Материалдар / Ертегі және театр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі және театр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
919
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Балабақшада балалар театр іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары.


Үйірме: "Біз және театр"


Кіріспе.

Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің.
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.

Театыр үйірмесінің өзектілігі

Жобаның басты мақсаты

Жаңашылдығы

Жобаны іске асыру сатылары


І кезең -дайындық кезеңі.


ІІ кезең – негізгі кезеңі.


ІІІ кезең – қорытынды.

Жалпы, Театр өнері балаға не береді, оның маңыздылығы неде?- деген сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, алдымен театр өнері баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезінен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, өзіне деген сенім, өзіндік ой – пікірін қымсынбай еркін жеткізе білуге тәрбиелейді, көрінбей жатқан қабілеттерін ашады, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Балалар сахнаға шыққанда тек белгілі бір кейіпкерді сомдап қана қоймай, достықтың, адамгершіліктің асыл қасиеттерін де бойына сіңіре отырып, жаман мінез-құлықтан, жаман қасиеттерден жиіркеніп, жақсыдан үлгі алуға үйретеледі.

Атақты педагог Сухомлинский : «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деген екен.

Осындай ғылыми дәйектерді негізге ала отырып, соңғы кезде педагог мамандар кездесіп жүрген көптеген проблемаларды шешу мақсатында балабақшада «Балалар театр әлемі» атты жоба жасақталды.




Театыр үйірмесінің өзектілігі:

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз. Соңғы кездері балалардың ғаламторға, ұялы телефондардағы ойындарға тәуелді болуы, бала бойындағы рухани құндылықтардың азаюы, балалардың сөздік қорының, шығармашылық қабілеттерінің нашарлауы, тілдік қарым қатынасқа түсу барысында қиындықтардың туындауы бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Ал аталмыш жоба осындай проблемалардың алдын алудың, жоюдың таптырмас жолы деп білеміз.

Театыр үйірмесінің басты мақсаты: Балабақшада балалар шығармашылығын жүйелі дамыту. Бала бойындағы дарындылықтарды анықтау. Сахна мәдениетіне, өнерге ерте жастан баулу.
Театыр үйірмесінің міндеті:
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

Балаларды театрланған іс – әрекеттің барлық түрлерімен таныстыру

және эмоционалдық сезімдерін дамыту;

- Адамгершілік – рухани тәрбие беру;

- Әр баланың жеке қабілетін ашу;

Балалардың сөз байлығын дамыту;

- Баланың жеке шығармашыл дамуына қажетті жағдай тудыру;

- Театр іс –әрекетінің әдіс – тәсілдерін, ережелерін үйрету.
Болжам: Егер педагогикалық – әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, сахналау әдістерін оқу іс –әрекетімен ұштастырып пайдаланудың әдіс – тәсілдері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген еңбегіміз оң нәтиже береді.

Жаңашылдығы:

  Ертегі қойылымдарының заманауи тұрғыда түрленуі. Театр өнерін белгілі бір жүйемен, жоспармен балабақшада тұрақты дамыту.
Күтілетін нәтиже: Сахналау шеберлігі , тіл мәдениеті, адамгершілік жан дүниесі қалыптасқан дарынды балалар тәрбиелеу.







Жобаны іске асыру сатылары:


Дайындық (ұйымдастыру) кезең


Негізгі кезең


Қорытынды
кезең.


Театыр үйірмесінің жоспары бір жылға жасалып, жылма- жыл өзгертіліп отырылады.

І кезең -дайындық кезеңі.

1. Театыр үйірмесіннің жұмысы бойынша шығармашылық топты дайындау және құру.

2. Тәрбиешілермен, ата-аналарды үйірме идеясымен таныстыру.

3. Ата-аналармен біріккен жұмыстар ұйымдастыру, сауалнамалар

жүргізу.

4. Көрнекілік материал, көркем әдебиеттерді, бейнематериал жинақтау;

5. Қойылатын ертегіні таңдау, өзгерістер енгізу.

6. Декарациялар мен костьюм үлгілерін жасақтау.



















Міндеттері:

  • театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

  • сөздік қорларын байыту;

  • ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

  • кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

  • қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

  • қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)

  • ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  • балалар тілі дамиды;

  • сөздік қорлары толығады;

  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

  • театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.

Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер  дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.

ІІ кезең – негізгі кезеңі.

  1. Ертегі сценарийлерін әзірлеу

  2. Театыр түрлерін дайындау.

  3. . Ертегі рольдеріне балалар таңдап алу.

  4. Таңдалған ертегі мультфильмдерін көрсету, сценариймен таныстыру.

  5. Ертегіні қою.

  1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгіме оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез – құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудартады.

  2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.

  3. Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс – әрекетін байқап, бағалап отыру.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
    Заманауи тұрғыда өзгертілген ертегілерді сахналауға тоқталатын болса
    қ:

«Маша мен аю» ертегісін де кішкентай қыздың орманда достарынан адасып қалып, орманда аю үйіне келіп, аюдан құтылудың жоспарын құрып, тапқырлық танытып, ата мен әжесіне аман – есен қосылса, ал «Жеті лақ» ертегісінде ертегішінің ертегі айтуынан бастау алып, ормандағы ешкі мен лақтарының алаңсыз өмірлерін бейнелеу және де ешкінің орманға кеткен кезіндегі қасқырдың озбырлығы, оның арам ойының жүзеге аспауы, аңшының тапқыр әрекетінің арқасында ешкінің балаларына аман –есен қосылуын сахналанса, «Алтын бақ» ертегісінде қыздың анасына деген махаббатын бейнелеп, ондағы қыз ұйқыға кеткен кездегі көрген түсін сахналау арқылы табиғаттағы қураған жерді гүлдендіру, өсімдіктердің мәз болуы, би өнерімен ұштастырып сахналанады. Ал «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде жайлаудағы әжесінің немересіне айтқан ертегісін сахналау арқылы залым айдаһардың бейнесін сомдап, ондағы маса, түлкі, уәзірлердің жаман пиғылдарын әшкерейлеу, қарлығаштың адам баласына дос екендігін көрсету. «Сиқырлы қылқалам» ертегісінде Аспан ананың баласының зеріккен кезіндегі сиқырлы қылқалам арқылы жылдың төрт мезгілді бейнелеп салу кезіндегі әр жыл мезгіліндегі балалардың іс –әрекетін сахналау.

«Шегіртке мен құмырсқа» ертегісіне тоқтала кетсек,сахнада еңбекқор жәндіктер,тышқан, ара, құмырсқалардың қызу еңбегі бейнеленеді. Әр жәндік өз ұяларының маңында әр түрлі еңбек түрлерімен айналысып жатады. Құмырсқалар өз илеуіне ағаш кесінділерін, аралар үй маңына гүл отырғызу , тышқандар егін егу жұмыстарымен айналысып жатады да, сахна сыртынан ертегі желісі бастап оқылады. Сахнаның бір шетінде шегірткенің жапырақ көлеңкесінде қаннен қаперсіз жатуы, қолына гитарасын алып, ән шырқап, би билеп еңбекқор жәндіктерді сауық- сайран құруға шақыруы бейнеленеді. Әрмен қарай әр жәндіктің өз тіршілігін мақтан етіп ән салып, би билеуімен ертегі желісі жандана түседі. Ертегіде қыс мезгілінің келуі кішкене ақшақарлар биімен көрініс табады. Жерді ақ ұлпа қар жауып,боранның ызғарлы дауысы беріліп, шегірткенің мүшкіл қалі көрсетіледі. Шегіртке суыққа тоңып, тоңған денесін әрең ала жүріп, еңбекқор жәндіктерден көмек сұрайды. Ертегі соңында аязға тоңып, үйсіз-күйсіз әбден қалжыраған шегірткені ұлпа қар қыздар орталарына алып сахнадан шығып кетеді.Сахнаға кішкене қыз бен жалмауыз кемпір шығады. Кішкене қыз өз уәдесінде тұрып жалмауыз кемпірді сұлу да ақылды аруға айналдырады. Ертегінің бұлайша түрленуі бала бойында эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, олардың ой-қиялын дамытып, өнегелі тәрбие құралы бола алатыдығына көз жеткізуге болады. Сонымен бірге «Жеті лақ», «Маша мен аю», «Қарлығаш пен Дәуіт» бастапқы оқиға желісінде қалып қоймай, өңделіп кейіпкерлердің толығуымен, музыкамен үндесуімен және ән айта жүріп би билеу түрінде жаңартылады. Сондықтан балалар да көп жалықпай, қызыға ойнап сәтті шығаруға тырысады.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде немере үшін ең мейірімді де, қамқор жан ата мен әже болса, біз өз қазақ ертегімізді таңдаганымызда, осы әже мен немере арасындағы бір тәтті байланысты орнатқымыз келді. Сондықтан ертегінің түрлендіру мақсатында да бар мейірім шуағын немересіне төгетін, бар тәттісін немересіне арнайтын әженің ертегіні немереге баяндауы арқылы өрбіту. Ертегіде де ата бабаларымыздың бізге мұра ғылып тастап кеткен салт - дәстүр, ою - өрнек, киіз үйінде қамту көрсету. Ертегі желісі басталмай тұрып, бірінші көріністе, киіз үйде әже ұршығын иіріп, ал бала ертегі кітабын оқып отырады. Бұл жерде балаға біздің ата - бабаларымыздың киіз үйді баспана жасап, жаз жайлауда өмір сүргендігінен, киіз үйдің құрылысынан ( шаңырақ, уық, кереге,сықырлауық) да мағлұмат беріліп кеткен болатын. Енді осы шаңыраққа қонақтап ұя салған қарлығаштың киелігін түсіндіру арқылы әже құстарға, тірі табиғатқа деген қамқорлыққа шақырады. Бала бойына ұлттық рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Әрі қарай ертегі кітаптағы желі бойынша өрбіп отырады. Бірақ көрермендерге қызықты әрі шынайы шығу үшін біріншіден әрбір көріністердің мазмұнын ашатын музыкалық сүймелдеулер, қимыл қозғалыстар енгіземіз. Екіншіден, ертегінің декорацияларының бояуларының қанық, әдемі болуын, кейіпкерлердің костюмдерінің де балаға қонымды әрі шынайы шығуына, түр түсіне, былай қарағанда көзге көріне бермейтін әрбір уақ істерге де үлкен мән береміз. Үшіншіден, қойылымызда балалардың ойнау шеберліктеріне, әрбір образдың шынайы берілуіне жіті қадағалап, балаға түсіндіріліп, шыңдай түсеміз. Егерде осы үш нәрсе бірімен – бірі үйлесім тапса, онда ертегі қойылымыңның сәтті шыққаны деп есептей беріңіз. Ертегі басталғанда міндетті түрде балаға тәрбиелік мәні түсіндіріліп отырылады. Мысалы, Әже немересіне ертегіні баяндарда: «қарлығаш ұясын неге бұзбаймыз, ол қандай құс, оның қандай қасиеті бар, адамдар неге қарлығаш досымыз?- деп айтады, сондықтан мен саған бір мысал айтайын сонда түсінетін боласың» деп алып, ертегі желісіне түсіп, ал ертегі аяқталғанда бала қарлығаш құсының ісін өзіне үлгі ететіндігін және де қарлығаштай құс арқылы көрермен болып көріп тамашалап отырған кішкентай балалардың де жүрегіне еліне деген, адамдарға деген сүйіспеншілігін оятуға, жігер беруге ой тастаймыз. Міне, осылай әрбір ертегіні түрлендіргенде оның тәрбиелік мәніне көп көңіл бөліп, жақсы іс жасай білуге, ал жаман іс болса аулақ болыңдар деп, жаңағы жоғары да айтқанымыздай жаманнан жирену, жақсыдан үйрену қасиетіне баулимыз.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының  құпияларын айтатаын болсақ;

Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.

Театр түрлері:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Ойыншықтар театры.

Саусақ  театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.



Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.





Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Үстел үстіндегі театры. тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер - театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
















Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін  үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

  • Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.

  • Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.

  • Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\

  • Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.

Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.

Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кеіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістері дамиды.

«Бауырсақ» ертегісі

Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.

Көңіл-күйлерін терең түсініп аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

«Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.

Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту.

Кейіпкерле

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!