400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ерлігі-өшпес өнеге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көбеков Әлеукеш Қорғанбекұлының ерлік істері туралы жазылған эссе.Барлық оқушыларға,оқырман қауымына қолданыс үшін ұсынылады.3-жылдан бері бірнеше мұғалімдерге республика көлемінде әдістемелік көмек көрсетіп,келемін!Мен жазған жұмыстар арқылы барлығы республика көлемінде жүлдегер атануда!Егерде сіз де жүлдегер атанғыңыз келсе!Жеке авторлық курстар қызықтырса,8775-608-30-94 жекеге шығыңыз!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен соғысты жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген.

Қ.Жұмағалиев

«Ерлігі өшпес өнеге»

Біз соғыс деген қасиетті де, қасіретті ұғыммен тарих арқылы таныспыз.Соғыс ешкімге қуаныш сыйламады, балалар жетім қалды,әйелдер жесір қалды,отбасының қорғанына айналар ер-азаматтар елден жырақ болды.Әйелдердің жұмысы ерлерге артылды. Жауапкершілік екі есе күшейе түсті. Қаралы қағаз ел арасына таралып жатты. Қан майданнан аман-есен оралып жатқандарда келіп жатты. Ел қолындағы барлық азық-түлік тағамдарын, жылы киімдерін соғысқа аттандырып жатты. Осындай қан майданға менің атамда Қойшыбаев Көбек Тілеужанұлы да болды. Көбек атам халық ағарту ісінің үздігі. 1942 жылы тамызда армия қатарына шақырылған. «Отан соғысы» медалімен,бірнеше жауынгерлік марапттармен марапатталған.

Менің атамның қасында қарулас майдангер Көбеков Әлеукеш Қорғанбекұлы да қан майданда елі үшін желі үшін қызмет етті. Ол кезде соғыс ер-азаматтарды мынау үлкен, мынау кіші деп бөлген жоқ,барлығы қиын сәтке тап боларын, аман оралуы мүмкін немесе оралмауы мүмкін екенін білсе де елі үшін азаматтық абыройын жоғары қойып,соғысқа аттанды. Соғыс сол сәттен бастап суық есім, суық қару, аяусыз шайқасқан жалынды жастық қилы тағдырдай көрінетін маған.

Көбеков Әлеукеш Қорғанбекұлы 1923 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Коминтерн ауылында дүниеге келген.1942 жылы наурыз айында Ақтөбе облысы, Ырғыз аудандық әскери комиссариатынан Қызыл әскер қатарына аттанған болатын. Әскери мамандығы: 280-танкі жойғыш артиллерия полкінде басқарма жойғыш, артиллерия взводында аға телефонист, минометшілер тобының барлаушысы.Көбеков Әлеукеш соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Өжеттігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталып, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылады. 1944 жылы 30 маусымда батарея Беларуссиядағы Минск облысы, Лапичи ауылының бойындағы Свилочь (Березина құйылысы) өзенінің сол жақ жағалауын жаяу әскерсіз иеленеді. Көбеков Әлеукеш өлген нысанашыны ауыстырып, ұрыс әдістерін дұрыс пайдаланып, жаудың екі танкісін өртейді. Нағыз кескілескен қантөгіс басталады. Осы қанды ұрыста жаудың неше мәрте шабуылын тойтарады. Тапқырлығы мен батылдығымен көзге түсіп, жеке өз қаруымен, гранатамен дұшпанның 17 солдат-офицерін өлтіреді. Көрсеткен ерлігі үшін 280-гвардиялық танкіге қарсы жоюшы артиллерия полк командирі полковник Железников 1944 жылы 10 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады.1945 жылы 23 қаңтардың аязында Накель қаласы маңында өз автоматымен 5 неміс солдатын жойып жіберіп, жаудың бораған оғына қарамастан, командирдің бұйрығын жеткізеді. Осы ерлігі үшін «Өжеттігі үшін» медалімен марапатталған. Ал осы соғыста ерекше өнерімен танылған Көбеков Әлеукеш атамыздың еңбегі ерекше. Қазір телефон бізге қандай қажет болса да,соғыста да байланыс сондай қажет екені белгілі.Әлеукеш атамыз соғыста қарша борап жатқан оқ астында байланыс құралдарын жалғап,елге тынымсыз қызмет етіп жатты.

Біз соғысты жек көреміз!Алайда, ата-бабамыздың ерлік істерін ешқашан ұмытпаймыз! Ешқашан ұмытылмақ емес!Тарихың ақ парақтары сарғайған сайын,ел есінде тарих жаңғыра берсін! Ер есімі мәңгі ел есінде!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.09.2023
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі