Материалдар / Ерте жастан баланы дамыту әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерте жастан баланы дамыту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың ерте жастан дамуына үлкен үлес қосу керектігі түсіндірілген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Баяндама

Тақырыбы:Баланы ерте жастан дамыту әдістері.


































Тақырыбы:

Баланы ерте жастан дамыту әдістері.

Мақсаты:

Баланы ерте жастан дамытуға арналған кеңестер,ойындар және әдіс тәсілдерді үйрете отырып балапандарды ерте жастан дамуына ықпал ету.

Міндеті:

Дамыту оқыту технологияларымен таныстыру.Жаңа әдіс-тәсілдерден тиімді түрде пайдалану.






















I.Кіріспе

Ерте жастан балаларды дамытуда ерекше ойын түрлері.

II. Негізгі бөлім

Ерте жастағы балалрды дамыту жолдары.

Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

ІІІ. Қорытынды

ІV. Нәтиже





























Кіріспе


Күн сайын балақай есейіп келеді… Кейде осы шапшаң есею сізді тығырыққа тірейді, себебі, осындай ақылды балақайға айналысатын пайдалы іс тауып беру күннен-күнге қиындай түседі. Сондықтан, назарыңызға ойын жаттығуларын ұсынамын. Аталмыш жаттығулардың арқасында сіз ұнамды істі пайдалы іспен ұштастырып, баланы өте маңызды дағдыларға баули аласыз.

Кішкентай баланың негізгі және табиғи қарекеті ойын екені бұрыннан белгілі. Егер ата-анасы бөбегінің бойынан дені сау, жайдары, әрі ақылды, ойлай білетін, ойлана алатын, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүріп-тұра алатын, құрдастарымен өзара түсінісе алатын баланы көргісі келетін болса, оның дамуын ойыннан бастауы қажет.

Балақайлармен көшеде және үйде ойын әрекеттерін және тапсырмаларын жасау бойынша ықтимал кеңес-жоспарын ұсынамын

Осы кеңесжоспар негізінде сіз өз ойындарыңызды ойлап таба аласыз.

СУМЕН ОЙНАУ

Баланы су ортасымен таныстырыңыз: 

- су сепкішке су құйыңыз. Баланың қолына су құйып тұрып: «Су құйылып жатыр» деңіз;

- шылапшынға су құйыңыз, балаңыз сіздің қалай су құйып жатқаныңызды қарап тұрсын, әрі су сепкіштен су құйып, көмектесіп тұрсын. 

Баланың назарын судың қандай жеңіл, суда болған қандай жақсы екеніне аударыңыз.

Шылапшынның жанына ойыншықтар қойыңыз: қайық, доп, ойыншық үйрек. Баладан ойыншық үйректі алып, суға салуын өтініңіз. Балаға судағы ойыншық үйрекпен ойнауға мүмкіндік беріңіз (балаға үйрек қалай жүзетінін, сүңгитінін көрсетіңіз).

Суға қуыршақты салыңыз. Балақаймен бірге оны жуындырыңыз. Баланы да суға отырғызыңыз, қолына кішкентай су сепкіш ұстатыңыз. Су сепкіштен қуыршаққа Бірге су құйыңыздар.

Баланың қолына қайық ұстатып «Қайық жүзіп бара жатыр» деңіз, бала қайықпен суда өзі ойнасын.

Шомылуға деген құмарлықты ояту үшін көңілді тақпақты пайдалануға болады. Тақпақты айтып жатқанда, барлық аталған заттарды көрсетіңіз.

Сылдырлайды мөлдір су, 

Мөлдір суға қолыңды жу. 

Жуынсаң сен әрдайым, 

Таза бетің, маңдайың. 

Тазалықтың досы, 

Су дегенің осы.



Ашытады көзіңді 

Сабынданған кезіңде 

Бола –білсең төзімді 

Тап-таза етер өзіңді 

Тазалықтың досы 

Су дегенің осы.



Қуыршақ Қуыршақ, қуыршақ, 

Таза суға жуынсақ. 

Қол ұстасып, дос болып, 

Бақ ішінде қыдырсақ.

Кеңестер: егер бала судан қорқатын болса, онда сумен және ойыншықтармен баламен бірге ойнаңыз. Баланы күнделікті су ортасына үйретуге тырысыңыз.

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНДАР

Серуендеп жүргенде балаға өз тәжірибесінен белгілі, жолда кездескеннің барлығы туралы айтып отырыңыз. Әңгімеңізге бар ықыласыңызды және махаббатыңызды салыңыз, тіпті болмашы заттар туралы айтқанда да таңданысыңызды, қуанышыңызды көрсетіңіз.

Баланы саябақтағы. ормандағы әртүрлі табиғат нысандарымен таныстырыңыз. Ағаштардың, гүлдердің жанына апарыңыз. Бақылау нысанын баланың өзіне таңдатыңыз.

Өз әрекетіңізбен мысал болып табиғатқа қалай ұқыпты қарау керек екенін көрсетіңіз:

- баланың қолымен гүлді сипап тұрып: «Әдемі гүл, нәзік, кішкентай» деңіз; 

- балаға бірнеше ағаш жапырақтарын ұсыныңыз, оларды сындырып алмау үшін абайлап ұстаңыз.

Дамытатын табиғатпен сырласу дәрістерін өткізіңіз: 

- балаңызды көтеріп, ағашқа жақындатыңыз, ағаштағы жапырақтар қалай өсетінін көрсетіңіз; 

- үйге келгенде, баламен бірге жапырақтарды және гүлдерді құмыраға салыңыздар, қалған басқа заттарды қорапқа салып қойыңыздар. Оларды баламен ойнағанда қолданыңыз.

Анасы даладағы гүлдер, құстар, жәндіктер, жыл мезгілдері, күн, жаңбыр, жел туралы қысқа тақпақтарды алдын-ала тауып, жаттап алуына болады, мысалы: 

«Ара, ара, аралар, 

Гүл қауызын жағалар. 

Оны баққан ағалар, 

Шелек-шелек бал алар. 

Ұшып кірсе қосына, 

Сен тимесең, тимейді, 

Қастығы жоқ досына.» 

«Көктем келіп көгілдір, 

Жасыл көрпе төседі. 

Күміс күн де төгіп нұр, 

Көлеңкелер кешеді. 

Шомылдырды даланы, 

Құйып өткен нөсері, 

Жаудыраған жанары 

Шық та күбірлеседі.» 

«Найзағайлар атылды, 

Жерге бұршақ шашылды. 

Нөсер жауып бір кезде, 

Жұртты әуреге салдырды.» 

Немесе көбелек туралы тақпақ: 

«Қызыл қанат көбелек, 

Жасыл қанат көбелек. 

Гүлден гүлге қонасың 

Ұстатпайсың не керек.» 

Гүл туралы: 

«Гүлім, гүлім, өсе бер, 

Әдемі боп, асыл боп. 

Күндей жайнап кете бер, 

Қызыл, сары, жасыл боп.»

Мүмкіндігінше, көп уақытты табиғат аясында өткізіңіздер. Әртүрлі жерде серуендеген дұрыс: кептерге нан қоқымдарын алып, бүгін саябақта, ал ертең жақын жерде орналасқан тоғанға, бұлаққа, жылғаға жол тартуға болады.

Кеңестер: баланы табиғат нысандары көп жерлерге серуендеуге жиі апарып тұрыңыз. Бақылау нысанын өзі таңдауға мүмкіндік беріңіз. Баланың жинағандарын лақтырмаңыз.

ҮЙДЕГІ ОЙЫНДАР

Баланың назарын үйдегі заттар мен бұйымдарға аударыңыз: 

- баланы қолынан ұстап, киімі жинаулы тұрған шкафтың жанына апарыңыз. «Бұл шкаф» деп айтыңыз; 

- балаға шкафты қолымен ұстауға, есігін ашып-жабуға мүмкіндік беріңіз.

Бұйымдармен «Заттарды орнына қою» сияқты қиын емес жаттығулар жасаңыздар, баланы ересек адамға қолынан келген көмегін көрсетуге баулыңыз: шкафтан бір затты алып шығыңыз. Заттың атын атаңыз, мысалы: «Бұл көйлек». Орнына қойыңыз. Балаға: «Көйлекті ала ғой» деңіз. Алған соң, оны орнына әдемілеп қайта қоюға көмектесіңіз. «Көйлекті орнына қоя ғой» деңіз.

Баланы кітап сөрелерінің жанына апарыңыз. «Кітап алып берші» деңіз. Кітапты баламен бірге қараңыз. Кітаптағы суреттерді көре алуы үшін кітап беттерін баланың саусағымен ақырын аударып тұрыңыз. Балаға: «Кітапты сөреге қоя ғой» деңіз. Кітапты сөреге қалай әдемілеп қоюға болатынын көрсетіңіз.

Балақайдың кез-келген өз бетінше жасаған әрекеттерін қолпаштап отырыңыз. Балақайға көмектесіңіз: 

- балақайға киімі жатқан шкафқа баруын ұсыныңыз. «Шкафқа бар», «Көйлекті алып бере ғой» деңіз; 

- егер бала заттарды бейберекет алып, салса, көмектесіңіз.

Кеңестер: қандай да бір затты орнына ұқыптап қоя алмаса, баланы сөкпеңіз, қатесін бірге түзетіңіз. Өзіңіз үлгі болып, баланы айналадағы бұйымдарға ұқыпты қарауды үйретіңіз.

ҮСТЕЛҮСТІ ОЙЫНДАРЫ

Баланы ерте жастан бастап-ақ, үстел үстінде өзін-өзі дұрыс ұстауды үйрете беру керек: баланы үстел басына отырғызыңыз. Жанына отырып, «Кел, тамақ ішейік» деңіз. 

Өзіңіз үлгі көрсетіп, үстел үстіндегі құралдарды қалай пайдалану қажет екенін көрсетіңіз: 

- қолыңызға қасық алыңыз, атын атаңыз. Қасықпен табақтан қалай тамақ ішуді көрсетіңіз;

- қасықты баланың қолына ұстатып, аузына апарыңыз. «Дәмді ботқа» деңіз; 

- 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!