Ертегі еліне саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегі еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ертегі еліне саяхат" сауықтыру ойын іс-шарасы. Балаларды жүгіру, велосипед тебу, самокат тебу, көлікті айдау, еңбектеп жүру дағдыларын қалыптастыру. Күш-қуаттарын, жылдамдықтарын, ептіліктерін, батылдықтарын дамыту. Тәртіпкке, мейірімділікке ұжымдыққа тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған спорттық ойын сауықтың жоспары:


Күні: 18.05.22ж.

Білім беру саласы: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат

Мақсаты: Балаларды жүгіру, велосипед тебу, самокат тебу, көлікті айдау, еңбектеп жүру дағдыларын қалыптастыру. Күш-қуаттарын, жылдамдықтарын, ептіліктерін, батылдықтарын дамыту. Тәртіпкке, мейірімділікке ұжымдыққа тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын керекті құрал-жабдықтары: бауырсақ, көліктер, самокаттар, великтер, еңбектейтін құрал, алма, сәбіз, құлпынай, себеттер.

Кейіпкерлер: Апа, қоян, аю, түлкі, бауырсақ.


Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін бізде «Ертегі е

ліне саяхат» атты спорттық ойынымызға қош келіпсіңдер! Бұл спорттық ойында қызық ойындар ойнаймыз. Ал, дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә, дайынбыз.

Кенеттен Апа кіреді.



Апа: Сәлеметсіңдер ме, айналайын балалаларым, мен өзі қайда келдім? Не болып жатыр?

Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе, апа. Сіз «Айналалайын» балабақшасына келдіңіз. Бізде спорттық ойын сауық шарасы болып жатыр. Қош келдіңіз.

Апа: Пісірген бауырсағым бәрі дөңгелеп осы жолмен жүрген соң, байқаусыз келіп қалдым.


Тәрбиеші: Апа, еш уайымдамаңыз, қазір келген жолыңызбен қайтасыз, сосын үйіңізде боласыз.

Тәрбиеші: Сіздің де, Балалардың ба көңілін көтерейік, қәне бізбен бірге ойын ойнап жіберсеңіз?
Апа: Жарайды, ойнайын.

Тәрбиеші: Балалар, қәне бәріміз ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

Ендеше, ойынның аты: «Ыстық бауырсақ» деп аталады. «Күншуақ» тобымен ойнатылады.

Ойынның шарты: Жерде шашылып жатқан бауырсақты себетке салып жинайды.



Апа: Жарайсыңдар , балалар, өте шапшаң екенсіңдер. Енді мен үйіме қайтайын. Ыстық бауырсағымен шай ішейін. Сау болыңдар!

Бауырсақ билеп шығады.

Бауырсақ: Алақай, мен апамнан қаштым, атамнан қаштым, алақай, ня-ня-ня-ня-ня. Ой, мен қайда келдім?



Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кім болдыңыз?

Бауырсақ: Мен бауырсақ боламын. Жана апамның себетінен секіріп осында домалап келдім. Жаңа тамаша ойындар ойнатып жатқан соң, мен әлі ойынға тоймады, балалармен ойнағым келді.

Тәрбиеші: Жарайды, Бауырсақ. Ендеше балалар ойын ойнваймыз ба?

Ойынның шарты: «Мәреге жет». «Жұлдызша» тобының балаларымен ойнатылады. Ойынның шарты: Велосипедтің көмегімен мәреге жету керек. Ойын осылай жалғаса береді.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: Бауырсақ, сен бізбен бірге тағы ойын ойнайсың ба?

Бауырсақ: Иә, ойнаймын.

Кенеттен қоян кіреді.



Қоян: Ммммм, ням-ням қандай ыстық бауырсақтың иісі шығып тұр, бауырсақ осындама балалар, мен қазір бауырсақты жеймін.

Қоян бауырсақты қуады да, бауырсақ: Қоян сен мені жемеші, есесіне менімен, балалармен ойын ойнайсың ба?

Қоян: Жарайды, ойнайын.

Тәрбиеші: Ойынның «Еңбекте» Ойынның шарты: Еңбектеп қоянға сәбіз жинап береді. «Бастау» тобымен ойнатылады.



Қоян: Жарайсыңдар, балалар, бауырсақ мен енді сені жемеймін, мен сәбізді жеймін. Үйіме қайтайын енді біз бәріміз доспыз, рақмет сендерге, сау болыңдар!


Кенеттен аю кіреді.

Аю: Аааааааа, мұнда бір тәтті, ыстық бауырсақтың иісі аңқып тұр ғой, балалар, мұнда бауырсақ бар ма? Ааааа мұнда екен ғой, кел бері, бауырсақ мен сені жеймін.

Аю мен бауырсақ бір-бірін қуып, бауырсақ қашып жүреді.

Бауырсақ: Аю, сен мені жемеші, есесіне бізбен ойын ойнайсың ба?

Аю: Жарайды.

Тәрбиеші: Ойынның аты: «Кім шапшаң». «Тұлпар» тобымен ойнатылады. Ойынның шарты: Белгіленген мәреге жету үшін сызықтың бойымен көліктің көмегімен жүру. Мәреде тұрған құлпынайды алып, себетке салып жинайды. Келесі достарына көлікті беру беру. Ойын осылай жалғаса береді.



Аю: Жарайсыңдар, балалар, рақмет сендерге. Енді мен бауырсақты жемеймін. Құлпынайды жеймін. Бәріміз енді доспыз.

Тәрбиеші: Аю бізбен бірге серігіп алмадыңыз ба?

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.



Аю: Жарайсыңдар, балалар, рақмет сендерге. Енді мен бауырсақты жемеймін. Құлпынайды жеймін. Бәріміз енді доспыз. Сау болыңдар!

Кенеттен түлкі кіреді.

Түлкі: Мммммммм, мұнда бір иіс аңқып тұр, ммммм тәтті, ыстық иіс шығып тұр екен? Бауырсақ емес пе екен? Бауырсақ қайдасың сен?

Бауырсақты түлкі қуады.



Бауырсақ: Түлкібикеш сен мені жемеші, есесіне сен бізбен бірге ойын ойнайсың ба?

Түлкі: Хммм, ойланайын, жарайды, көңілімнен шықса ойнайын.

Тәрбиеші:Ойынның аты: «Кім жүйрік». «Өркен» тобымен ойнатылады.

Ойынның шарты: Самокаттың көмегімен мәреде тұрған алманы себетке жинап береді. Ойын осылай жалғаса береді.



Бауырсақ:Балалар, жарайсыңдар, рақмет сендерге. Алманы жинап түлкібикешке берейік.

Түлкі: Рақмет балалар, рақмет бауырсақ. Мен енді сені жемеймін. Мен енді алманы жеймін. Қой құрсын үйіме қайтайын. Ойын ойнап шаршадым. Сау болыңдар!

Бауырсақ: Сау бол, түлкі бикеш достығымыз мәңгі болсын.

Ал. Балалар бәріміз биге бір билеп жібермедік пе?

Музыка «Флешмоб» биі.



Бауырсақ: Сау болыңдар, балалар менде апам мен атама барайын мені іздеп қалған болар. Рақмет сендерге, достарым сау болыңдар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар бауырсақ, балалар сендер сондай шымыр екенсіңдер! Осымен біздің ұйымдастырылған «Ертегі еліне саяхат» атты ойын сауығымыз аяқталды.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2022
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі