіл қай ұлттың болмасын тарихы-
мен тағдыры, тәлім тәрбиесінің негізі.
Тіл халықтың жаны. Тіл жойылса,
халықта жер бетінен жоғалады. Тіл
таусылмайтын байлық, асыл қазына.
Тіл тарихы сол тілді жасаған, жасап
келе жатқан халықтың өткені, бүгінгі
болашағы. Қазақ тілі өзінің даласын-
дай кең ауқымды қолданылады. Ол
достықтың кілті, ынтымақтастықтың
бастауы, ырыс-берекенің алды,
ұлтының әрі жаны, әрі ары. Тіл өмір-
дің талай сыңынан өткен, өскелен
талаптарға сәйкес өрістей түскен
толыққанды ақиқат екені анық. Ұлт-
тық мәденеиеттің гүлденуі, салт
дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар
арасындағы сабақтастықтың ұлы
жемісі ана тілі.
Ата-бабаларымыздың тарихы мен
шежіресі, түрлі әдеби мұралары
бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз
арқылы жетіп отыр. Қазақ тілі
мәселесін мемлекеттік деңгейге
көтерілгеннен кейінгі жылдары
бұқара жұртшылықтың да, жастар-
дың да ана тілі үшін көптеген маңыз-
ды жұмыстар атқарғаны белгілі.
Өйткені, тәуелсіздігіміздің ең басты
белгісі ана тілі, ұлттық мәдениеті.
А.ҚЫДЫРҒАЛИЕВ ,
Ойыл аудандық сотының
бас маманы.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ
«ЖАСЫЛ ЕЛ»
ЖАСАҒЫМЕН
КЕЗДЕСУ
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР
РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«ШҰҒЫЛА» МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА
«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ
ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІ-
ЗІЛДІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАН ӘКІ-
МІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.АЙДАР-
БАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ
АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ
БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ С.ЗАЙ-
МОЛДИН ЖӘНЕ ОЙЫЛ АУЫЛ-
ДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ С.ДӘУ-
ЛЕТҚАЛИЕВ ҚАТЫСТЫ.
30 маусым 2020 жыл 22222
Ел Президентінің жыл сайынғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдау-
ларында тұрғындарға мемлекеттік
қызмет көрсетудің сапасын арттыру
арқылы азаматтардың мемлекеттік
органдардың қызметіне деген сені-
мін көтеру маңыздылығын ерекше
атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік
қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік
қызметшілер жұмысы тиімділігінің
басты көрсеткіші болатынын және ол
мемлекеттік тұтынушы ретінде ха-
лыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін
айқындап берді. Елбасының айқын-
дап берген тапсырма, міндеттеріне
сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңы қабылданды.
«Ойыл аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемле-
кеттік мекемесі Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің 2009 жылғы 18
ақпандағы «Ауылдық елді мекен-
дерге жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәде-
ниет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну мөлшерін
айқындау туралы» №183 қаулысына,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2014 жылғы 6
қарашадағы «Ауылдық елді мекен-
дерге жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәде-
ниет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
қағидаларын бекіту туралы» №72
бұйрығына сәйкес, «Дипломмен
ауылға» бағдарламасын Ойыл
ауданында іске асыру бойынша
жұмыс органы болып табылады.
Бағдарлама бойынша денсаулық
сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздан-
дыру, мәдениет, спорт және агро-
өнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға бір реттік көтерме жәр-
демақы және тұрғын үй сатып алу
үшін бюджеттік несие беріледі. Бағ-
дарламаның мақсаты жоғары және
арнаулы орта білімі бар мамандарды
елді мекендерге жұмысқа орналас-
тырып, ауылдың жағдайын көтеру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2020 жылғы 27
мамырдағы №43 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2014 жылғы 6
қарашадағы «Ауылдық елді мекен-
дерге жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәде-
ниет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
қағидаларын бекіту туралы» №72
бұйрығына өзгерістер енгізілді.
ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?
- бір жүз еселік айлық есептік
көрсеткішке тең сомада біржолғы
көтерме жәрдемақы төленеді. 2020
жылдың 1 сәуірінен бастап айлық
есептік көрсеткішті 2778 теңгені
құрады. Нәтижесінде жоба бойынша
әр қатысушы 277800 теңге көлемін-
де жәрдемақы ала алады;
- қажеттілігіне қарай тұрғын үй
сатып алу үшін әлеуметтік қолдау
арқылы 1500 еселік айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде 4167000 тең-
геге дейін 15 жыл мерзімге 0,01
пайыздық мөлшермен бюджеттік
несие түрінде әлеуметтік қолдау
көрсетілді.
ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?
Әлеуметтік қолдау шараларын алу
үшін көрсетілетін қызметті алушы
немесе нотариалды куәландырылған
сенімхат бойынша оның өкілі (құжат-
тарды Мемлекеттік корпорация арқы-
лы ұсынған кезде) көрсетілетін қыз-
метті берушіге Мемлекеттік корпора-
ция арқылы немесе электрондық
форматта «электрондық үкімет» веб-
порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы
мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат
(сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiр-
месi;
жұмыс орны бойынша кадр қыз-
метi растаған еңбек кiтапшасының
көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік
кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат
(сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiр-
месi;
жұмыс орны бойынша кадр қыз-
метi растаған еңбек кiтапшасының
көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды
(ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған
көрсетілетін қызметті алушылар
үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік
кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат
(сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiр-
месi;
жұмыс орны бойынша кадр қызме-
тi растаған еңбек кiтапшасының
көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды
(ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған
көрсетілетін қызметті алушылар
үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Осы Қағидаларда көзделмеген
басқа құжаттарды ұсынуды талап
етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын
үй сатып алуға немесе салуға
бюджеттік кредит алуға бір мезгілде
өтініш беруге жол беріледі.
ЖАҢАДАН ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІС-
ТЕР:
1.Енді әлеуметтік қолдау шарала-
рына құжат тапсыратын мамандар-
дан мекенжай және көші-қон анықта-
малары талап етілмейді.
2.Енді тұрғын үй сатып алуға және
салуға бюджеттік кредитке өтініш
берген мамандардан кредиттік бюро-
дан есеп, яғни кредиттік тарихы
сұралады. Әлеуметтік қолдау шара-
лары бұрын берілген кредиттер
бойынша берешегі бар көрсетілетін
қызметті алушыларға оларды толық
өтеген сәтке дейін ұсынылмайды.
3.Тұрғын үй сатып алуға немесе
салуға бюджеттік кредит түріндегі
әлеуметтік қолдау шаралары жақын
туыстарынан (жұбайынан (зайыбы-
нан), атасынан (әжесінен), ата-ана-
ларынан (оның ішінде асырап алу-
шылардан), балаларынан (оның
ішінде асырап алынғандарынан), ата-
анасы бір және ата-анасы бөлек аға-
інілері мен апа-қарындастары-нан)
тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-
ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-
жайды сатып алуға пайда-
ланылмайды.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету
мерзімі азайтылып, 6 (алты) жұмыс
күні болды.(бұрын көтерме жәрдем-
ақы беру мерзімі 27 күн болған)
5. Ауданның жергілікті атқарушы
органы алдағы кезеңге денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік қам-
сыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
сұранысқа ие мамандықтардың тіз-
бесін қалыптастырады.
Тізбеде алдағы кезеңде көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй сатып
алуға немесе салуға бюджеттік
кредит түрінде әлеуметтік қолдау
шаралары көрсетілетін қызметті
алушылардың және/немесе олардың
мамандықтарының атауы мен саны
көрсетіледі. Осы тізбеге енген
мамандарға әлеуметтік қолдау
шаралары көрсетілетін болады.
ҚОЛДАУ ТАПҚАННАН КЕЙІНГІ
МІНДЕТ:
1. Әлеуметтік қолдау шараларын
алған күннен бастап 60 жұмыс күні
ішінде комиссияның жұмыс органына
бюджет қаражатының мақсатты
пайдаланылғаны туралы растау
құжаттарын беруі тиіс.
2. Меншiгiне сатып алынған неме-
се салынған жылжымайтын мүлiктi
әдiлет органдарында тiркегеннен
кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агент-
ке) тұрғын үйге арналған құжа-
ттардың түпнұсқаларын осы келi-
сiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамта-
масыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде
беруге міндеттеледі;
3. Келiсiмнiң шарттары орындал-
маған жағдайда әлеуметтiк қолдау
шаралары ретiнде алынған бюджет
қаражатын толық көлемде қайта-
руды қамтамасыз етуге мiндеттi;
4. Егер де жоғарыда аталған әлеу-
меттік қолдау шаралары жоба қаты-
сушысына берілсе, тиісті ауылдық
елді мекенде орналасқан ұйымында
міндетті түрде 3 жыл тұрақты жұмыс
істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын
үй 15 жыл бойы Ойыл ауданы әкім-
дігінде кепілде тұрады. Мамандар-
дың 3 жыл мерзім өткеннен кейін,
бюджеттік кредиттің қалған бөлігін
толық жауып,тұрғын үйді кепілден
шығаруға құқығы бар.
5. Ойыл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөліміне
тоқсан сайын жұмыс орнынан анық-
тама ұсынып отыруы керек.
6.Көрсетілетін қызметті алушы-
ларға көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алуға немесе салуға
бюджеттік кредит беру тиісті қаржы
жылына арналған міндетемелер мен
төлемдер бойынша қаржыландыру
жоспарларына сәйкес бөлінген сома
шегінде жүзеге асырылады.
7.Көрсетілетін қызметті алушы-
ларға әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну үшін бюджет қаражаты жетіс-
пеген жағдайда, көрсетілетін қызмет-
ті беруші әлеуметтік қолдау шарала-
рын алушы үміткерлердің қатарынан
кезектілікті қалыптастыру жолымен
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
мерзімін тоқтата тұрады.
Әлеуметтік қолдау шараларын
алуға кезекте тұрған көрсетілетін
қызметті алушылардың құжаттарын
қайта қарау мерзімін көрсетілетін
қызметті беруші белгілейді және ол
бір жылдан аспайды.
Әлеуметтік қолдау шараларын ал-
ған мамандардан әрбір іске ұқыпты
және жауапкершілікпен қараулары-
ңызды сұраймыз. Осынша қаржыны
қолға алған маманға артылатын мін-
дет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу
және сапалы қызмет жасау. Көрсе-
тілген көмектерге қол жеткізген ма-
ман бағдарламаның шарты бойынша
ауылдық жерде 3 жыл қызмет етуге
және әр тоқсан сайын жұмыс орны-
нан тиісті орындарға анықтама өткізіп
тұруға міндетті. Сатып алынған үйдің
15 жыл бойы кепілде тұратынын да
естен шығармау қажет. Егер көрсе-
тілген ережелер маман тарапынан
бұзылса, ол барлық шығынды өтеуі
тиіс. Өкінішке орай, көтерме жәрдем-
ақы және бюджеттік кредит алып,
келісім шарт талаптарын бұзып,
жұмыстан шығып, ауылдан көшіп
кетіп жатқандар да бар.Әлі күнге
дейін сот бұйрығымен мемлекеттің
ақшасын кейін қайтарып жатқан
мамандар да баршылық.
Сондықтан, мамандардан мемле-
кеттен көтерме жәрдемақы мен
бюджеттік кредитке өтініш беруге
жауакершілікпен қарауды сұраймыз.
2020 жылға 33 маманға жалпы
соммасы 8748,3 мың теңге көтерме
жәрдемақы беру жоспарланған.
Жыл басынан бері 33 маманға жалпы
соммасы 8748,3 мың теңге көтерме
жәрдемақы берілді. (әр маманға
265100 теңгеден) Оның ішінде, 18
маман білім (4771,8 мың), 11 маман
денсаулық (2916,1 мың), 2 маман
АПК (530,2 мың), 2 маман спорт
(530,2 мың) саласының мамандары.
2020 жылға 24 маманға тұрғын үй
сатып алу үшін жалпы соммасы
97613,0 мың теңге бюджеттік кредит
беру жоспарланған. Жыл басынан
бері 25 маманға жалпы соммасы
97391,0 мың теңге тұрғын үй сатып
алуға бюджеттік кредит беру туралы
аудан әкімдігінің қаулысы қабыл-
данып, 22 маман бюджеттік кредиттің
қаржысын толық алды.
Бюджет қаражатының жетіспеуіне
байланысты , осы уақытқа 19 маман
көтерме жәрдемақы және 5 маман
тұрғын үй сатып алуға бюджеттік
кредит алуға есепке алынып, кезекке
қойылды. Бұл мамандарға биылғы
жылы бюджет қаражатының бөлі-
нуіне орай әлеуметтік қолдау шара-
лары толық көрсетілетін болады.
Ойыл ауданы әкімінің өкімімен
бекітілген кестеге сәйкес , «Ойыл
аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік меке-
месімен жергілікті атқарушы орган-
дардың қызметті алушыларға мем-
лекеттік қызметті көрсету тәртібін
түсіндіру, көрсетілетін қызметті
алушылардың құқықтарын пайда-
лану жөнінде толық ақпарат беру
үшін әр тоқсанның бір күні «Азамат-
тарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы ғимаратында ашық
есік күнін өткізді.
ЖАС МАМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
КІМГЕ, НЕ ТИЕСІЛІ?
ГУ «Уилский районного отдела архитектуры, градостроительства и
строительства» объявляет о проведении общественных слушаний в форме
опроса по рабочему проекту Проектно-изыскательные работы по объекту
«Строительство шести одноквартирных (арендно-коммунальных) жилых
домов в с.Уил, Уилского района Актюбинской области» с разделом охраны
окружающей среды с последующей передачей для проведения комплексной
экспертизы в организацию по проведению экологической экспертизы.
Представители общественности могут ознакомиться с материалами
проекта ОВОС по адресу: г.Уральск, ул. Сарайшык 55, тел: 8(776)470-67-76,
e-mail: zhaikstroyproect@mail.ru
«25» маусым 2020 жыл № 52 Ойыл селосы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс елуінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңының 18 бабы 4 тармағы, 1) тармақшасына және аудан әкімінің
2020 жылғы 24 маусымдағы №01-05/1159 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс елуінші
сессиясы 2020 жылдың 30 маусымы күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің
мәжіліс залында шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367 «2020-2022
жылдарға арналған Ойыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Дәулетқалиев С.Т.- Ойыл ауылдық округі әкімі
2. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 368 «2020-2022
жылдарға арналған Көптоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Асылбаев Е.Б.- Көптоғай ауылдық округінің әкімі
3. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 369 «2020-2022
жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Избасов Ә.Ж.- Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімі
4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 370 «2020-2022
жылдарға арналған Саралжын ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Мүбараков А.Қ.- Саралжын ауылдық округінің әкімі
5. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 371 «2020-2022
жылдарға арналған Сарбие ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Бисебаев Д.Қ.- Сарбие ауылдық округі әкімінің у.м.а.
6. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 372 «2020-2022
жылдарға арналған Қараой ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Сұлтанов А.- Қараой ауылдық округінің әкімі
7. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 373 «2020-2022
жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Қосдаулетов Ы.- Қайыңды ауылдық округі әкімінің у.м.а.
8. Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 24 «Ойыл
ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші
жойылды деп тану туралы
Хабарламашы: Атағалиев Н.А.–аудандық ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
9. Ойыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру
туралы
10. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 241
«Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Ержанов Ж.М.–аудандық жер қатынастары бөлімінің
басшысы
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы: Б.Е.Көздіғарин
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
СЕССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ
ОБЪЯВЛЕНИЕ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Ақтөбе облысы
әкімдігінің жанынан Сall-орталық (тел. 906-606) өз жұмысын қайтадан бастады.
Тәулік бойы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау
департаментінің, полиция, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармалары, Ақтөбе қаласының әкімдігі
өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.
3333330 маусым 2020 жыл
Газет Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және Даму
министрлігі Байланыс, Ақпараттандыру
және Ақпарат комитетінде
2016 жылдың 21 қаңтарында
тіркеліп,
№15790-Г куәлігі берілген.
Меншік иесі: «Ойыл газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Директоры-Редактор Серікбай Қойбағаров
Мекен-жайы: 030900, Ойыл селосы, Көкжар көшесі №69 үй, 3 қабат
Байланыс телефоны: 8-(71332)-2-11-07.
Газет аптасына бір рет шығады.
Таралымы 1655 дана. Тапсырыс №797
Көлемі 1 баспа табақ, индексі 65525
«Хабар-Сервис» ЖШС-нің баспаханасында
басылды. Ақтөбе қаласы, Ә. Смағұлов көшесі 9/2.
Басылу сапасы жөнінде 400-400 телефонына
хабарласуға болады.
Газетте жарияланған мақала авторының пікірімен редакцияның
көзқарасы қабыспайды. Суреттің сапасына редакция жауапты.
- Ажаркүлдің айтқаны келді. Барып қолын
алып қайт. Оқуға түстің, Полат түсе алмай қал-
ды. «Сенің балаң түседі, Алтынайдың баласы
түсе алмайды» деп еді, мен ашық ауыз бай-
қамай Полаттың шешесіне айтып қойыппын.
Айтқандай, Полат бірінші ығзамнан-ақ құлап
келді. Енді шешесі барып, Ажаркүлді жұлатын
шығар. Ажаркүлдің аузы дуалы ғой, - деді апам
айналасына рақаттана қарап. – Енді сені әскер-
ге де алмайды ғой?
- Алмайды. Сол жерде оқытады. Лейтенант
болып шығамыз.
- Полат сүндетке отырғанда «мен неге отыр-
маймын» деп жылап едің. «Сені бес жасыңда
періште кесіп кеткен, сен одан бұрын отырған-
сың» деп әрең қойдырғаным есіңде ме? Сарт-
қожаның бәкісінен де, әскерден де құтылдың.
Құдайдың қарасқаны да. Бар, Ажаркүлдің қо-
лын алып қайт, - деп апам айналасына одан
сайын рақаттана қарады.
- Сонда бес жыл оқисың ғой? – деді әкем
тақуа кейпімен сөзге араласып.
- Иә, бес жыл.
- Әгрөнөмдық қой.
- Иә, агроном.
- Бітіріп кеп, гләуный әгрөнөм боп, қыпшақ-
тардың қызын ұрып, кеткен есемізді алып
берші, - деп рулық аражікті араға сала сөйледі.
- Әй, не болса соны айтпай тыныш отыршы,
- деп апам тиып тастады. Сосын: - Әкең де
қуанып жүр, - деп оның да көңілін қалдырмай
ілестіре кетті.
Орнымнан тұрып, тура жолға түстім. Ажаркүл
апа ауылдың шет жағында тұрады, бізге
туыстық жақындығы жоқ шетқақпай көп
ауылдастың бірі. Күйеуі соғыста өлген. Өзі үш
некелі болыпты, үшінші күйеуінен қара қағаз
келгеннен кейін жиналыс жасап, беталды
кейіген бригадқа: «Қарағым, мен үш байға тиген
қатынмын, ештеңеден қорықпаймын, байқап
сөйле, қолымнан келгенін істеймін, келмегенін
істей алмаймын», - деп аузын жаптырыпты.
Бұның бәрін апам айтты, әкем сөзге жоқ, ішкен
асына қанағат етіп отырар тақуа адам.
Бала күнімде, сиырға шөп салып жатқа-
нымда, айырмен көтерген бір бау пішеннің қыл-
танағы желкеммен ұшып кеп көзіме түсіп, оң
көзімді аша алмай қалдым. Суырып тартып,
жаным шығып барады. Апам қолымнан ұстап,
дедектетіп Ажаркүлдің үйіне әкелді.
- Өй, көккөз, шала қазақ, - деп алдына алып,
айналып-толғанып отырды да, еңкейіп, қызыл
тілінің ұшын тигізіп қалғанда сұп-суық бірдеңе
көзімді аралап кетті. Бір кезде тілінің ұшын көз
құйыршығыма таман әкеліп жұтынып қалғанда,
көзім шайдай ашылды. Бөртпешектей қиқымды
тіл ұшынан сипап алып, саусақ ұшына іліп
тұрып, апама зеки сөйледі:
- Қаршадай баланы жұмсамасаңдар болмай
ма? Көптің бірі емес, өзі жалғыз. Байың дәсібісін
тізіп, енегін уқалағаннан басқа не бітіреді. Тұр,
көккөз, - деп құйрығымнан сипап жіберді.
Шешемде үн жоқ, сөйтсе Ажаркүлге ешкім
де жауап қайтармайды екен. Сосын маған
қарап:
- Осы, көккөз, кішкентайларға тіке қара-
масын. Көрген жерде балаға түкіріп жүрсін.
Тұқымдарыңда бар ғой, төресіңдер ғой, - деді.
Шешем басын изеп, аудандық газетке орап
әкелген шүберегі мен бір ашымқа шәйін ұсынып
еді, қолын созбады. Қасына қоя сап, қайтуға
асықты. Көзім шәйдай ашылып, борпылдақ
топырақты борп-борп басып, апамның алдына
түсіп ап үйге қарай жүгірдім.
Енді осы үйге екінші рет келе жатырмын. Бұл
кісі шешеммен қатарлас, қолында жалғыз қызы
бар. Менімен сыныптас, тікбақайлау, ер бал-
дармен көп ұрсысады. Балдар да қарап жүр-
мейді, ара-тұра денесіне қол жүгірткенде доп-
домалақ әлеуетті қыз білегін сермеп, салып-
салып жібереді. Аты Бағланкүл. Ерте туған
бағландай топ-толық, беті дөп-дөңгелек, басы-
нан қызыл тақиясын тастамайды. «Онысы
несі?» десем, «Ажаркүлдің істеп жүргені ғой»
дейді апам. Төбесінен қақиған қоңыр үкісі
түспейді. «Неге үкі тағады?» десем, «көз ти-
месін дейді де, Ажаркүлдің қызының қай жеріне
көз тиеді екен» деп тағы да қосып қойды.
«Қызың да өзіңе тартқан сұлу ғой» деп кекеткен
құрдас еркекке: «Сұлу болсын, сызық болсын,
байға тиіп, бала туса болды да. Менің қызым
сендейлердің баласына пысқырмайды. Соғыс
кезінде көрдік қой кім екеніңді, мекиеннен
қашқан қыт-қыттаған қоразсың, соғыс сен
сияқтылардың көтін ашты» дегенде, анау сөзге
келмей тұра айдапты.
Соғыс дейді, соғыс кезінде біздің ауылдағы
күріштікке су алар дәу арнаны кілең әйел
қазыпты. Сонда Ажаркүл бір келіншекке «сенің
байыңнан қара қағаз келеді» десе, ұзамай
жаманат қағаз келіп, «сенің ниетіңнен болды,
байға жарымаған бейбақ» деп, қара жамылған
қатын көңіл айтып келген Ажаркүлдің бетін
тырнап жіберіпті. Ашынған әйел не істемейді.
Сонан кейін Ажаркүл тілін тістеп, не де болса
ішіне түйіп, екі бүктетіліп жүретін болыпты.
«Кетпен шапқанда ыңылдап ән салып шаба-
тын, бұл өзі «р»-ды «л» дейтін сақау ғой, «Қала-
ғым-ау» деп ән шырқағанда «үш байға тиген
Ажаркүл тағы біреуді құртқалы жүр ғой» деп
әйелдер мазақ қылатын. Десек те, бәріміз соған
жалтақтап, аузынан сөз күтетінбіз. Ажаркүлдің
мысы басып тұратын». Шешемнің қатар-құр-
быларына, кейбір сөз тыңдайтын келіндеріне
сыр ғып айтатын әңгімесі құлағымда ызыңдап
келеді. Көшеге тас төселіпті, бірақ беті асфа-
льтпен жабылмапты. Сүп-сүйір туфлиімнің тұм-
сығына тиген ұсақ тастар жан-жаққа ұшып жа-
тыр. Бұл – қайта құрудың біздің ауылға жеткен
көрінісі. Адамдар да біртүрлі, сөйлеп тұрып, бір-
біріне сенбейді. Күріш егетін жерді билігі барлар
жекеменшік қып бөліп алып, жұрт не істерін
білмей сандалып жүр. Апамның даусы тағы да
құмығып, құлағыма естілді.
- Анау Сейтімхан ұстаның баласынан қара
қағаз келгенде, кілең қатын көңіл айтып үйіне
бардық. «Шаңырағымнан тірі шығып ең, өлді
деуге қалай сенем» - деп келіні аңырағанда,
кісі аяғы басылған соң Ажаркүл оңаша алып
шығып, «Әй, қатын, босқа бақыра берме,
байың тірі» депті де, «тісіңнен шығарма, мен
айтты деме» деп кетіп қалыпты. Соғыс біткесін
екі жылдан кейін ұстаның баласы шәпкесі
қисайып келіп тұр дейді. Тұтқында болыпты,
бір бай неміс сұрап алып, шошқасын бақты-
рыпты. «Жағдайым жаман болған жоқ, апта са-
йын бір торайды үйітіп жеймін» дейді, жүгер-
мек» деп жеңгелері келеке ғып отыратын. Кейін
сол неміс тілінен сабақ беріп күн көріпті.
Ажаркүлдің соңына да «үш әріп» түсіпті. Қа-
зақ тыныш жүре ме, біреулер көрсеткен ғой,
аузына келгенді көкіп жүр деп. «Ендігәрі аузым-
ды ашпаймын, тыныш жүремін» деп, қол қойу
білмесем де, қағаздың шетіне қақитып бір таяқ
сызып беріп кеттім» деп шешеме сыр ғып ай-
тыпты. Сонда үкіметтің кетпен шауып жүрген
әйелдердің арасынан да хауіпті элемент
іздегені ғой.
Кеңсенің алдына жеттім. Қос қабатты кеңсе
үйі ауылға көрік беріп тұр. Қарсы алдында
тапалдау клуб. Бірақ, осы маңдағы жайқалып
тұрған қара ағаштар кесіліп, тек түбіртегі
қалыпты. Орнына шетелден әкелген ағаштың
ұзақ жасайтын басқа сортын екпекші екен.
Кеңсе алдында осы ауылдың атын жер жүзіне
жайған даңқты диқан атаның суреті ілулі
тұрушы еді, ол да жоқ. Жаңа келген бастық:
«Бұл кемелденген социализмнің өкілі, қазір
қайта құру, орнына Горбачевтің суретін ілеміз»
деп алдыртып тастапты. «Мынау асыра сілтеу-
дің көкесі ғой, біз соның тәжірибесімен күріш
егіп жүрген жоқпыз ба, ауыл болса соның атын-
да» деген бір даңғайыр диқанға: «Ексең ек,
екпесең табаныңды жалтырат, сенсіз де
егетіндер табылады» деп жер бермей қойыпты.
Бұл не, қайта құру деген осындай бола ма
екен? Оқуды бітіріп, агроном боп ауылға кел-
сем, осындайлардың бәрін орнына қоям. Диқан
атаның суретін де қайта ілгізем, жерге қолы
жете алмай жүрген кәнігі күрішшілерді де қарық
қылам.
Ажаркүл апаның үйінің төбесі көрінді. Тапал-
дау соғылған, шипрмен жабылған көнетоздау
там. Ең бірінші тиген күйеуі салдырып кеткен
үй дейді, қалған екеуі күшік күйеу боп қолында
тұрыпты. Жүрегім біртүрлі дүрсілдей бастады.
Бір нәрсе сұрай қалса, не деймін. Елден естіген
бір сөзім бар еді, соны сұрасам ба екен. Бір
сөзбен шотыма қондырса қайтем. «Шешең
сұра деп жіберді ме?» десе, не деймін. Ол –
ауыл адамдарының гу-гу сөзі, қарабайыр тірші-
ліктен қажыған қазақтың қара әңгімесі. Ажар-
күлдің қызы – менің сыныптасым Бағланкүл
телебезерді қосып қалса, Горбачев шекесі
жылтырап, аузы-аузына жұқпай сөйлеп тұр
екен. «Мынау, қалды шеке, елді таратуға келген
сужұқпас қой. Көрмегенім сен болсын. Өшір!»
деп, көгілдір экранды қара шүберекпен қымтап
қойыпты. Осыны сұрасам ба екен. Жігіт
басыммен сөз естіп қалсам, ол да ұят.
Қисайып, шегесі босап, салбырап тұрған
шарбақ қораның есігін аштым. Төбе шипры қар
мен жаңбырдан әбден жұқарып, дуалының әгі
көмескі тартқан ескі үйге беттей бергенімде
Ажаркүл апа есік алдына шықты да, мені көріп
селт тұрып қалды. Жымық көздері сығырая
күлімсіреп, тәмпіш танауы қусырыла қарады.
Сынап-мінеп тұрған да жайы бар.
- Өй, көккөз, қайдан жүрсің-ей, - деді сұрау
салып. – Оқуға түстің ғой.
- Түстім. Қолыңызды алып кетейін деп...
- Кеше, анау көршілерің Алтынай кеп, он екі
мүшемді түгел атап тұрып, қарғап кетті. Маған
қарғыс өтсе әлдеқашан өліп қалар едім.
Шешеңнің де аузы жеңіл. Осы кезде сынып-
тасым Бағлангүл үйден шыға келді. Басында
баяғы қызыл тақия, төбесінде антенна секілді
тіп-тік үкі. Бойжетіп қалған қызға дөңгелек
қызыл тақия мен үкі сондай жарасып тұр.
- Кләстасыңа шәй қой, - деді Ажаркүл апа.
Бағланкүл есік алдындағы тапал кереуетке
көрпеше төсеп, жастық тастады. Самауырға
шоқ салды.
- Төрге шық, еркексің ғой, - деді апа. Қысық
көзін сығырайтып, сынай қарап отыр.
- Кләстасыңды Бәйгеқұмдағы СПТУ-дың
мәшінке басатын оқуына берейін деп отырмын.
Сен әгрөнөм боп келгенде қағаздарыңды өзі
басады, - деді езуіне күлкі үйіріліп.
- Бағланкүл сабаққа жақсы, әсіресе, есепке
жүйрік, қай оқу болса да түсіп кетеді ғой.
- Өз есебін білсе болды да. Үш байға тиген
мен де есебімнен жаңылған жоқпын, - деп
қырын қарағанда әлгі күлкінің ізі өң-жүзінен
сытылып кетті. – Шешең қалай? Жалғыз бала
деп атыңды Тілеу қойып еді, Құдай тілеуіңді
берсін. Әкең аман болсын, әйтеуір сені туғызу
қолынан келді, оған да шүкір, - деп еркек
жыныстыларға деген бір тілеу мен бір ыза ыз-
диып аузынан шықты. Шешемдей адамның
бетіне қарап мен де күліп жібердім.
- Алматың қалай, онда да қайта құру ма?
Біздің ауыл қайта құрылып бітті. Бәрі бұзылды,
бәрі сатылды, анау дән сақтайтын скләдті
сатқасын не сұрайсың. Астық бола қалса,
көттеріңе тығып сақтар ма екен. Колхоз деген
атын да құртыпты. Сен үлкен жерден келдің
ғой, бұл не өзі? – Тағы да жүзіне жымысқы күлкі
үйірілді. – Айтыс болады дегесін әнеукүні
Шиеліге барсам, айтыс емес, ақшаға сатылған
өңкей жарамсақ. «Қайта құру дегенім, қайта
құру, Атымды қайта ерттеп, қайта міну» дейді
домбыраны енегінің үстіне қойып ап. Қайта
құруды жырлаған түрлері ғой. Нартайлар
домбыраны биік ұстаушы еді, қор болған сөз
бен қайран домбыра деп, кетіп қалдым. Үлкен
жерден келдің, қаладағылар да осылай ойына
келгенін істеп жүр ме?
- Қайдам, апа, оқуға жаңа түсіп жатырмын
ғой, - деп төмен қарадым.
- Осы, біздің қазаққа айналысатын ештеңе
қалмады-ау деймін. – Апа сөзін айтып болғанда
самауыр селк-селк етіп қайнап, төбесіне
кигізген кернейден шыққан қою түтін сейіле
бастады.
Дастархан жайылып, Бағланкүлдің қолынан
шәй ішіп отырмын. Енді байқадым, кеудесі мен
бөксесі бұлтиып, нағыз қыз қалпына еніпті.
- Біздің кластан Алматыға оқуға түскен сен
ғана. Қайта құрудың кезінде... - деді кесе
ұсынып.
- Бұның оққағары бар ғой. Қызым, қайта құру
деген бәлені енді аузыңнан шығарушы болма.
Қарашы, зәкүншіл боп қалғанын, - деп қызына
қарағанда ол селк-селк етіп күлді, төбесіндегі
тіп-тік үкісі де қоса селкілдеді. Ол шешесінің
сөзіне күлсе, мен Бағланкүлдің бітіміне рақат-
тана көз салдым.
- Осы, Ажаркүл апа, телебезерден Горбачев-
ті көргенде «мынау, қалды шеке, елді таратуға
келген сужұқпас қой» деп өшіріп тастағаныңыз
рас па? – дедім көмейіме келген сөзді ірікпей.
- Мені өтірік айтты деп естіп пе ең.
Тосылып қалдым. Қарашы, бүлдіргенімді.
Болары болды ғой деп тағы да сұрадым.
- Өзіміз туралы не дейсіз?
- Оны кейін естисің.
Ажаркүл апа қайтпады. Қарашы, не айтса да
именбей, еркін бермей, кең далада бір өзі
отырғандай көсіліп отырысын. Өмірі ешкімнен
ықпаған тілі ащы әйел маған түсін суыта
қарады. Бір нәрсе білгім кеп іштей ынтығып
отырғанымды сезіп отыр, бірақ көңілінде күдігі
бар.
- Екеуің шәй ішіп отыра беріңдер. Мынау
насыбайшы Әжімұрат құран оқытып жатыр
екен, соған кіріп шығайын, - деп жылжып барып
орнынан тұрды да: - Әй, Тілеу, келіп тұр,
кләстәсің Бағланкүлді ұмытып кетпе. Сенің
шешең екеуміз бір жыл емес, бір күнде туған-
быз сендерді. Екеуің түйдей жастысыңдар.
Бұны шешең айтқан жоқ шығар, өсек айтқаннан
басқа не біледі о қатын, - деп тез-тез сөйлеп
кете берді. Мен сыныптасыммен жалғыз қалға-
ныма айдарымнан жел есті. Жастыққа жан-
тайып, шәниіп жаттым. Кесе ұстағанда сауса-
ғына саусағым тиіп кетіп еді, үлкен жерге оқуға
түсіп келдім дегендей өзімді биік ұстап,
сезімімді сездірмедім, ол болса дір етіп, кесені
түсіріп ала жаздады. Осыны байқап қалдым.
Кластағылардың қайсысы қандай, кім қорқақ,
кім батыр еді, кім кіммен хат жазысып, ұсталып
қалғанын айтып, бөсіп отырғанда Ажаркүл
апаның төбесі көрінді. Орнымнан ұшып тұрдым.
- Жақсы, апа, қолыңызды алайын деп
келгенім ғой.
- Келіп тұр, - деді түсін суытып. Бұрынғыдай
емес, даусы тым бәсең шықты.
***
Алты ай өтіп, қысқы каникулға келгенімде
шешемнің айтқан алғашқы сөзі – «Ажаркүл
қайтыс болды, кеше қырқын берді. Қызына
көңіл айтып шық, кләстәсің емес пе», - деді.
Апыл-тапыл жолға шықтым. Былтыр тас төсел-
ген көшелердің, тіпті көркі кете бастапты. Тас
төселгенмен асфальт құйылмапты, таздың
басындай ала-құла. Қоймалжың батпақ бетін
жауып, бұзау тұмсық бәтіңкемнің табанын
армансыз жалап жатыр. Ауылдың көркі кетіп
қалыпты. Кеңсе алдындағы «Қайта құру –
уақыт талабы» деген плакат-жазу қисайып,
қара желмен желп-желп етіп желбіреп тұр.
Кесілген қара ағаштардың орны да тып-типыл.
Клубтың дәл алдында ұлы көсем Лениннің
ескерткіші тұрушы еді, бір күнде құлатып,
мойнына темір арқан байлап, «Беларуспен»
сүйретіп, шошқа баздың түбіне апарып көміп
тастапты. Ескерткіштің тұғырына кішкентайлар
секіріп ойнап, сальто жасап, етбеттеп-
шалқалай құлап мәз-мәйрам. Жылдам басып
кеп Ажаркүл апаның үйіне жақындадым. Өткен
жолғыдай емес, қыс ауасы сергек, адымым
ширақ, қоймалжың батпақты шылп-шылп
басып келемін. Әрі үкі таққан сыныптасымды
көргім кеп, көңіл айтуды мойныма жүктеген бір
міндет деп сезінем. Көріп, көңілін ауласам
жеңілдеп қалатын секілдімін.
Көрші үйдің әйелі аулаға енген мені көріп, сол
үйге қарай кетті. «Келе жатыр» деп ескерткен
болу керек. Батпаққа шыланған бәтеңкемді
ауыз үйге шешіп, кіре бергенімде қарсы
алдымда тұрған Бағланкүл сыңсып қоя берді.
Кәдімгі ұзатылар қыздай өксіп-өксіп сыңсыды.
Басында үкілі тақиясы жоқ, төмілжіте тартқан
қара орамал. Даусы ащы. Мектепте жалпы
хорда тұрып ән салғанда да даусы елден
ерекше саңқ-саңқ етіп жылдам шығатын, мен
оны Роза Бағлановаға ұқсататынмын. Аяп
кеттім. Мұң аралас өксік дауыс көңілімді боса-
тып жіберді. «Барым да, нарым да жалғыз
шешем еді» деп сөз қосып айтып, иығымнан
ұстап жібермеді. «Тілі ащы болғанмен, ешкімге
зияны жоқ еді» деп тағы да қосып қойды. Басу
айтып, білген құлқуалламды оқыдым. Ол өз-
өзіне кеп, аздап көңілі жайланғасын сынып-
тастарына деген ризалығын білдірді. Шәй
қойып, әңгіме өрбітті. Ол өткен жолғыдай еркін
көсіліп кетпесе де, арасында күлімсіреп қойып,
сөйлеп отыр.
- Кластастар түгел келді. Қырқына да келді.
Бәріне ризамын, - деді. Бір кезде: «Ең жаманы
– жалғыздық екен. Шешем үш байға тисе де,
бір еркек кіндік көре алмапты. Ағам не інім
болғанда соларға арқа сүйеп, шалқайып
отырар едім, - деді өксіп. Сәл үнсіз қалды да:
«Тілі ащы болса да, айтқан сөзі айналайыннан
бетер еді», - деп төмен қарап, самауыр
сыртына ирелеңдеп тұрып қалған қайнаған
судың қағын сұқ саусағымен түрткілей берді.
- Оқуға қашан барасың?
- Енді ненің оқуы. Мына үйді құлыптап, қайда
кетем. Сендер оқыңдар, бізге сол жетеді ғой, -
деп басын көтеріп, бетіме қарады. – Қырық күн
өтті, апамның жоқтығына да біртіндеп үйрене
бастадым. «Ажаркүлдің тілі ащы» деуші еді,
тұщы нәрсені көрмедік қой.
Менің көкейімде былтырғы жауабы жоқ
сауалым сол күйі сақтаулы тұр. «Кейін естисің
ғой» деген кекесінді үні де құлағымда. Әлі
ешкімнен қайта құруға орай «Ажаркүл
айтыпты» деген сөзді естігем жоқ.
- Осы, Бағланкүл, Ажаркүл апа кетерінде
ештеңе айтқан жоқ па? – дедім қипақтап.
- Не туралы?
- Ауыл туралы, болашақ туралы, атқа
мінгендер туралы...
- Естігем жоқ, - деп басын шайқады.
- Берік бол. Кеткенше әлі келемін. – Батпаққа
былғанған бәтіңкемді аяғыма сұға бастадым.
Ол табалдырықтан аттаған жоқ. Қазақ
салтында жылын бергенше қаралы үйден
ешкімді шығарып салмайды.
Артыма бір қарадым. Бағланкүлдің көздері
кіртиіп, кірпік қақпай қарап тұр екен. Ажаркүл
ападан аумай қалыпты.
«Тілі ащы әйел өмірден тілін тістеп кетті ме
екен?». Үйді айнала бергендегі ойым бұл.
Көшенің қара батпағына табаным тиді, былш-
былш басып келемін. «Ажаркүл апа қайта
құруға қолды бір сілтеп кетті ме екен. Артында
Бағланкүл қалды ғой. Кеткенше тағы бір
соғамын. Бәлкім бір нәрсе айтып қалар».
adebiportal.kz ТІЛІ АЩЫ ӘЙЕЛ
(Әңгіме)
ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ .
30 маусым 2020 жыл44444
Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық
білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы, Ойыл қазақ орта мектебінің ұжымы
және бастауыш кәсіподақ ұйымы Атыраубаевтар, Какиевтер отбасына
Ойыл қазақ орта мектебінің зейнеткері
Дінжанова Райса Cансызбайқызының
қайтыс болуына байланысты ағайын, тума-туыстарына қайғысына
ортақтасып, қөңіл айтады.
Ойыл аудандық мәдениет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы
мәдениет үйі қызметкері Абдрахманов Жауынбайға ағасы
Дауылбайдың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Ойыл ауданының мемлекеттік архивінің ұжымы архив меңгерушісі
Дауылбай Хасенұлы Абдрахмановтың
кенеттен қайтыс болуына байланысыты, отбасы мен ағайын-туыстарына
қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Ойыл ауданы өңірінде ұзақ жыл абыройлы қызмет атқарған қадірменді
аға
Ноқым Салиевтің
өмірден өтуіне байланысты марқұмның балалары мен туған-
туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Абзал жан, адал
әріптес, еңбекқор жан еді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас
болсын.
Сапар Сағынтаев, Әнуар Бекмұхамбетов, Өтеміс Әкімов, Нұрлан
Жұмағалиев, Елубай Калиев, Тынышқали Әбдірешовтердің отбасы.
Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық
білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл
қазақ орта мектебінің ұжымы және бастауыш кәсіподақ ұйымы
Дінжановтар отбасына апасы
Райсаның
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
что превышает среднемировой пока-
затель (4,80).
Это лучший результат за все вре-
мя участия страны в данном рейтин-
ге (в 2018 году – 39 позиция и 3,43
б.; в 2019 году – 29 позиция и 4,28
б.).
По данному критерию Казахстан
расположился выше Польши (28
место), Израиля (30), Южной Ко-
реи (31), Литвы (32), Китая (33), Ис-
пании (39), Чехии (44), России (51) и
др.
Обращаем внимание, что выше-
указанное достижение будет учтено
при расчете баллов Индекса вос-
приятия коррупции Транспаренси
Интернешнл наряду с данными дру-
гих 8 исследований международных
рейтинговых агентств.
В целом о поступательном сниже-
нии коррупции при ведении бизнеса
свидетельствуют и результаты
исследований, проведенных другими
агентствами, включая «Enterprise
Адам өміріне, қоршаған ортаға
орасан шығын әкелетін өрт оқиғасы
деп айтылып, жазылғанымен әліде
болса немқұрайлықпен қараудамыз.
Сондықтан, осы кезде өрт қауіпіне
қарсы күрес жүргізіп оны болдыр-
маудың мүмкіндіктерін жасап отыру-
ға тиіспіз. Ең басты мәселе адам өмі-
рі мен мемлекеттің мүлкін өрттен
қорғау болып табылады.
Өрт – тілсіз жау. Ол адамдарға
қасірет әкеліп, материалдық шығын-
дарға ұшыратады. Сондықтан да
өрттен сақтану мәселесіне әр кез
үлкен жауапкершілікпен және сергек-
тікпен қарамаса ол опық жегізеді.
Мысалы: 2020 жылдың өткен кезе-
ңінде тұрғын үй секторында 3 өрт
оқиғасы және 1 автокөліктің өртену
дерегі тіркелді, ал 2019 жылғы осы
кезеңмен салыстырғанда 9 жағдайға,
яғни 66,5 % азайып отыр.
Өрттердің пайда болуына себеп
болған:
- 1 тұрғындардың от қолдану
кезіндегі абайсыздығынан;
- 2 тұрғын үйдегі электр желілерінің
ақаулығы және пайдалану ережеле-
рінің бұзылуы;
- 1 автокөліктің электр тоқ желісінің
қысқа тұйықталуынан.
2019 жылы өрттердің пайда бо-
луына себеп болған:
- 1 от жағу пешінің пайдалану ере-
желерінің бұзылуынан;
- 2 тұрғын үйдегі электр желілерінің
ақаулығы және пайдалану ереже-
лерінің бұзылуы;
- 5 тұрғындардың от қолдану кезін-
дегі абайсыздығынан;
- 1 автокөліктің электр тоқ желісінің
қысқа тұйықталуынан.
Бұдан көретініміз, өрттің пайда
болу себебінің басым бөлігі адами
фактордан, яғни, тұрғындармен от
жағу пешінің пайдалану ережелерінің
бұзылуынан және от қолдану кезін-
дегі абайсыздықтан. Осыған байла-
нысты, аудан тұрғындары мен қонақ-
тарынан төменде келтірілген өрт
қауіпсіздігі мен ережелерін қатаң
сақтау қажет екендігін ескертеміз!!!
1. Электр қондырғыларының бар-
лық ток жүргізу бөліктері, тарату
құрылғылары, аппараттары мен
өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөл-
гіш түріндегі сақтандыру құрылғы-
лары, ажыратқыштары және барлық
өзге де іске қосатын аппараттары
мен аспаптары тек жанбайтын негізге
(мрамор, текстолит, гетинакс) орна-
тылады.
2. Сымдар мен кәбілдердің тал-
сымдарын жалғау, ұштау және тар-
мақтау өртке қатысты қауіпті ауыс-
палы кедергілерді болдырмау үшін
сығымдау, дәнекерлеу, балқытып
біріктіру немесе арнайы қысқыштар
көмегімен жүргізіледі.
3. Тұрғын үйлердің пәтерлерi мен
жатақханалардың тұрғын бөлме-
лерiнде жарылыс, өрт қауiптi заттар
мен материалдар қолданылатын
және сақталатын әртүрлi шебер-
ханалар мен қойма үй-жайларын
орнатуға жол берiлмейдi.
4. Пәтерлер мен тұрғын бөлме-
лерiнде төсекте темекі шегуге және
плитада дайындалып жатқан тамақ-
ты бақылаусыз қалдыруға жол берiл-
мейдi.
5. Қоралар мен басқа да шаруа-
шылық құрылыстардың шатырла-
рына, электр жеткiзу желiлерiнiң
астына және учаскенiң сыртқы қор-
шауынан кемiнде 3 метр қашықтықта
шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi
жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш
заттар мен материалдарды жинауға
жол берілмейді.
Көшелерде, жолдарда, аулалық
учаскелерден тыс шөп шошақтарын,
шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын
орналастыруға жол берiлмейдi.
6. От жағу, қалдықтар мен ыдыс-
тарды өртеу ғимараттар мен құры-
лыстардан 50 м кем болатын ара қа-
шықтықта іске асыруға тыйым салы-
нады.
Есіңізде болсын! Өрт кезінде сал-
қынқандылық танытыңыз, өрт күзетін
«101» немесе «112» телефоны
бойынша шақыртып, өзіңіз бен
жақындарыңызды құтқару үшін
қажетті шараларды қолданыңыз, өрт
сөндірушілермен кездесуді ұйымдас-
тырып, жану ошағына тез жетер
жолды көрсетіңіз!
А.ТАРЫБАЙ,
Ойыл ауданының
төтенше жағдайлар
бөлімінің аға инженері.
Дегенмен, ауыл халқының басым
бөлігі мал ұстайды. Әрине, оның
бағылуы басқа әңгіме. Ал, мал
азығын дайындаушылардың қызметі
де аспандап тұр. Рас, мынадай
аптапта мал азығын дайындау оңай
емес. Еңбегін жоққа шығармаймыз.
Бірақ, еккен де жоқ, сепкен де жоқ.
Жер ананың жаратқан ырыздығы.
Жаңбыр жауды, шөп шықты. Был-
тырғыдай емес, шөптің шығымы бө-
лек. Демек, түсімі де жоғары. Оған
шөп шауып жатқандарды сыртынан
көріп-ақ көз жеткіздік. Қаумалардың
арасы жақын. Өмірі ауылда өтіп,
шаруамен «көзі шыққан» адамдар
«биылғы шөптің түсімі өткен жылғы-
дан ең кемі екі есе артық» - дейді.
Былтыр шөп шабу үшін шаруалар
ауылдан 60-70 шақырым ұзап кетіп
еді. Биыл үйдің іргесінің өзі тізеден
биік. Бірақ, баға өсіп кетті. Бір тюк
шөп – 400 теңге. Оның көлемі мен
салмағы жиналыс сайын жыр болып
келеді. Бұл да тұрғындардың нара-
зылығын туғызатын негізгі мәсе-
лелердің бірі. Рас, жанар-жағар май
мен қосалқы бөлшектер қымба-
ттаған шығар. Алайда, жоғарыдағы
жағдайлар бағаны өсірмей-ақ табыс-
қа кенелуге мүмкіндік береді. Әрине,
шөпке көрші облыстардан сұраныс
көп. Дегенмен, ол жақтағы табыс пен
аудандағы табыс көлемін де ескеру
керек.
Әйтеке бидің «Бай болсаң, хал-
қыңа пайдаң тисін...» деп баста-
латын даналығы бар.
С. ХАМЗИН,
Ойыл селосы.
МАЛ АЗАҒЫНЫҢ БАҒАСЫ
ЖАННАН БҰРЫН МАЛЫНЫҢ АМАНДЫҒЫН СҰРАЙТЫН ҚАЗАҚ ҮШІН
МАЛ ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ. ҚАЗЫБЕК БИ «БІЗ ҚАЗАҚ ӘУЕЛДЕН ДЕГЕН МАЛ
БАҚҚАН ЕЛМІЗ...» - ДЕГЕН. ТАБЫСЫН БЕЙНЕТІМЕН ӨЛШЕЙТІН
БІРЕУЛЕР АТА КӘСІПТЕН ҚОЛ ҮЗІП КЕТТІ...
Осы айда Халықаралық менед-
жментті дамыту институтының
(Institute for Management Development,
Швейцария) әлемдік бәсекеге қабі-
леттілікті зерттеу орталығы «IMD-
2020» жаһандық бәсекеге қабілет-
тілік рейтингінің нәтижелерін жа-
риялады.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілетті
бизнес қалыптасатын ортаны жасау
және қолдау қабілетімен қабыл-
данады.
Қазақстан сауалнама негізінде
қалыптасатын және кәсіпкерлердің
жемқорлықты қабылдауын көрсете-
тін парақорлық пен жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл индикаторы
бойынша екінші жыл қатарынан өз
орнын жақсартты.
Биыл бағалауға қатысқан 63 мем-
лекеттің арасында еліміз 29-дан 27-
ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 балл-
дың 5,01 баллын алып, орташа
әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты.
Бұл еліміздің осы рейтингке қатыс-
қан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі
(2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.;
2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.).
Қазақстан бұл талап бойынша
Польшадан (28 орын), Израильден
(30), Оңтүстік Кореядан (31), Литва-
дан (32), Қытайдан (33), Испаниядан
(39), Чехиядан (44), Ресейден (51)
және т.б. жоғары орналасқан.
Жоғарыда аталған жетістіктер
басқа 8 халықаралық рейтинг агент-
тіктерінің мәліметтерімен қоса Транс
паренси Интернешнлдің сыбайлас
жемқорлықты түйсіну индек-
сінің баллын есептеу барысында
ескерілетініне назар аударамыз.
Жалпы, бизнес жүргізудегі жемқор-
лықтың біртіндеп төмендеуін Бүкіл-
әлемдік банктің «Enterprise Survey»,
Қазақстандағы Транспаренси Интер-
нешнлдің «Сыбайлас жемқорлықтың
жай-күйіне мониторингін» және PRS
«Елдік тәуекелдерді бағалауын»
қоса алғанда басқа агенттіктер
жүргізген зерттеулердің нәтижелері
де айғақтайды. Осы тұрғыдан ал-ған-
да Covid-19 пандемиясының әсері-
нен әлемде орын алған қиын жағ-
дайға қарамастан, инвестициялық
белсенділіктің жанданып жатқанын
атап өткен жөн. Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен
«Атамекен» ҰКП өз тараптарынан
отандық және шетелдік инвестор-
лардың жалпы сомасы 12 трлн теңге-
ден астам 475 жобасын сүйемелдей
отырып, кәсіпкерлерді сыбайлас
жемқорлық көріністері мен әкімшілік
төреліктіктен қорғауды жалғасты-
руда. Жыл басынан бері Антикор
қылмыстық-құқықтық шаралар ая-
сында лауазымды тұлғалардың биз-
нес жүргізуге заңсыз араласуының
80-нен астам фактісін анықтап, 200-
ге жуық кәсіпкердің құқығын қалпына
келтірді.
IMDБАҒАСЫ:КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ
Ранее в этом месяце Центр по изу-
чению мировой конкурентоспособ-
ности Международного института
развития менеджмента (Institu-
te for Management Development,
Швейцария) объявил результаты
рейтинга глобальной конкурентос-
пособности «IMD-2020».
Под конкурентоспособностью
страны понимается способность
национальной экономики создавать
и поддерживать среду, в которой
возникает конкурентоспособный
бизнес.
По индикатору противодействия
взяточничеству и коррупции, кото-
рый формируется на основе опроса
и отражает восприятие коррупции
предпринимателями, Казахстан вто-
рой год подряд улучшает свое поло-
жение.
В этом году среди 63 оцениваемых
государств страна поднялась на 2
позиции вверх с 29 на 27 мес-
то, получив 5,01 балла из 10,
ОЦЕНКАIMD: ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ ВТОРОЙ ГОД
ОТМЕЧАЮТ СНИЖЕНИЕ КОРРУПЦИИ
Survey» Всемирного банка, «Мони-
торинг состояния коррупции» Транс-
паренси Интернешнл в Казахстане и
«Оценку странового риска» PRS.
В этом контексте важно отметить,
что несмотря на сложную ситуацию
в мире под влиянием пандемии
Covid-19, возобновляется инвестици-
онная активность.
Со своей стороны, Агентство по
противодействию коррупции и НПП
«Атамекен» продолжают защищать
предпринимателей от проявлений
коррупции и административной бю-
рократии, сопровождая 475 проектов
отечественных и зарубежных инвес-
торов на общую сумму свыше 12
трлн тенге.
С начала года Антикором в рамках
уголовно-правовых мер выявлено
свыше 80 фактов незаконного вме-
шательства должностных лиц в
ведение бизнеса и восстановлены
права порядка 200 предпринима-
телей.
ӨРТ - ТІЛСІЗ ЖАУ ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ!
ҚАЙДА БАРАДЫ?
Мемлекеттік қызметтерді үйде
отырып І және ІІ топтағы мүгедектер,
70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен
мүгедектігі бар балалар ала алады.
Ол үшін олардың өзі немесе қам-
қоршылары 1414 қысқа нөміріне
қоңырау шалып, өтініш қалдыруы
керек. Бұдан кейін «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік кор-
порациясының мамандары оларға
хабарласып, үйлеріне барып мемле-
кеттік қызметті көрсету күні мен
уақытын белгілейді. Биылғы 5 айда
Азаматтарға арналған үкіметтің
филиалдары тұрғындардың үйіне
барып, 15 мыңға жуық мемлекеттік
қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының бас-
қарма төрайымы Әсемгүл Балташе-
ваның айтуынша, үй-үйге барып
мемлекеттік қызмет көрсету –
корпорация құрылған сәттен бастап
пайда болған қызмет және осы күнге
дейін ол өзектілігін жоғалтқан емес.
«Азаматтардың үйлеріне барып
көрсетілетін ең танымал қызметтер
– паспорттар мен жеке куәліктерді
беру, мүгедектерді сурдо-тифло-
техникалық және міндетті гигиена
құралдарымен қамтамасыз ету,
мүгедектерді протездік-ортопе-
диялық көмекпен қамтамасыз ету
үшін құжаттарын рәсімдеу», – деді
Балташева.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛДЫ